Ферменттердің басқа катализаторлардан айырмашылығы неде?
Ферменттердің кәдімгі катализаторлардан басты айырмашылығы:
1) катализдейтін нысанаға және қатысатын реакциясына байланысты талғампаздығы.
2) толық стереохимиялық талғампаздығы.
3) кәдімгі катализаторларға қарағанда ферменттік реакция өте үлкен жылдамдықпен жүреді.
4) температуралық оптимумының онша жоғары еместігі (кәдімгі жағдайда көптеген ферменттердің субстратқа әсері 50-100°С температурада тежеледі).
5) 50-100°С температурада катализдік белсенділігінің тоқтауы, құрылымының өзгеруі, яғни денатурациялануы.
6) әрбір фермент үшін белгілі бір рН мәнінің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |