Сыныбы: 6 9 Мақсаты: Білімділік



Дата20.06.2018
өлшемі118,69 Kb.
#43864
Күні:

Тақырыбы: «Ханшаайым – 2017 »

Сыныбы: 6 - 9

Мақсаты:

Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.


Тәрбиелік:


Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызының қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әр қыз баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, тапқырлығын қалыптастыру, дамыту.

.
І. Ұйымдастыру бөлімі:



1 жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, – деп « Ханшайым-2017 » атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


2 жүргізуші:

Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.




ІІ. Негізгі бөлімі:

1 жүргізуші: Бүгінгі бойжеткен- ертеңгі ана. Дана халқымыз қыздарын қадір тұтып, аялаған, қорғап мәпелеген. Дархан даланың барлық сұлулығын аруға теңеп, нәзіктігін жырға қосып, ақыл- парасатын үлгі етіп даралаған ата-бабамыз қыз тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған.

2 жүргізуші: Ал ендеше шалқытып ән салайық

Өнерпаз аруларға тамсанайық.

Дәстүрін халқымыздың қастерлеген

Аруларды құрметпен қарсы алайық!

(Аруларды ортаға шақырамыз)

2 жүргізуші:

1

2

3

4

5

6

7

8

Бойға өнер жиған қыз

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші

Аруы деп мектептің жүрейікші

Әділқазы алқасына әділдікті

Ал аруларға сәттілік тілейікші,- деп арулардың өнер- білімін

әділ бағалап , төрелігін айтатын қазылар алқасымен таныстырыйық.


  1. Бақытбек Мекебай

  2. Атошева Жазира

  3. Тұзақбаева Гульжайна





1 жүргізуші: Құрметті көрермендер, енді бүгінгі байқаудың бағдарламасымен

таныс болыңыздар!

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

1) «Сәлем- сөздің анасы» (таныстыру)

2) «Өн бойынан өнер тамған» ( өз өнерлерін көрсету Абайдың қара сөздері немес әндерін және Шәмші Қалдаяқовтың әндерін нақышына келтіріп орындау, белгілі бір аспаппен орындауға болады)

3) «Білгенге маржан» (салт дәстүр және тұрмыстық өмірге байланысты сұрақ-жауап)

4) «Шебердің қолы ортақ» (шеберлік пен икемділік сайысы)

5) «Өнер алды қызыл тіл» (мақал-мәтелдер, жұмбақ сайысы)

6) «Бұрымды қыз» (шаш үлгісін әзірлеу)
2 жүргізуші:

1) «Сәлем- сөздің анасы» (таныстыру)

Қол соғып, аруларды демейік

Жанкүйерлер жанымызбен енейік

Айдай сұлу арулардың өнерін

Сәлемдесу рәсімінен көрейік.

(Қыздар өздерін бірі өлеңмен, бірі сұлу сөзбен таныстырып шығады)




Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді
1 жүргізуші: 2) «Өн бойынан өнер тамған» ( өз өнерлерін көрсету Абайдың қара сөздері немес әндерін және Шәмші Қалдаяқовтың әндерін нақышына келтіріп орыдау

3) «Білгенге маржан» (салт дәстүр және тұрмыстық өмірге байланысты сұрақ-жауап)

1 2 -ару:

1. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам. (Құрт)

2. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

3. Ұлттық бас киімді ата. сәукеле, тақия, бөрік т.б.

4. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?( Сыйлы қонаққа)

5. «Абысын тату болса, ас көп» деген сөз бар.Сондағы абысын кім?(Ағайынды адамдардың әйелдері)

6. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше. (түскиіз)

3-4 ару: 1. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)

2) Қандай ұлттық қолөнер түрлерін білесің? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

3) Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік.)

4) «Екі аяқтыда бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім? (Бірге туған апалы- сіңілі кісілердің балалары)

5) Қонақтың түрлерін ата? (Арнайы,құдайы, қыдырма, қылғыма қонақ.)

6) Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)


5 – 6 ару: 1) Қамырдың негізгі шикізаты. (Ұн)

2) Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі. (Камзол)

3) Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)

4) Киіз үй бөлшектерін ата?( Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық)

5) 5 мата түрін ата. (шыт, жібек, мақпал, левинсон, атлас)

6) Бисердің қазақша атауы (сумоншақ)
7- 8 ару: 1) Төс кіімге тартылады? (Күйеу балаға.)

2) Шашқа тағатын ұлттық әшекей (шашбау)

3) Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)

4)Қолдан тоқылған суретті – кілем (гобелен)

5) Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

6) Аптаның жеті күнің екі түрлі ата? ( Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,жексенбі.Бүгін ,ертең,бүрсігүні,арғы күні,, қасиетті күн, соңғы күн, азына. )




1 жүргізуші: 4) «Шебердің қолы ортақ» (шеберлік пен икемділік сайысы)

Қолынан шыққан яғни дайындалған тағамдар сайысы және оның жасалу барысымен дайындалуын атап өту
2 жүргізуші: 5) «Өнер алды қызыл тіл» (мақал-мәтелдер, жұмбақ сайысы)

Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,


Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік. Жұмбақтың жауабына байланысты мақал- мәтелдер айту.

1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,


Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Өнердің түп негізі жалғыз өзі. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.

2. Құрғақ жерде сақтайсың


Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.

3. Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Асыл қайшы пішуге сән, Күміс қасық – ішуге сән.

4. Арық ат қарны қабысқан


Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.

5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қоныс көркі,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.
6. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,

Ірімшік май құртыңда.




7. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар.
(Сүт) Жылқыда өт жоқ, Құста сүт жоқ.

(ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.

8. Қимылдаса қос шебер,


Қыруар-қыруар іс өнер. . (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.

1 жүргізуші: 6) «Бұрымды қыз» (шаш үлгісін әзірлеу)

Айқабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,


Білектей арқасында өрген бұрым.

Келесі 6 кезеңіміз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дегендей, енді қыздарымыздың қол икемділігінің тамашалап, бағалайық.



(Аруларымыз 3минут ішінде шашты сәндеп немесе өреді.)

2 жүргізуші: Әділқазылар алқасы « Көктем аруы »сайысының қорытындысын шығарып, дайын болғанша, әсем ән тыңдайық?!

1 жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір ұпай санын білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Жүзден жүйрік күш ілген

Мыңнан тұлпар шықты шың

Арулардың ішінен....................

Шыққан,................мықтысың

Құттықтайық ал енді

Ару болған баланы.

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы,

Қуанышпен жанары

Шоқтай болып жанады.

2 жүргізуші: Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

1 жүргізуші: Осымен «Ханшайым - 2017 » сайысы аяқталды. Келесі кездескенше,аман сау болыңыздар!

Тәрбие ісі меңгерушісі: Бақытбек Мекебай





Ақмола облысы

Целиноград ауданы

№ 32 орта мектеп

Новоишимка ауылы

Сыныптан тыс

іс-шара

« Ханшайым – 2017 »

Ұйымдастырушы: Тургалиева А.А



Логопед - дефектолог

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет