4 сыныпқа арналған ертеңгілік сценарийі Бастауышпен қоштасу мерекесі Мақсаты: 1


(4 - сынып оқушы қыздары арасындағы мерекелік байқау)



бет5/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#26696
1   2   3   4   5   6   7

(4 - сынып оқушы қыздары арасындағы мерекелік байқау)

«Көктем аруы»

Мақсаты: а) Қазақ қыздарымызды инабаттылыққа тәрбиелеу

Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді бойына сіңіру.

ә) Ұлттық салтанатты киіммен және кешкі сән көйлегімен сымбат бейнесін көрсету, өзін таныстыру, сұрақтарға жауап беру мен мақал - мәтелдер арқылы, олардың ой - өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап, қана қоймай, соған үйрету және тәрбиелеу.

Безендірілуі:- Байқау өтетін орын талапқа сай безендірілді. Сахнаның төр жағына байқаудың тақырыбын анық, әсем етіп жазып қою керек. Қабырғаға : «Гүл өссе - жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі», «Қызы бардың - назы бар» т.б.с.с.

(Сахна төріне 2 жүргізуші шығады)

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар. Бүгінгі «Көктем аруы» атты мерекелік байқауымызға қош келдіңіздер

Міне, аналар мейрамы, күлімдеп көктем де келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әнші де, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім...Сондықтан да барлық аналарды мейрамдарымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілеймін.

2-жүргізуші:Бақытты ғой шынында

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке,

Аман болсын аналар!

Армысыздар, осы залға жиналған қауым

Желпиік, ал ендеше жыр самалын.

Қуанайық ағайын, көктем келді жеріме,

Қошеметпен көрейік, ару шықсын төріне.



1-жүргізуші. Нұр жаусын дарындының талабына,

Күш бітсін күн қайтарар жанарына.



2-жүргізуші. Сәт-сапар ал ендеше біз тілейік,

Айдай сұлу арулардың қадамына. (екеуі қосылып)



  1. жүргізуші.Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

«Көктем аруын» бүгін таңдап алуға.

Осы аруларымыздың өнерлерін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.



2-жүргізуші.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:---------------



1-жүргізуші.

Мектебіміздің кітапханасышы: ----------------------------



2-жүргізуші.

Сыныбымыздың ата-аналар комитетінен:----------------------------

Ару қыздарымыздың өнерін ең жоғарғы баға-5 ұпай,ең төменгі-3 ұпаймен бағалайсыздар.


  1. жүргізуші:Ал,халайық аруға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенде ән салайық.

Сайысқа ару қыздар келе жатыр,

Қол соғып біз оларды қарсы алайық.

2 –жүргізуші.

1-нөмірлі аруымыз: Аубакирова Ләйла



1-жүргізуші.

2-нөмірлі аруымыз: Елеукина Айнұр



2-жүргізуші.

3-нөмірлі аруымыз:Есмаганбетова Алуа



1-жүргізуші.

4-нөмірлі аруымыз: Нургалиева Алтынай



2-жүргізуші.

5-нөмірлі аруымыз: Сураганова Жанель



1-жүргізуші.

6-нөмірлі аруымыз: Талгатова Айғаным



2-жүргізуші.

7- нөмірлі аруымыз: Туткушева Айгерім


1-жүргізуші.Шыққан соң бұл сайыста талаптанып,

Шын арулар шығады сарапталып.

Тұрғанда өзін өзі таныстрып,

Қолдап тұрса кетпей ме,қанаттанып.



2-жүргізуші.

«Сәлем - сөздің анасы, алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» дегендей, байқауымыздың алғашқы кезеңі «Таныстыру» Арулардың өздерін таныстыруын сұраймыз.


1-жүргізуші:Нұр жаусын таудай болса талаптарың,

Білсем деп талай кітап парақтадың.

Сынайтын қиын сұрақ қойылса да,

Дәл және айқын болсын жауаптарың.



2-жүргізуші.

-Асу, асудан, құстар сайрап өткендей, білім қуған арулар арманына жеткендей, келесі байқауымыз «Білім сайысы». Әділ қазылар алқасының алдындағы конвертті алып, онда жазылған сұрақтарға жауап береміз, жауапқа 5 минут беріледі.

Тапсырмалар: 1.Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айту

2.Салт-дәстүрге байланысты сұраққа жауап беру

3.Өлең оқып беру
1-жүргізуші:Сырмақ ойып,текемет,киіз басқан,

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

«Шеше көрген тон пішер» деген рас,

Қыздарым шебер қолға араласқан.



2-жүргізуші.

Байқауымыздың келесі сайысы «Шебер қолдар» деп аталады.

«Қол өнері-кілемде,сөз өнері өлеңде» дегендей,кілемдерде,ұлттық киімдерде көп кездесетін,қазақ ұлтының ерекшеліктерін айшықтайтын белгіміз –ою-өрнек.Олай болса,келесі бөлімнің шарты:қыздарымыз ою-өрнек қиып,ақ параққа жапсырады.Қыздарымыздың ептілігін,талғамын байқап көрейік.

1-жүргізуші:

Ортаға аруларымызды шақырамыз.Уақыт 5 минут. (Арулар берілген уақыт аралығында ою оюлары керек).

Қыздарымыз өз жұмыстарын аяқтағанша «Ана жүрегі» атты бейне баянды тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:Қандай жақсы жақсылықта көріскен,

Ару қыздар алдымызда келіскен.

Қанша өнер білсең де,көптік етпейді,

Дейтін елміз өнерліге өріс кең.

Білімнен нәр,сөзден маржан теремін,

Сұлу қыздар көрсетсін бар өнерін.



1-жүргізуші.

Байқауымыздың келесі сайысы «Өнер сайысы». Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады. Байқауымыздың 4- кезеңі өнер сайысы бойынша аруларымыздың өнерін тамашалайық.



2-жүргізуші: Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктетер аласаны.

Байқауымыздың бесінші шарты «Сымбат,көрік» деп аталады.Аруларымыздың сәндік киімді көрсете білу өнерін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші. Қыз деген - өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы

Қыз деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы

Қыз деген теңдесі жоқ тіршілік

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады!

Бүгінгі мерекелік «Көктем аруы» атты байқауымыздың кезеңдері аяқталды


  1. жүргізуші:Ақын боп әділікті жақтап өтем,

Ананың ақ үмітін ақтап өсем.

Әдепті,инабатты,сұлу,көркем,

Сыныбымның аруларын мақтан етем.

Әділ қазы алқалары ұпай сандарын есептегенше сынып ұлдарының құттықтауын қабыл алыңыздар.



2-жүргізуші: Ұлтымыздың әр сөзі,

Асып жатыр кәдеге.

«Көктем аруы» мінеки,

Келіп жетті мәреге.

Аруларды құттықтап, жеңімпаздарды анықтау үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.
(Аруларды жеңісімен құттықтап, марапаттайды.).

(2 сыныпқа арналған тәрбие сағаты)



«Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік!»

Мақсаты:

Оқушылардың жолда жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Жол белгілерімен таныстыру.

Көшеде жүру ережесін білдіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп,сақтыққа тәрбиелеу.

Түрі:қойылым

Көрнекілігі:бағдаршам макеті,плакаттағы сөздер,белгілер,маскалар,ертегі кейіпкерлері киімдері.

Барысы:

Мұғалім сөзі:Кішіге,үлкенге,жасыңа кәріңе,

Жан сая қиналған жандардың бәріне.

Дәрігер апайды біз жақсы білеміз.

(Балалар құрметпен қол соғады,осы кезде басы ақ шүберекпен оралған аю кіреді)



Мұғалім:Дәрігер апай,қараңыз мына сұмдықты,

Маймаққа не болған,кім оны жаралаған?



Дәрігер:Маймағым не болды,жасырмай айтшы өзің

Неліктен ісінген бас,көзің? (аюдың басын таңады)



Аю:Айтайын жасырмай шынымды,

Сақтаңыз шыбындай жанымды.

Жармасып,бал тасыр,машина қадаққа,

Домалап түстім де,тап болдым азапқа.



Дәрігер:Бір сәттік қарның тоятын күн үшін,

Жол жүру ережесін де бұзыпсың.

Аю:Дәрігер апай,енді ұрлықта жасамаспын,

Жолда жүру ережесін бұзбаспын.

(сахнаға қоян құлағын ұстап,түлкі шойнаңдай ақсап келе жатады)

Түлкі:Жүгіріп екеуіміз ойнадық қуыспақ.

Қоян:Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап.

Түлкі:Ал қоян зып беріп көшеге жөнелді.

Қоян:Аула тар болған соң қайтейін мен енді.

Түлкі:Қоянды қуам деп тапқаным,

Құйрықты әрең деп сақтадым.



Қоян:Машина астынан жүгіріп өткенде,

Құлақты бір темір зақымдап кеткені.



Дәрігер:Құлақ пен құйрыққа жағатын дәрі бар,

Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар. (дәрігер ем көрсетуге кіріседі)



Дәрігер: (басын шайқап)

-Мыналарды тез ауруханаға жеткізейік,балалар,көрдіңіздер ме,ойнағанның кесірін.

Мұғалім қарағым,жол жүру ережелерін бұзбауын естеріңе қалатындай сабақ өткізуді өзіңе тапсырдым.(хайуанаттарды ертіп шығып кетеді)

Мұғалім:Ал,қанеки,үйренейік біз де жүру тәртібін,

Ережені жақсы білер бар кімің?

Кім айтады жол белгісі неше түрден тұрады?

Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.


Бағдаршам:Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп,ешқандай сұрақтан.

Белгілі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.



Сақтандыру белгісі:Қып-қызыл үшбұрыш-

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаған,

Аман-сау жүреді жаяу да,көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған,қолдаған.



Тыйым салу белгісі: Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тиымшыл белгімін,қаталмын,салимақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар,бағдарла,көз салып жан-жақты.



Міндеттеу белгісі:Белгімен көрсетер,жылдамдық бағытын,

Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолында,

Абай бол,шартымды міндетті орында!



Нұсқау белгісі:Баратын жеріңнің бағытын,тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де,түндн де от болып жанады,

Көк түске боялған,төртбұрыш шырағым.



Мұғалім:Жолда жүру ережелеріне қатысты жұмбақтарды шешеміз.

1.Көліктің қаншасын жанынан өткізген,

Іргеден басталып,алысқа жеткізген. (жол)

2.Жоқ өзінде бас та,ауыз да,құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

3.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (полиция қызметкері)

Оқушылардың тақпақтары:

1-оқушы:Көшеде ортаға жеткенше 2-оқушы:Көшеде ортаға жеткеше,

Әуелі көзің сал сол жаққа. Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Балақай,ортадан өткен соң, Кідірме,абыржып онда аса,

Мойын бұр сол жаққа,оң жаққа. Сенгейсің өзіңе,көзіңе.

3-оқушы:Қай көшеде,қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,

Ол-ортақ үлкен-кіші,баршамызға.

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Мұғалім сөзі:Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолмен жүр,көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.Көшеде жүру тәртібін орындамау-көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді.Сондықтан жолда жүру ережесін ешқашан естен шығармаңдар.

(бастауыш сыныптарға арналған ертеңгілік)



«Жасыл шырша жанында» ертеңгілігі

Қатысушылар: Аяз ата,Ақшақар,Қар ханшайым,Сиқыршы,Мыстан кемпір,Жезтырнақ,Тазша бала,Қарақшылар.

Қар ханшайым:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген күн,

Қанаттана кең әлемге тарайды.

-Сәлеметсіңдер ме балақайлар,амансыздар ма құрметті қонақтар!

Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді.Балалар,сендер де бүгін өте әдемісіңдер!Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.



Сиқыршы: Жыл келді бөлеп бізді ағыс күнге

Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.

Жаңа жыл-жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл-ақ арманның өрленуі.

Армысыздар қадірлі қонақтар,сүйкімді балалар!Бәріміз асыға күткен жаңа жылымыз да міне келіп қалды,жаңа жылымызды думандатып қарсы алайық.

Қар ханшайым: Барлығымыз жаңа жылдық шыршамызға қонаққа келдік.Кешіміз көңілді өтсін.

Ал,балалар шыршамыздың шамдары неге жанбай тұр?



Сиқыршы: Мен білетін сияқтымын.Өйткені,балалар,біз шыршамызбен амандасқан жоқпыз.Сондықтан ол бізге ренжіген болар.

Қар ханшайымы:Ендеше,балалар,шыршаның шамдарын бәріміз бірге жағайық.

Бәрі бірге: Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!

Шырша шамдары жанады,балалар шыршаны айнала ән айтады.

«Жасыл шырша жанында» хоровод
Қар ханшайым:Балалар,әдемі шыршамыз бар,енді бізге кім жетіспейді?

Балалар:Аяз ата,Ақшақар

Қар ханшайымы:Ендеше,шақырайық Аяз ата мен Ақшақарды

Бәрі бірге шақырады.Сол кезде ортаға Мыстан кемпір мен Жезтырнақ келеді,екеуі де Аяз ата мен Ақшақардың костюмдерін киіп алған.



Жезтырнақ:Сәлеметпе балалар.Шақырдыңдар,міне келіп қалдық.Жаңа жылдарың құтты болсын.Өздерің немене киіп алғансыңдар?Біреуі көбелек,біреуі клоуын,.....

Мыстан кемпір:Сәлем бердім,сәлем бердім балақайлар!

Аппақ,аппақ,қар аппақ,

Қар жамылған кім аппақ?

Кырау,қырау сен аппақ,

Бәрі аппақ,бәрі аппақ.

-Осылай ма,еді өзі,әй,шал?


Жезтырнақ:Өй,осы тақпақты бір ай жаттап едің ғой.

-Тамаша,қандай керемет!



Сиқыршы:Ал,біздің балалар тақпақ,өлең,би-бәрін де біледі!

Мыстан кемпір:Е,немене,бізді билей алмайды дегің келіп тұрма,билегенде қалай?

Бидің неше түрін білеміз,қане,диджей музыку!

Мыстан кемпір мен жезтырнақ би билейді.

( Өзбек биі)

Тазша бала:(жүгіріп келеді)Тезірек,тезірек,бәрің бері қараңдар.Мен сендерге хабар әкелдім.

Қар ханшайымы:Қандай хабар?Не болды?

Тазша бала:Аяз ата мен Ақшақар сіздерден кешірім сұрап,күте тұрсын қазір тез арада жетеміз деді.

Барлығы Мыстан кемпір мен Жезтырнаққа қарайды.



Жезтырнақ:Мен,мен шын Аяз атамын.Қараңдар,міне сыйлыққа толы дорбам да бар.Сиқырлы таяғым да бар.Енді не керек?

Мыстан кемпір:Ал,мен ең,ең әдемі Ақшақармын.Қараңдаршы,көйлегім қандай әдемі!Мұндай көйлек ешкімде де жоқ.

Қар ханшайым:Балалар,сендер сенесіңдер ме оларға?

Балалар:Жоқ,жоқ сенбейміз.

Сиқыршы:Балалар,мен де бұларға сенбеймін.Мен манадан бері осылардан күдіктеніп тұрғанмын.Ал,сендер,балалар,күдіктенген жоқсыңдар ма?

Балалар:Иә,күдіктендік,иә.

Жезтырнақ пен Мыстан кемпір төбелесе кетеді.



Жезтырнақ:Сен,бәріне кінәлі,сен.Ақшақар сияқты сүйкімді де бола білмедің.Түріңді қарашы,бетің де жумапсың.

Мыстан кемпір:Өзіңе қара,Аяз атамын,Аяз атамын деп,барлық балаларды шошыттың.Дорбам бар деп қояды,дорбаңда сонда не бар екен,ә?

Қар ханшайым:Достар,бүгін мереке ғой.Жаңа жылда кешірімді болайық.Мыстан кемпір мен Жезтырнақты кешіріп,мерекемізге қонақ қылайық.Келісесіңдер ме?

Балалар:Иә,кешіреміз.

Сиқыршы:Балалар,барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық ендеше.

Барлығы қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.



Аяз ата:Амансыңдар ма балғындар,армысыздар халайық.Жаңа жылдарың құтты болсын,денсаулықтарың мықты болсын.Аспандарың ашық,жұлдыздарың жарық болсын.Еліміз көркейе берсін,жаңа жыл молшылық әкелсін.

Ақшақар: Қардан шыққан Ақшақармын,

Сұлу айдай қиылып.

Жаңа жылмен құттықтап,

Сәлем берем иіліп.

Есенсіз бе балалар,

Амансыз ба қонақтар.

Бүгін міне ортаға,

Келіп қалды жаңа жыл,

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп,кеңейсін.

Ортақ ойы,арманы,

Жақсы достар көбейсін.


Қар ханшайым:Армысыз,Аяз ата,Ақсақалым!

Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым!

Асыға тағатсыздық сезімменен

Тосуда өзіңізді барша қауым.



Сиқыршы:Ал,кәнекей,балалар,

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық.

Жаңа жылда сайланып,шыршамызды айналып,

Би билейік ән салып,баршамыз да жыр салып.

Ән.хоровод: «Аяз ата»

Ақшақардың ойыны:Балалар мен бүлдіршіндер,

Қуанышқа тоймайық.

Мерекелік кешімізде,

Асыр салып ойнайық.(ойын ойналады)

Ойын ойналып болған кезде ортаға қарақшылар келеді.

Қарақшылар:Иә,иә құтырыңдар,билеңдер,ойнаңдар.Сендер мәз мейрам боп жүргенде біз бар сыйлықты ұрлап кетейік.

-Көріп қойса қайтеміз,Аяз ата бізді сосын қатырып тастайды ғой.

-Қорқа бермеші,қорқақ,жүр тезірек,ұрлайық,жүр.Барлық сыйлық біздікі болады,оларды сатамыз,көп ақша болады.

-Жарайды,ұрласақ,ұрлайық,кеттік.

Қарақшылар сыйлықты ұрлап жатқанын Тазша бала көріп қалады.

Тазша бала:Тоқтаңдар,тоқтаңдар,біздің сыйлығымызды қайда апарасыңдар?

Барлығы қарақшыларды ұстап алады.



Қарақшылар:-Бізге сыйлық керек.

-Біз сыйлықты сатамыз,көп ақша істейміз.

Тазша бала:Бұларың ұят болады,қанша бала сыйлық күтіп отыр ғой.

Қарақшылар:-Не істейміз,сыйлықтарды қайтарсақ па?

-Біз былай істейміз, сендерге жұмбақ жасырайық,шешуін тауып көріңдер,көрейік сендердің қандай оқушы екендеріңді!

-Жұмбақтың шешуін тапсаңдар,сыйлықты қайтарып береміз.

Олар балаларға жұмбақтар жасырып,шешуін дұрыс тапсаңдар,сыйлықты береміз дейді.

Жұмбақтар:

Қарақшылар:-Өздерің ақылды екенсіңдер ғой,ә!

-Жарайды сыйлықтарыңды қайтарайық,бірақ бізде сендермен бірге мерекеде қалайықшы?

-Сендерден кешірім сұраймыз,рұқсат етіңдерші?

Қарақшылар сыйлықтарды қайтарып береді.Кешірім сұрап,мерекеде қалдыруларын өтінеді.



Қар ханшайым:Балалар,қалай қалдырамыз ба?

Балалар:Қалдырайық,бірақ,енді жаман қылықтар жасамауға бізге уәде берсін.Бізбен бірге шыршаны айнала ән айтсын.

Қарақшылар:Уәде,уәде?Иә,иә,береміз,айтамыз.

Сиқыршы:Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылда біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.



«Шырша әні» хоровод

Сиқыршы:Аяз ата біздің балалар сізді келеді деп,өз әндерін,билерін дайындапты.

0-сынып,1-сынып өз өнерлерін көрсетеді. ( Ән «Ертегілер әлемі»)



Мыстан кемпір:Аяз ата,маған да кәмпит беріңізші?

Аяз ата:Көрсетсең өнеріңді,аласың кәмпитті.

Мыстан кемпір:Не көрсетсем екен,ә,не көрсетсем екен.Әй,Жезтырнақ мында кел,өнер көрсет дейді.Би билейік пе,әлде ән салсақ па екен?

Жезтырнақ:Әй,биледік қой мана,әлі бүкіл денем ауырып тұр.Ән айтсақ бәрі қашып кетер,одан да ойын ойнатайық.

Мыстан кемпір:Аяз ата,ойын ойнатуға бола ма,кәмпит бересіз бе?

Аяз ата:Жарайды,балалардың көңілін көтере білсеңдер,аласыңдар кәмпитті.

Мыстан кемпір мен Жезтырнақтың ойыны.(Шармен ойын)

Ойын ойналып болған соң,олар өз сыйлықтарын алады.

Мыстан кемпір:Тағы беріңізші,тағы да-деп қалталарын тосады.

Сиқыршы:Жезтырнақ ,Мыстан кемпір,біздің балаларымыздың әлі де өнерлері баршылық.Барлық сыйлықты алып қойғандарың ұят болады.Қарашы,қанша бала күтіп тұр.

Қар ханшайым:Дұрыс айтасың,сиқыршы біздің балаларымыздың бәрі өнерлі.

2-сынып,3-сынып оқушыларының өнерлерін тамашалау («Қара жорға» биі)



Қарақшылар:Атай,бізге де бірдеңе бере салыңызшы,ә.Қызығып кеттік.Біздің де сыйлық алғымыз келеді.

Ақшақар:Көрсетіңдер өнерлеріңді,көрдіңдер ғой,балалар қалай жақсы дайындалған.

Қарақшылар:Біз тек төбелесу,ұрлап кетуді ғана білетін едік,енді қайттік?

4-сынып оқушылары:Аяз ата,біз өнерімізді көрсетейік,ал сыйлықты бөліп алармыз.Қазақта сөз бар ғой «Өле жегенше,бөле же» деген.

Сиқыршы:Жарайсыңдар,балалар.Бұл оқушыларымыз биылғы оқу жылын аяқтап,орта буынға аяқ басатын оқушыларымыз.Яғни,бастауыш мектеппен қоштасатын балалар.Құрметті балалар,биылғы жылды жақсы деген бағаларға бітіріп,өз арман тілектерің орындалсын.

4-сынып оқушыларының өнерін тамашалау. (қазақ биі)

Ал енді қонақтарымыздың арасында өз өнерлерін көрсетіп,сыйлық алғысы келетіндер бар ма? (ортаға қонаққа келген балалар мен ата аналар шығады )



Аяз ата:Мереке тамаша өтті,көп рахмет сендерге балалар.Өнерлерің үстем болсын.

Сендерге арнап әкелген сыйлықтарымды таратайын.



Ақшақар:Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық!



Аяз ата: Қадамдарыңа нұр бітсін,

Заманыңа гүл бітсін.

Дұшпандарың болмасын,

Аруақтар қолдасын.

Жаңа жылда бақ қонсын,

Жолдастарың көп болсын!

Барлығы Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салады (қолдарын бұлғап )

Қар ханшайым:Құрметті балалар,қадірлі қонақтар!Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Отбастарыңызға амандық,молшылық,береке тілейміз!

Жаңа жыл келді міне,жерімізге,

Әкелсін құт-береке елімізге.

Жақсылықпен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге!

Сиқыршы:Қош келіпсің Жаңа жылым,сырлы сағым,

Көп болсын көлеңкесіз нұрлы шағың.

Жайсын саған қызығып күн құшағын,

Тоссын саған ғажайып түн құшағын!

Бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғандарыңызға көп рақмет айтамыз.

Жаңа жылда жаңа табыстарға жете беріңіздер!





(Ашық тәрбие сағаты )

Бастауыш сыныптарға арналған



Тәрбие сағаты: « Ешкім де ұмытылмайды,

Ешнәрсе де ұмыт қалмайды»

Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің

мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу

дағдыларын дамыту.

3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі

таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін

үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл-

дыққа баулу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет