Сатып алу – сату шартының заты (нысанасы)
Сатушы сатып алушыға беретін немесе беруге міндеттенетін мүлік немесе мүліктік құқықтар шарттың заты болады. Ол тауар деп аталады.
Тауар ҚР Заңдары бойынша сатуға рұқсат етілген кез-келген мүлік болады, соның ішінде жылжыйтын немесе жылжымайтын, тұтылатын немесе тұтылмайтын, жеке және тектік белгілерімен анықталған.
Шарт жасасқан кезде сатушының қолында бар тауарды, сатып алушының болашақта шығаратын немесе сатып алатын тауарын сатып алу-сатуға шарт жасалуы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе немесе тауардың сипатынан өзге жағдай туындамаса (407 б. 2 т.).
Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкiндiк берсе, тауар туралы талап келiсiлген деп есептеледi (елеулi талаптар) (407 б. 3 т.).
Достарыңызбен бөлісу: |