4-тақырып. Кәсіпорынның еңбек ресурстары Бақылау сұрақтары


ҚР-дағы жұмыссыздықтың деңгейі, бұл саладағы мемлекет саясаты



бет10/13
Дата16.02.2022
өлшемі28,46 Kb.
#131980
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Адильбай Сункар 18-24
Disser, Лимская декларация, мәдениеттану қазақша
10. ҚР-дағы жұмыссыздықтың деңгейі, бұл саладағы мемлекет саясаты

2021 жылғы тамыз айында жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне 4,9%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы тамыз айының соңында 222,6 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4%-ды құрады", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.


Жұмыссыздық зардабын бəсеңдететін факторлардың қатарына ғылыми-техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласындағы еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жатады. Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың əр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен жəне халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.
Мемлекет азаматтардың жұмыспен нəтижелі əрі еркін таңдау арқылы қалыптасуына жəрдемдесу саясатының жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осыған орай, мемлекет жұмыссыздықтағы əлеуметтік қорғаудың мынадай түрлерін атап көрсетеді:

— жұмысқа орналасуға жəрдемдесу;


— жұмыссыздар үшін кəсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау жəне қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
— қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздар еңбегіне ақы төлеу;
— табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға атаулы əлеуметтік көмек көрсету;
— жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі жөніндегі шаралар жүргізу;
— халықты əлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
— қосымша жұмыс орындарын құратын шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау мен дамыту;
— жұмыспен қамтудың өңірлік мəселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлі жөніндегі шаралар қабылдау;
— білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жəрдемдесу жəне т.б..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет