4. Профилактикасы және эпидемиологиялық бақылаудың ұйымдастырылуы Асау қауіпті инфекциялар



Дата06.02.2022
өлшемі16,51 Kb.
#80550
Байланысты:
Аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиясы


Аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиясы, профилактикасы және эпидемиологиялық бақылаудың ұйымдастырылуы.




4. Профилактикасы және эпидемиологиялық бақылаудың ұйымдастырылуы
Асау қауіпті инфекциялар – жоғары дәрежелі жұқпалылығымен және өлімге әкелуімен сипатталатын карантиндік ауру. Жұқпалы аурулардың таралуынын алдын алу әртүрлі карантиндерді қою жолы арқылы ХІV ғасырдан белгілі. Барлық келген кемелердің жолаушылар мен экипаж мүшелеріне 40 күн жағаға шығуға рұқсат етілмеген. Осыдан «карантинді инфекциялар» атауы шыққан.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 4 ауруды карантиндік инфекция деп жариялады: оба, тырысқақ, шынайы оспа және сары қызба (қызбаның ұқсас түрі Эбола және Марбург). Біздің елімізде сібір жарасы мен туляремия, жиі кездеседі.
Профилактикасына тоқтала кетсек, ауруды алдын алудың ең бастысы жеке гигиенаны сақтау, ауыз суды пайдаланбас бұрын қайнату, тамақ (ет) өнімдерін жақсылап жуу және оларды дұрыстап аспаздық өңдеу болып табылады. 
Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотологиялық және эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизациялық, дезинсекциялық және дезинфекциялық, санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға сол ауруға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығындағы малдар мен адамдарға сібір жарасымен аурудың алдын алуы үшін медико-ветеринарлы комплексте шаралар жүргізілуі керек. Арнайы спецификалық алдын алу (қауіпті топтарға және эпидемиологиялық көрсеткіштері барларға-тірі вакцина қолдану), иммуниза тері астына немее тері астына немесе тері үстіне қойылады, 2 рет 21 күн.
Тырысқақты алдын алу үшін бұл ауру жоғары деңгейде таралған өңірлерге барар алдында, тырысқаққа қарсы бір рет вакцинациялаудан өту керек. Тырысқақтың алдын алудың арнайы емес шаралары болып елді мекендерде, тамақтану кәсіпорындарында, халықтың мұқтаждығы үшін су алу аудандарында санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау болып табылады.
Туляремия кезінде алдын алу шаралары кеміргіштермен күресуге, су көздерін қорғауға, санитарлық – ағарту жұмыстарына негізделген. Белсенді иммунитет туғызу үшін туляремиялық тірі вакцина қолданылады.
Аса қауіпті инфекциямен науқасты анықтаған медициналық қызметкер өзіне берілген қорғаныс киімін (обаға қарсы костюм) өзінің киіп жүрген киімінің үстіне киеді (егер киімі науқас бөліндісімен ластанбаған жағдайда).
Обаға қарсы киімді киер алдында дененің барлық ашық жерлері дезинфекциялық ерітіндімен (0,5-1% хлорамин ерітіндісі) немесе 70º спиртпен өңделеді. Көздің, ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттары аталған ауруларда қолданылатын антибиотик ерітінділерімен өңделеді: оба кезінде – стрептомицин ерітіндісі (250.000 – 500.000 мкг/мл), тырысқақ кезінде – тетрациклин (200.000 мкг/мл).
Қорғаныс киімін шешкеннен кейін қолын сабынмен жылы суда жуады. Қорғаныс киімі бір рет қолдағаннан кейін 2 % сода ерітіндісінде (30 минут) қайнату, автоклавтау (30 минут бойында 1 атм.), дезинфекциялық ерітіндіге (2 сағат бойында 3% хлорамин ерітіндісі) салу арқылы зарарсыздандырылады.
Эпидемиологиялық бақылауға: аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда ең алдымен карантин жариялайды.
Науқас уақытша тұрғылықты жерінде немесе арнайы медициналық мекемелерде шектеледі. Есік –терезелер жабылады, желдеткіштер немесе кондиционерлер сөндіріледі. Желдеткіш тесіктері лейкопластырмен жабыстырылады (тырысқақтан басқа жағдайда). Науқасқа канализацияны қолдануға рұқсат берілмейді. Науқастың бөлінділері арнайы ыдысқа жиналып, кейіннен зарарсыздандырылып, канализацияға төгіледі. Науқастан контактқа түскен адамдар сұрастырылып, тізімі құрастырылады.
Тырысқақпен ауырғандарды ертерек жөне белсенді анықтау, оқшаулау және емханаға жаткызу, вибрионның бар жоғын анықтау және оны оқшаулау. Санитарлық- карантиндік шараларды ұйымдастыру. Ошақтағы дезинфекция мен дезинсекция, тамақтануға, сумен жабдықтауға медициналық бақылауды күшейту. Арнайы сақтандыру үшін тырысқақ вакцинасы колданылады.


Тест тапсырмалары:
1. А
2. С
3. А
4. В
5. С
6. А
7. Д
8. А
9. А
10. В

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет