Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
15 минут
|
Тапсырма
Кестеде мысалға келтірілген дене қандай энергияға ие болатынын анықтаңыз және сәйкес бағанға « » белгісін қойыңыз.
Дене
|
Жер бетімен салыстырғанда дененің потенциалдық энергиясы
|
Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы
|
Дененің кинетикалық энергиясы
|
Сығылған серіппе
|
|
|
|
Жерде домалап бара жатқан доп
|
|
|
|
Ауада ұшып жүрген диск
|
|
|
|
Жел әсерінен иіліп тұрған ағаш бұтағы
|
|
|
|
Гүлге қонып тұрған көбелек
|
|
|
|
Аспанда ұшып жүрген тырна
|
|
|
|
[6]
Массасы 50 г тас жер бетінен 7 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың қозғалыс траекториясы суреттегідей, максимал көтерілу биіктігі 2,5 м-ге тең. Ауа кедергісі ескерілмейді және g = 9,8 Н/кг.
А) А, В нүктелеріндегі тастың энергиясын анықтап, кестені толтырыңыз.
Траектория нүктесі
|
А
|
В
|
Биіктік h, м
|
0
|
2,5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
[6]
b) Кестедегі мәліметтерді пайдаланып энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттаңыз.
[3]
Жалпы: [15]
|
«Күш моменті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.4.1 - «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру 7.2.4.5 - тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
7.2.4.6 - көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде анықтау
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
15 минут
|
Тапсырмалар
1.
Суретте көрсетілген қайшы мен қысқыштарды механизмнің қандай түріне жатқызуға болады?
Неліктен осы құрылдардың саптарының ұзындығы әртүрлі болатындығын түсіндіріңіз.
[2]
2. Суретте иіндікке орналастырылған жүктер мен жүк тарапынан әсер етуші күштердің иіндерінің мәні берілген. Әр нұсқадағы иіндіктің тепе-теңдікте болатынын немесе сағат тіліне бағыттас/қарсы айналатынын анықтаңыз және кестеге жазыңыз.
[4]
3. Жұмысшы массасы 50 кг арбаны 80 см биіктікке 125 Н күш жұмсап, итеріп шығарды. Жазықтықтың ұзындығы 4 м.
a) пайдалы жұмысты анықтаңыз.
b) толық жұмысты анықтаңыз.
c) көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтаңыз.
|
|
[4]
Жалпы: [10]
|
«Жер және Ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау |
Оқу мақсаттары
|
7.7.1.1 - геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру
7.7.1.2 - Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
7.7.1.3 - жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуын және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы.
Гелиоцентрлік жүйені анықтайды
Күн жүйесінің нысандарын жүйелейді
Жердің айналу осінің көлбеулігі мен Жердің Күнге қатысты қозғалуына байланысты байқалатын өзгерістерді түсіндіреді
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
15 минут
|
Тапсырма
Жер және Айдың орбиталары дұрыс көрсетілген гелиоцентрлік жүйені көрсетіңіз.
[1]
Күн жүйесіндегі ғаламшарлар Жер тобы ғаламшарлар және алып ғаламшарлар деп екі топқа бөлінеді. Қай ғаламшар кай топқа жататынын көрсетіңіз.
[2]
Жердің орналасуына сәйкес Қазақстандағы жыл мезгілдерін суретте көрсет.
a) қыс
b) көктем
c) жаз
d) күз
[1]
Жыл мезгілдерінің өзгерісін түсіндіріңіз
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]
Жалпы: [6]
|
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Көлбеу жазықтық күштен 3 есе ұтыс береді. Осы көлбеу жазықтық қашықтықта
A) 3 есе ұтылыс береді
B) 3 есе ұтыс береді
C) ұтыс та, ұтылыс да бермейді
D) ұтыс пен ұтылыс қозғалыс жылдамдығына тәуелді
[1]
2. Әлемнің геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерінің центрінде қандай денелер орналасқан?
Жер, Жер;
Жер, Күн;
Күн, Жер;
Күн, Күн.
[1]
3. Төмендегі диаграммада көлбеу жазықтықтағы Жердің орналасуы және Күннің орны келтірілген.
Диаграммада С нүктесінде қандай маусым көрсетілген?
жаз
күз
қыс
көктем
[1]
4. Суретте желбіршектің (бадминтонға арналған қауырсынды не жиекшелі кішкене шар) потенциалдық энергиясы максималды және минималды болатын нүктелерді белгілеңіз.
[2]
5. Қатты қағазды қайшымен кеседі. Қайшының осінен қағазға дейінгі қашықтық 2 см, ал қайшы ұшынан күш түсіру нүктесіне дейін 16 см. Қайшыны 200 Н күшпен қысса, қайшы қағазға қандай күшпен әсер етеді?
[3]
6. Жыл мезгілдерінің ауысуының екі себебін жазыңыз.
[2]
7. Массасы 0,4 кг допты вертикаль жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен лақтырады. Ауаның кедергісі ескерілмейді. g = 10 Н/кг.
Лақтыру уақытындағы доптың кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
[2]
Механикалық энергияның сақталу заңының формуласын жазыңыз.
[1]
Доптың ұшу траекторияның жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
[1]
Доптың көтерілу биіктігін анықтаңыз.
[2]
8. Тәжірибе нәтижесінде оқушы кестеде көрсетілген мәліметтерді алды.
h, см
|
l, см
|
Fауырлық, Н
|
Fтарту, Н
|
Aпайдалы, Дж
|
Aжасалған, Дж
|
ПӘК, %
|
20
|
50
|
3
|
2
|
|
|
|
Механикалық жұмыстың формуласын жазыңыз.
[1]
b) Тәжірибе нәтижесінде алыңған мәліметтерді пайдаланып денені h биіктікке көтеруге жұмсалған пайдалы жұмысты.
[1]
c) Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі жасалған жұмысты есептеңіз.
[1]
d) Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңыз.
[1]
Жалпы: [20]
Достарыңызбен бөлісу: |