Студент:Өтілген материалдар бойынша берілген жаттығуларды жүргізудің жолдарын тәжірибе жүзінде қолданады;
Дәріс мәтінінен алған рухани,мәдени, тәрбиелік құндылықтарды: адамгершілікті,діни,моральдық,тарихи,адамзаттық мәселелерді бағалайды;
Тақырыпқа сәйкес, мәселелерді, сұрақтарды теория және тәжірибе жүзінде шешуді игереді
|
Мектеп пен сыныптағы тәрбие жұмыстары және олардың нәтижелерін талдау, өзіңдік талдау, салыстырмалы талдау
|
Қорытынды бақылау
|
Емтихан межелік бақылау «Платон»бағдарламасымен тест түрінде қабылданады.
|
11. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
№
|
Автор, атауы, шыққан жылы
|
Ақпарат көзі
|
Бары (дана)
|
Негізгі әдебиет
|
1
|
Губашева С. Тәрбие жұмысының әдістемесі: оқулық /А.Отарбай.
|
Астана,2011
|
10 дана
|
2
|
Бекмагамбетова Р.К. Педагогика-2. Теория воспитания: Учеб. пособ.
|
Алматы, 2016
|
30
|
3
|
Есқалиева С. Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі: Оқулық
|
Астана, 2014
|
10
|
4
|
Дүйсенбаев А.Қ. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқулық.
|
Алматы,2014
|
10
|
5
|
Набуова Р. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу құралы.
|
Алматы, 2014
|
5
|
Қосымша әдебиет
|
1
|
Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу-әдіс. құрал.
|
Астана, 2011
|
15
|
2
|
Қозыбай А. Топ жетекшісі: Оқу құралы /Н.Жексенбиева, К.Өстеміров.
|
Астана, 2010
|
2
|
3
|
Мейір Ж. Креативтік тәрбие: оқу құралы /Б.Игенбаева.
|
Астана, 2009
|
10
|
4
|
Мейір Ж., Игенбаева Б. Креативтік тәрбие: Оқу құралы.
|
Астана, 2009
|
10
|
5
|
Бабаев С.Б. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы: оқу құралы /Ш.Б.Оразов, К.С.Бабаева.
|
Алма-Ата, 2008
|
5
|
6
|
Кукушин В.С. Теория и методика воспитания.
|
Ростов-н/Д, 2006
|
1
|
7
|
Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.
|
Алматы, 2004
|
11
|
8
|
Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі: оқу-әдіст. құрал.
|
Алматы, 2004
|
1
|
9
|
Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы: Әдіс. құрал.
|
Алматы, 2003
|
1
|
10
|
Қалиев С. Тәрбие хрестоматиясы /Ш.Майғаранова; Г.Нысанбаев.
|
Алматы, 2001
|
11
|
11
|
Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика: әдістемелік құрал.
|
Алматы, 1994
|
8
|
12. Оқу нәтижелерін бағалау жүйесі:
1. Әр қатысқан сабақ 100 балмен, қатыспаған сабақ – 0 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық шамасы студенттің сабаққа қатысуының көрсеткіші болып табылады (Қ).
2. Сабақта танытқан белсенділігіне қарай әр практикалық/зертханалық/студиялық* сабақ максималды 100 балмен бағаланады. Сонымен қатар, семестрде пән бойынша кемінде 2 (екі) бақылау жұмысы өткізіледі, олардың әрқайсысы максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық шамасы студенттің практикалық/зертханалық/студиялық* сабаққа қатысу көрсеткіші болып табылады (П/З/С*).
3. СӨЖ (үй жұмысы) орындалуы максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық шамасы студенттің өзіндік жұмысын орындау көрсеткіші болып табылады (СӨЖ).
Студентті қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберу рейтингі (Рорт) мынадай формула бойынша есептеледі:
50 балдан төмен рейтингі жинаған студент пән бойынша қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Қорытынды бақылау (емтихан) (Е) аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) кезінде жүргізіледі. Емтихан жауабы ең жоғары 100 балмен бағаланады.
Қорытынды баға мына формуламен есептеледі:
ҚБ = Рорт∙0,6 + Е 0,4
Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі
Әріптік жүйедегі баға
|
Балдың цифрлік эквиваленті
|
Пайыздық мәні
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
Бағалау критерийлері*
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
Өте жақсы деп бағаланады;Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінуді көрсете біледі.Оқытылған материал негізінде толық әрі дұрыс жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.Тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне ең жоғары талаптардан асады.
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
Өте жақсы деп бағаланады;Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы.Тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын ең жоғары талаптарына сәйкес келеді.
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
Жақсы деп бағаланады;Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен оқытылған материалды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келеді
|
В
|
3,00
|
80-84
|
Жақсы деп бағаланады;Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді,
ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелерінің көпшілігіне сәйкес келеді
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
Жақсы деп бағаланады;Жалпы студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.Тапсырма пәннің кейбір оқу нәтижелеріне сәйкес келеді
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Жақсы деп бағаланады;Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкес келеді
|
С
|
2,00
|
65-69
|
қанағаттанар-лық
|
Қанағаттанарлық деп бағаланады; Студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды, тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптардың кейбіреулеріне сәйкес келеді
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Қанағаттанарлық деп бағаланады; Студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады, бірақ бірнеше тармақтар бойынша тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкес келмейді
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
Қанағаттанарлық деп бағаланады; Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды
жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын талаптардың ең төменгі қолайлы деңгейіне сәйкестігін көрсетеді
|
D
|
1,00
|
50-54
|
Қанағаттанарлық деп бағаланады; Студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды, тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын талаптардың ең төменгі қолайлы деңгейіне сәйкестігін көрсетеді – төменгі деңгей
|
F
|
0,5
|
25-49
|
қанағаттан-ғысыз
|
Қанағаттанғысыз деп бағаланады;Студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. Сөйлеу мәнері орташа, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Тақырыпты толық меңгермеген жағдайда қойылады.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын талаптарды қанағаттандырмайды
|
FX
|
0
|
0-24
|
Қанағаттанғысыз деп бағаланады;Студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалын меңгермеген жағдайда қойылады.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырмайды
|
13. Бағдарламалық сұрақтар
Достарыңызбен бөлісу: |