№4 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Массивтерді қолданып программалау. Бір өлшемді массивтерді өңдеу.
Мақсаты. Массивтерді өңдеуді оқып-үйрену, программа құруды меңгеру.
Бақылау формасы: Құрылған программа кодтарын тексеру, қорғау, сұрақтар қою.
Өткізу мерзімі – 6 апта
Cабақ тапсырмасы:
Берілген тапсырмалар бойынша PYTHON тілінде программа құру
Әдістемелік нұсқау.
Массив дегеніміз - бір типтегі берілгендер жиыны
A= [1, 2, 13, 4]
for i in range(len(A)):
print(A[i])
Мұнда, циклде і элементінің индексі өзгереді, содан кейін i индексімен элементтер тізімі көрсетіледі:
A= [1, 2, 13, 4]
for elem in A:
print(elem, end = ' ')
Мысал. Бір өлшемді массивтің ең үлкен элементі мен оның орнын анықтау
Зертханалық жұмысқа арналған тапсырмалар
Тапсырма 1. 10 элементтен тұратын В массиві берілген. Оң элементтердің қосындысын табу
Тапсырма 2. Теріс элементтердің санын табу
Тапсырма 3. Жұп элементтердің қосындысын және тақ элементтердің көбейтіндісін
Тапсырма 4. n элементтен тұратын А массивін енгізіп, элементтерінің қосындысын табу
Тапсырмалар:
Y массивінің оң элементтерін Z массивіне рет бойынша көшіріңдер.
A(15) массивіндегі бірінші 5 элементті “0”, келесі 5 элементті “2”, ал соңғы 5 элементті “3” болатындай етіп шығарыңдар.
Жеке тапсырмалар:
А саны және массиві берілген. Тізбектің А санына тең X(i) элементі рет бойынша нешінші орында орналасқанын анықтаңдар. Егер мұндай сан болмаса, онда жауабы 0 болуы керек.
Массивте ең кем дегенде бір теріс элемент бар дей отырып X(10) массивінің ең алғашқы теріс элементін және оның реттік номерін жауапқа шығарыңдар.
A(10) сандар тізбегін екі массивке бөліңдер, олардың біріншісіне жұп нөмірлі элементтерді, ал екіншісіне тақ нөмірлі элементтерді жазыңдар.
Z(10) массивіндегі оң элементтердің қосындысын есептеңдер.
X(20) массивіндегі жұп индексті элементтердің көбейтіндісі тақ сан екендігін анықтаңдар және “иә” немесе “жоқ” жауабын баспаға шығарыңдар.
Y(10) массивінің тақ индексті оң элементтерінің арифметикалық ортасын есептеңдер. Егер ондай элемент жоқ болса, “0” белгісін жауапқа шығарыңдар.
10 элементтен тұратын тізбектегі оң элементтер санын есептеңдер.
X(10) массивінің элементтерінің қосындысы жұп болатындығын анықтаңдар және “иә” немесе “жоқ” жауабын баспаға шығарыңдар.
X(12) массивіндегі оң элементтер орнына “1”, ал теріс элементтер орнына “0”-ді жазыңдар.
X(10) массиві берілген. Массивтегі 2-ден кіші элементтерді “0”-мен алмастырыңдар, экранға олардың санын және реттік номерін шығарыңдар.
A(10) массиві берілген. Осы массивтегі тақ элементтерді екі еселеп B(10) массивіне жазыңдар және жауапқа шығарыңдар.
A(15) массивінің оң элементтерінің көбейтіндісін табыңдар.
X(10) массивінің теріс элементтерін жауапқа шығарыңдар.
A(10), B(10) массивтері берілген. Есептеу керек:
Массив элементтері былай: A(1)=A(2)=1 берілген. i=3.4…15 үшін есептеңдер.
A(10) массивін B(20) массивіне соңғы элементі бірінші, ал соңғының алдыңғысы екінші т.с.с болатындай етіп көшіріңдер.
A(10) массивінің оң элементтерін екі еселеп, ал қалғандарын үш еселеп жаз.
1.
A=[]
k=0
p=0
for i in range(6):
A.append(int(input()))
for i in range(6):
if A[i]>0:
print(A[i])
2.
A=[]
for i in range(6):
A.append(int(input()))
for i in range(2):
A[i]=0
for i in range(2,4):
A[i]=2
for i in range(4,6):
A[i]=4
for i in range(len(A)):
print(A[i])
Бақылау сұрақтары:
Массив элементтерін қалай енгіземіз?
Массив элементтерін қалай шығарамыз?
https://pythonworld.ru/tipy-dannyx-v-python/chisla-int-float-complex.html
Достарыңызбен бөлісу: |