4-тақырып экономикалық Өсу мақсаты



бет2/22
Дата07.02.2022
өлшемі118,63 Kb.
#97145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
107810857876 4 дәріс экон өсу (1)

Тақырыптың мазмұны.
Экономикалық өсу кез келген елдің экономикалық өмірінің аса маңызды мәселесі болып табылады. Алдымен, «экономикалық өсу» мен «экономшалық даму» ұғымдарын ажырата білу қажет. Экономикалық даму экономиканың өсуімен қатар экономиканың құлдырау үрдістерін де өзіне жатқызатын аса кең мағыналы ұғым
Экономикалық өсу қандай да бір елдің ұлттық экономикасында белгілі бір уақыт аралығында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер көлемінің өсуін сипаттайтын сол елдің экономикалық әлеуетінің ұлғаюын көрсетеді.
Экономикалық өсу - ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі; өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Саймон Кузнец дамыған елдердің экономикалық өсуінің бірқатар көрсеткіштерін атап өтеді:
- жан басына шаққандағы табьістың өсуінің аса жоғары қар-қыны;
- өндіріс факторлары өнімділігінің аса жоғары қарқынмен шапшаң өсуі;
- экономиканы жаңа бағыттарға қайта құрудың аса жоғары қарқыны;
- әлеуметтік, саяси және идеологиялық түрлендірудің аса жоғары қарқыны;
- экономикалық өсудің халықаралық масштабтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет