Солтанбаева Дуйсенкул Тлепбергеновна Тыңдаушының портфолиосы В бөлімі
Тараз қ. «ПШО» ЖМ филиалы «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу
және сараптау» бойынша курстар
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Тыңдалым – 8 минут
Оқылым – 12 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері:
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма – тыңдалым, екінші тапсырма – оқылым, үшіншісі – жазылым және тілдік бағдар, төртінші тапсырма- айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырма-лар
түрлері
|
Тапсырмалар сипаттамасы
|
Орындау уақыты,
мин
|
Балл
|
1-3
|
5.1.6.1 Тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 147 сөзден тұратын мәтінді 2 рет тыңдайды (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді).
Білім алушылар мәтінді бірінші рет тыңдап, бірінші тапсырмада мәтін мазмұнына негізделген 3 сұраққа жауап береді.
Мәтінді екінші рет тыңдап, екінші тапсырмадағы тест сұрақтарына жауап береді.
Үшінші тапсырмада бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырады.
Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алуын бағалайды.
|
2
4
2
|
5
|
4-6
|
5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 131 сөзден тұратын шағын көлемді көркем әдеби шығарманы оқиды.
Төртінші тапсырмадағы шағын көлемді көркем әдеби шығарманы түсініп оқып, тақырыбын анықтайды.
Бесінші тапсырмада тест тапсырмаларына жауап береді.
Алтыншы тапсырмада шағын көлемді көркем әдеби шығарманың мазмұнын ашатын «Шын», «Жалған» ақпаратты табады. Мұғалім білім алушының шағын көркем әдеби мазмұнын түсініп, тақырыпты анықтай алуын бағалайды.
|
6
4
2
|
5
|
7
|
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Жетінші тапсырмада білім алушы берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, досына хат немесе хабарлама жазады. Жазба жұмысында хат, хабарлама стилін сақтауы және болымды, болымсыз етістіктерді дұрыс қолдануы мен тақырыпқа қатысты лексикалық минимумды қолдануы бағаланады.
|
20
|
10
|
8
|
5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушыларға тақырыпқа қатысты иллюстрациялық суреттер беріледі. Сегізінші тапсырмада иллюстрациялық суреттерді тірек сөздер арқылы сипаттай отырып, ауызша жауап береді.
Мұғалім білім алушының суреттерді сипаттауда тірек сөздерді дұрыс қолдануын бағалайды.
|
Тыңдалым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
|
10
|
Барлығы
|
40 минут
|
30
|
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан
бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
1-тапсырма. Мәтінді бірінші рет тыңдап, мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.
Еліміздегі әлемнің әр тарапынан келген халықтар қалай өмір сүруде?
Неліктен Қазақстан көпұлтты мемлекет болып саналады?
Шетелдік саясаткерлердің «Қазақстаннан үйрену керек» деген сөзін қалай түсінесіз?
[3]
Достығымыз әлемге әйгілі
Бауырмал қазақ халқы тағдыр тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды өзінің туған-туысқанындай көреді. Еліміздегі тұрып жатқан халықтар тату-тәтті өмір сүруде. Міне, сондықтан Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Біздің елдегі халықтардың ынтымағына, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» деген сөзді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, сүйікті кәсібімен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Ең бір ерекшелік – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Pесейде мұндай үдеріс жоқ. Өз діндерін ұстап, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда тұрады. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Аccамблеясы 1995 жылы 1 наурызда құрылды. Осындай киелі жұмысты нығайту мақсатында 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп белгіленді. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Tөрағалық ететін конституциялық ұйым болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды (147 сөз).
http://kazgazeta.kz/?p=26787
2-тапсырма. Мәтінді екінші рет тыңдап, Қазақстан Халық Ассамблеясының мақсатын табыңыз.
А) Бірлік пен татулықты сақтау
В) Барлық ұлттың дінін уағыздау
С) Ұлт мәдениеті мен білімін көтеру
Д) Сауда жасау, валютаны ауыстыру
[1]
3- тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.
Бауырмал қазақ халқы тағдыр тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ........... жатсынбай, оларды өзінің ..............-туысқанындай көреді.
Ең бір ерекшелік – кейбір ұлт өкілдерінің ..... мектепте өз ..... тілінде оқиды.
[1]
Оқылым
Ерте заманда Көкшетау жерінде аппақ, сұлу бура мекендепті. Ол өзгелерден жалғыз жүреді екен. Бура қалың оpманды кезіп, шөлдегенде Күміскөлге келіп шөлін басады екен. Күміскөл – оның тыныстайтын жері еді. Бураның ерекше қасиеті – елге қауіп-қатер, соғыс, жұт төнген кезде, боздап, елдің тынышын алуы. Бураның бұл белгісіне үйреніскен халық оны айрықша жақсы көріп, қадірлеген. Күндердің күнінде елге жау шабады. Бура әдеттегідей белгі береді. Елдің бәрі тығылып үлгеріп аман қалады. Бәріне бура себеп екенін білген зұлымдар оны өлтірмек болады. Қалың орманда жүрген бураны зұлымдар тауып алып, дәл жүрек тұсынан көздеп атады. Cадағын атып кеп жібергенде, жебе кеуде тұсынан кіріп, өркешінен бірақ шығады. Жан даусы шыға боздаған бура зұлымдарға қарай жүгіреді. Атына қамшысын басқан зұлымдар бытырай қаша жөнеледі. Бір кезде бура кері бұрылып, Күміскөлге беттейді. Оcылайша жан тапсырады. Мұнан кейін бұл жерді жұрт Бурабай деп атап кетеді (131 сөз).
4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тақырыбын анықтаңыз.
Тақырыбы _______________________ [1]
5-тапсырма. Мәтін тақырыбына сәйкес ақпаратты табыңыз.
А) Аппақ бура, Күміскөл көлі
В) Ақбөкен үйірі, Бетпақдала мекені
С) Жабайы аң, жазық дала
Д) Қызыл кітап, ұлттық қорық
Е) Сүйікті мекені,тыныстайтын жері
Ғ) Терең көл, шөлейт жер [2]
6-тапсырма. Мәтін мазмұнын ашатын «Шын», «Жалған» ақпаратты табыңыз.
Мәтіндегі ақпараттар
|
Шын
|
Жалған
|
А) Бураның ерекше қасиеті – елге қауіп-қатер, соғыс, жұт төнген кезде, боздап, елдің тынышын алуы.
|
|
|
В) Ерте заманда Көкшетау жерінде аппақ, сұлу бура мекендепті.
|
|
|
С) Күміскөлге келіп шөп жейтін.
|
|
|
Д) Зұлымдардың өлтірмек болған әректі іске аспады.
|
|
|
[2]
Жазылым
7-тапсырма. Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, досыңызға хат немесе хабарлама жазыңыз.
1. Еліміздің көрікті жерлеріне саяхат жасағаныңыз туралы досыңызға хат жазыңыз. Ойыңызды сипаттама мәтіні түрінде жазыңыз.
2. Ауданымыздағы өзіңізге үлгі тұтатын ауған соғыс ардагерін кездесуге шақырып, хабарлама жазыңыз. Хабарлама стилін сақтаңыз.
[10]
Айтылым
8-тапсырма. Берілген иллюстрациялардан еліміздің қай жері көрікті екенін анықтаңыз. Тірек сөздерді дұрыс қолданып, иллюстрацияларды ауызша сипаттаңыз.
Тірек сөздер: Бурабай, Оқжетпес,Жұмбақтас демалыс орындары, Қазақстан Швейцариясы, орманға саяхат.
https://www.google.kz/search?tbm=isch&sa=1&ei=awEIXN-DGszRsAHCn4vIAg&q
[10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым
Дағды
|
№
|
Жауап
|
Балл
|
Жалпы балл
|
Қосымша ақпарат
|
Тыңдалым
|
1
|
Еліміздегі әлемнің әр тарапынан келген халықтар тату-тәтті өмір сүруде.
|
1
|
5 балл
|
|
Қазақстанда 130-дан аса ұлт өкілдері тұрады.
|
1
|
|
Ықтимал жауап
Себебі барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, сүйікті кәсібімен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған
|
1
|
Оқушы жауабы ескеріледі
|
2
|
А
|
1
|
|
3
|
Ықтимал жауап
Бауырмал қазақ халқы тағдыр тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды өзінің туған-туысқанындай көреді.
Ең бір ерекшелік - кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды.
|
1
|
Оқушы жауабы ескеріледі
|
Оқылым
|
4
|
Бурабай
|
1
|
5 балл
|
|
5
|
А
|
1
|
|
Е
|
1
|
|
6
|
А, В
|
1
|
|
С, Д
|
1
|
|
Барлығы
|
10 балл
|
|
Жазылым
Балл
|
Мазмұны (5 балл)
|
Тіл сапасы (5 балл)
|
9-10
|
Өте жақсы
Еліміздің көрікті жерлерін сипаттап, хат және хабарлама жазуда ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданады. Ойын жүйелі, нақты жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.
|
Өте жақсы
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
7-8
|
Жақсы
Еліміздің көрікті жерлерін сипаттап, хат және хабарлама жазуда ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын қолданады. Ойын жеткізеді.
Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.
|
Жақсы
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
5-6
|
Қанағаттанарлық
Еліміздің көрікті жерлерін сипаттап, хат және хабарлама жазуда ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын қолдануға тырысады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
|
Қанағаттанарлық
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.
Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
3-4
|
Төмен
Еліміздің сүйікті жерлеріне сипаттама ретінде хат жазуда стильдік қателерге бой алдырады. Еліміздің көрікті жерлерін сипаттама ретінде хабарлама жазуда ойын жеткізу ауытқулары көптеп кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
|
Төмен
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп
болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.
|
1-2
|
Өте төмен
Тақырып бойынша ресми стильдік ерекшеліктері мен талаптарын мүлдем ескерілмеген.
Еліміздің көрікті жерлерін сипаттап, хат және хабарлама стилі сәйкес емес.
Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.
|
Өте төмен
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.
|
Айтылым
Балл
|
Негізгі ойды ашуы
(5 балл)
|
Сөз қолданысы
(5 балл)
|
9-10
|
Өте жақсы
Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.
|
Өте жақсы
Тақырып бойынша тірек сөздерді дұрыс қолданып, еліміздің көрікті жерлеріне берілген иллюстрацияларды ауызша сипаттайды. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
7-8
|
Жақсы
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауап береді, ойын орынды жеткізеді.
|
Жақсы
Тақырып бойынша тірек сөздерді дұрыс қолданып, еліміздің көрікті жерлеріне берілген иллюстрацияларды ауызша сипаттайды. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
|
5-6
|
Қанағаттанарлық
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын
ойланып береді, ойын жеткізеді.
|
Қанағаттанарлық
Тақырып бойынша тірек сөздерді қолданып, еліміздің көрікті жерлеріне берілген иллюстрацияларды ауызша сипаттауда аздаған қателер жібереді. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Орфоэпиялық нормаларды қолданады.
|
3-4
|
Төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде
қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
|
Төмен
Тақырып бойынша тірек сөздерді қолданып, иллюстрацияларды ауызша сипаттауға тырысады. Лексикалық минимумды қолдануда стильдік ерекшеліктерді сақтауда қателеседі. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.
|
1-2
|
Өте төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде
қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.
|
Өте төмен
Тақырып бойынша тірек сөздерді қолданып, иллюстрацияларды ауызша сипаттайды.Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |