Импульс моменті және оның сақталу заңы.
Қозғалмайтын О нүктесіне салыстырғанда А материалдық нүктесінің импульс моменті (қозғалыс мөлшері) деп мына векторлық көбейтіндімен анықталатын физикалық шаманы айтады:
.
Қозғалмайтын оске салыстырғанда импульс моменті деп, берілген остің кез келген О нүктесіне салыстырғанда осы оске импульс моменті векторының проекциясына тең скалярлық шаманы айтады. импульс моментінің мәні осіндегі О нүктесінің орнына байланысты емес.
Қозғалмайтын ось бойымен абсалют қатты дененің айналуы кезінде дененің әр нүктесі тұрақты радиусты шеңбер бойымен, радиусқа перпендикуляр жылдамдықпен қозғалады және бөлшектің импульс моменті және ось бойымен оң бұрғанда ережесі бойынша анықталатын жаққа бағытталады ( бұрыштық жылдамдық векторы бағытымен сәйкес келеді).
Оске салыстырғанда қатты дененің импульс моменті жеке бөлшектердің импульс моменттерінің қосындысына тең.
.
Уақыт бойынша дифференциалдайық:
.
Векторлы түрде: - бұл қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуінің тағы да бір түрі.
Тұйық жүйеде сыртқы күштердің моменті , демек тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |