4-сынып «Қазақ тілі Т2» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің ісәрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.
4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/ буклет/ коллаж/ жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру
Ұзақтығы-40 мин
Жалпы бал саны -20
Оқылым
- Сәлем, достар! Менің атым – Аружан. Мен Қазақстаннан келдім. Менің елім - үлкен, тәуелсіз мемлекет. Біздің елімізде ормандар, көлдер, биік таулар мен кең далалар бар. Қазақ халқы – бейбітшілікті сүйеді. Біздің туымызда күн мен қыран бейнеленген. Олар – бейбітшіліктің белгісі. - Сәлем! Менің атым – Энди. Мен Американың Огайо штатынан келдім. Огайо «үлкен өзен» дегенді білдіреді. Өйткені біздің жерімізде үлкен өзен бар. Бізде қазір ауа райы өте ыстық болып тұр. - Менің атым – Акира. Мен Жапония елінен келдім. Біздің салт-дәстүрлеріміз көп. Аружан, мен өткен жылы Қазақстанда болдым. Қазақстан халқы маған өте ұнады. - Иә, Акира. Біздің халық өте мейірімді әрі қонақжай. Қонақтарды қуана қарсы алады. Достар, сендермен танысқаныма өте қуаныштымын! - Біз де қуаныштымыз!
1. Мәтін бойынша сөйлемдерді сәйкестендір
1. Аружан А) өз елінің атауын түсіндірді
2. Энди В) өз елінің салт-дәстүрлері туралы айтты
3. Акира С) өз елінің табиғаты, халқы, рәмізі туралы айтты
3балл
2.Жазылым.Тірек сөздерді пайдаланып,сөйлем құрастыр.
Тірек сөздер: тәуелсіз, ұлт, мемлекет, шаңырақ, кең дала, биік таулар, рәміздер,өмір сүреді,бір,тату-тәтті,бар,астында
_____________________________________________________
______________________________________________________
________________________________________________________
5 балл
3.Көп нүктенің орнына қосымшаны дұрыс жаз.(қалау рай)
Анама гүл сыйла... келеді.
Оның доп ойна... келеді.
Сендердің ән айт..... келеді.
Сіздердің басқа қалаға бар..... келеді. 2 балл
4.Жіктік есімдіктерді дұрыс орналастыр.
....... үлкенді сыйлаймын ...... үлкенді сыйлаймыз
....... үлкенді сыйлайсың .......үлкенді сыйлаңдар
........үлкенді сыйлайсыз .......үлкенді сыйлаңыздар
....... үлкенді сыйлайды ........үлкенді сыйлайды
Сен,біз,ол,мен,сендер,олар,сіз,сіздер. 5 балл
5.Суретке қарап, сұраққа жауап жаз. Өз мысалыңды кестеге жаз.
5 балл
Тапсырма №
|
Бағалау критерилері
|
Дискриптор
|
Балл саны
|
1
|
Мәтінді түсініп оқиды
|
Мәтін бойынша
1- сөйлемді сәкестендіреді
2- сөйлемді сәкестендіреді
3-сөйлемді сәйкестендіреді
|
1
1
1
|
2
|
Тірек сөздерді,суреттерді пайдаланып, сөйлем қарастырады
|
1-сөйлем
2-сөйлем
3-сөйлем
Орфографиялық заңдылықты сақтайды.
Сөздердің орналасу заңдылығын сақтайды
|
1
1
1
1
1
|
3
|
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны дұрыс қояды
|
Үндестік заңын жақсы біледі
|
2
|
4
|
Жіктік есімдіктерді дұрыс орналастырады
|
Жіктік есімдікті жақсы біледі
|
5
|
5
|
Сурет бойынша сөз тіркестерін жаза алады
|
Сөз тіркестерін құрастырады,жақсы мен жаманды ажыратады.
|
5
|
Достарыңызбен бөлісу: |