406 бап. Сатып алу-сату шарты


-бап. Сатушының сатылған тауарды сақтау жөнiндегi мiндетi



бет6/25
Дата21.12.2021
өлшемі47,3 Kb.
#104556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Сатып алу-сату шарты
дельфи зертханалық жұмыс, Сатып алу-сату шарты
412-бап. Сатушының сатылған тауарды сақтау жөнiндегi мiндетi

Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығы сатып алушыға тауарды берместен бұрын ауысқан кезде сатушы тауарды бергенге дейiн оның нашарлауына жол бермей сақтауға мiндеттi. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сатып алушы сатушыға бұған қажеттi шығындарды өтеуге мiндеттi.



413-бап. Сатушының үшiншi тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру мiндетi

1. Сатып алушы үшiншi тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келiскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшiншi тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi.  

Егер тауарға үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы сатып алушының бiлгендiгi немесе бiлуге тиiс екендiгi дәлелденбесе, сатушының бұл мiндеттердi орындамауы сатып алушыға сол тауардың сатып алу бағасын кемiтудi не шартты бұзуды және залалдарды өтеудi талап ету құқығын бередi.  

2. Тауарды сатып алушыға беру кезiнде үшiншi тұлғалардың оған қатысты талаптары болып, ол жөнiнде сатушы білген жағдайда да, егер бұл талаптар кейiннен белгiленген тәртiппен заңды деп танылса, тиiсiнше осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет