4. ДӘрістер тезистері


Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды, ғылыми мақалалар мен очерктерді оқыту



бет5/10
Дата03.06.2020
өлшемі211,5 Kb.
#72141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
адебиет дарис

Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды, ғылыми мақалалар мен очерктерді оқыту

Мақал – әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі. Көбінесе екі тармақтан құрылады. Бірінші тармақта ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді.

Мәтел – мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі.

Оқулықтарда жұмбақ, мақал-мәтелдердің көпшілігі мәтіндердің аяғында беріледі, сонымен қатар, бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал-мәтелдер жинағы жоқ болғандықтан, авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдардың орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Бұл материалдар бір мезгілде, бір кезеңде ғана оқылмайды. Мұғалім қандай да болмасын бір мәтінмен жұмыс жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп пайдаланады.

Мақал-мәтелдер мен жұмбақ бір жағынан балалардың өмірге көзқарасын, ой-өрісін кеңейтсе, екінші жағынан тілін дамытып, сөздік қорын байытады.

Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол. Мұндай сабақ ұйымдастыруда оларды белгілі бір тақырыпқа арнап, іріктеп топтап алады.



Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай, іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдайда жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделетіні айтылады. Мысалы, «іздесем, ізі жоқ, бауыздасам қаны жоқ» жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі.

Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өзі-өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын нәрселер іздестіріледі. Балалар бірден суда болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.

Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафоралық бейне ашылады. Жұмбақта қандай іс жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі) т.с.с. Ғылыми мақалалар мен очерктерді оқыту.

Бастауыш сынып оқушыларында ғылым салаларынан хабар беру және табиғат құбылыстары, еліміздегі бұрын болған және қазіргі қоғамдық алуан түрлі оқиғалар туралы мағлұматтарын толықтыру мақсатымен оқулықтарда ғылыми мақалалар берілген. Мұндай мақалаларды оқудың ерекшеліктері бар. Олар:

Тақырыптың не нәрсеге арналатыны анық көрініп тұрады және оның мазмұны, мақсаты болады. Мысалы, тақырыбы еңбек процесіне немесе адамдардың әлеуметтік тұрмысына т.с.с. арналса, ол мақаланың мақсаты осы туралы дәл мағлұматтар беру болып табылады.

Ғылыми мақалалардың тіл ерекшелігі де болады: арнаулы терминология, сөзді дәл қолдану, сөйлемдердің синтаксистік құрылысының қатаң тәртіпте болуы т.б. Алайда мұндай ерекшеліктерге қарап ғылыми мақалаларда балалар үшін бейнелі тіркестер мүлде кездеспейді екен деген ұғым тумасқа тиіс. Мысалы, «Аққулы көлде» (С.Сейфуллин), «Гүлдер көбелектер» (Ө.Тұрманжанов) т.с.с мақалаларда лирикалық элементтер мен бейнелі тіркестер молынан ұшырайды. Сонда да болса, ғылыми мақалаларға тән ерекше белгілер бар.

Ғылыми мақалалар мен очерктер тақырыптық жағынан ұқсас.

Очерк – бір нәрсеге қысқаша мәнерлі сипаттама беретін әдеби шығарма. Ғылыми мақалалардан ерекшелігі – очерк көркемдік сипатта жазылып, сюжетке құрылады. («Қаһарлы күндерде», «Мерген қыз», «Азаттық сақшысы» т.б.).

Мақалаларда немесе очерктерде әдетте мүлде жаңа фактілер беріледі, сондықтан оқуға кіріспес бұрын міндетті түрде дайындық жұмысы керек. Мұнда бірде біз балаларды мақалалардан жаңа ұғым алуға дайындаймыз, яғни оқуға деген қызығушылық сезімі туып, мақаланы қабылдауға балалар толық дайындалады. Екіншіде балаларды мақаланы қабылдауға ғана дайындап қоймаймыз, дайындық кезінің өзінде білім береміз. Мысалы, «Сырым батыр» мақаласын оқымас бұрын Сырым батыр деген кім екенін, ол қай кездерде өмір сүрген адам, мақала неге «Сырым батыр» деп аталғанын т.с.с. мәселелер жөнінде түсінік бермей, мақаланы оқудың пайдасы аз.

Мақала оқылу барысында екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердің мағынасы, кейбір фактілер анықталып, бөлімдердегі басты ойды аңғару мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің арасындағы байланыстарды табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мақаланың мазмұнын меңгерту үшін үшінші рет оқытуға болады.

Ғылыми мақалаларды оқытуда терминдер мен қорытындыларға ерекше көңіл ауларылады. Терминдер, түсінуге ауыр сөздер мен тіркестер қайта оқытылады. Дайындық жұмысы кезінде оларға берілген анықтамалар қайталанады, қорытындыланып, талқыланады, егер анықтамалар қысқа болса, тақтаға жазылады.




2


11-12 апта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет