4-лекция Импульстің сақталу заңы. Импульс моментінің сақталу заңы. Механикада энергияның сақталу заңдары. Механикадағы салыстырмалықтың арнаулы теориясының элементтері. Салыстырмалықтың механикалық принципі



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі132,44 Kb.
#86565
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4 лекц

Импульс моментінің сақталу заңы: тұйық жүйенің импульс моменті сақталады, яғни уақыт өтуіменайын өзгермейді.
.
Бұл табиғаттың іргелі заңы. Ол кеңістіктің изотроптылығының салдары болып табылады: санақ жүйесінің координат остері бағыттарын таңдап алуға салыстырғанда физикалық заңдардың инварианттылығы.
Кейбір осіне салыстырғанда қатты дененің бірқалыпты айналуы кезіндегі импульс моментінің сақталу заңы: .
Галилей түрлендірулері.
Классикалық механикада жарық жылдамдығынан елеулі аз жылдамдықтағы дене үшін салыстырмалықтың механикалық принципі дұрыс: (Галилейдің салыстырмалы принципі) динамика заңдары барлық инерциалды санақ жүйесінде бірдей.
Екі санақ жүйесін қарастырайық: К инерциалды санақ жүйесі (координаттары ) оны қозғалмайды деп санаймыз және К жүйесіне салыстырғанда бірқалыпты және түзу сызықты тұрақты жылдамдықпен қозғалатын К/ санақ жүйесін (координаттары ), уақыттың бастапқы мезетінде осы жүйенің координат бастары О және О/ дәл келеді.
Қайсыбір уақыт мезетінде: .
Кейбір А нүктесі үшін: .
Координат осіне проекциясы .
Осы қатынастарды Галилей координаттарын түрлендіру деп атаймыз.
Оларды уақыт бойынша дифференциалдап классикалық механикадағы жылдамдықтарды қосу ережесін аламыз.
.
Классикалық механикада сағат жүрісі санақ жүйесінің қозғалысының салыстырмалығына байланыссыз деп болжанады, сондықтан Галилей түрлендіруіне тағы бір қатынасты қосуға болады:
.
Бір-біріне салыстырғанда бірқалыпты және түзу сызықты қозғалған санақ жүйесінде үдеу бірдей:
.
Бұл Галилейдің салыстырмалылық принципінің дәлелденуі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет