Тілара қатынастар және тарихи лексикология.
Тілдердің өзара қарым-
қатынасы, бір-бірімен байланысы тіл біліміндегі күрделі проблемалардың
қатарына жатады. Тілдегі ауыс-түйістің көбісі лексика саласында болатындықтан,
оган тарихи лексикологияның тікелей қатысы бар. Айта кету керек, жалпы тілара
контакт мәселесінің лингвистер тарапынан зерттеле бастағанына 200 жылдан
астам уақыт өтіпті. Осы уақыт ішінде бұл проблема жан-жақты тексеріліп,
оның неше алуан құбылыстары мен түрлері тиісті теориялық шешімін тапқаны
мәлім
5
. Алайда әрбір халықтың өзіндік тарихи даму жолы, басқа халықтармен
5
Серебренников Б. А.
О взаимодействии языков // ВЯ. 1955, № 1;
Розенцвейг В. Ю.
О языковых контактах // ВЯ. 1963. № 1.
Ильященко Т. П.
Языковые контакты: (На материале
славяне-молдавских отношений). М., 1970.
443
араласуында өзіне ғана тән ерекшеліктердің болуына байланысты бұл мәселенің
нақтылы тарихи-лингвистикалық деректер негізінде зерттелуі талап етіледі.
Осыған орай қазақ тілінің басқа туыс (қырғыз, өзбек, түрікмен, башқұрт,
ұйғыр т. б.), туыстас (монғол, бурят, қалмақ) және өзге системалы (орыс, қытай,
араб, иран т. б.) тілдермен көрші ретінде де, тарихи-саяси, мәдени, географиялық
жағдайларға байланысты да әр дәуірдегі қарым-қатынастары, олардың өзара
ықпалы, лексикалық ауыс-түйістері ерекше назар аударады. Осыларды зерттеу
де қазақ тілі тарихи лексикологиясының төл істерінің бірі. Бұл саладағы
ізденістерді бірнеше бағытта қарастыруға болатын сияқты.
Басқа тілдердің элементтері араласпаған бірде-бір «таза» тіл жоқ деген
қағида бар. Түркі тілдерінің ішінде өзінің тұтастығын, монолиттігін, тазалығын,
өзіне тән ұлттық ерекшелігін өз бойында көбірек сақтап келе жатқан қазақ тілінің
лексикалық байлығында да шет тіл элементтері көптеп кездеседі. Ол барлық
түркі тілдеріне ортақ базистық лексиканы, әсіресе, оның қыпшақ компонентіне
тән түбір-тұлғаларын мол сақтай отыра, ғасырлар бойы даму жолында басқа
тілдердің элементтері арқылы да толығып, үздіксіз байып отырды. Қазақ тілі
лексикасы құрамында көне де байырғы қазақ сөздерімен жымдаса, қатарласа
қолданылып жүрген кірме сөздердің саны уақыт өткен сайын әр түрлі жағдайда
араласқан тілдердің әсер-ықпалымен аса түспесе, азайған емес.
Әр заманда қабылданып, өз сөздерімізбен мидай араласып кеткен, тіпті
сөйлеушілер үшін төркіні ұмыт болып, өз сөзіне айналып кеткен кірме сөздер аз
емес. Олардың шығу тегі, келу жолы да әр түрлі. Солардың ең көнесі санскрит,
қытай тілдерінің элементтері болса керек. Олар арнайы зерттелмегендіктен біз
бұл жөнінде түркологиядағы кейбір деректерден басқа ешнәрсе айта алмаймыз.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясының бұл да бір кезектегі міндеті. Тіліміздің
өткен тарихын анықтауда бұл мәселенің ролі зор.
Түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне елеулі әсер еткен, оның лек-
сикалық қорында айтарлықтай із қалдырған тілдерге араб және иран
тілдері жатады. Басқаларға қарағанда түркі тілдеріне енген араб және
иран тілдерінің элементтері түркологияда көбірек зерттеліп келеді. Қазақ
тіліндегі араб, парсы элементтерінің саны, мысалы, Л. 3. Рүстемовтың
6
анықтауы бойынша, жалпы лексикамыздың 15 процентіне жуық екен.
Кейбір түркі халықтарының (мысалы, өзбек, түрікмен, әзербайжан, ұйғыр т.
б.) тілінде олар одан да көп. Қазақ тіліндегі араб, парсы элементтерінің әлі де
зерттеле түсуін ескерте келе, біз бұл мәселеге арнайы тоқталып жатпаймыз.
Тілара контактіге байланысты қазақ тілі тарихи лексикологиясының
ерекше көңіл бөлуге қажет объектілерінің тағы бірі – қазақ тілі мен оған
6
Рустемов Л. 3.
Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 1982.
444
көршілес түркі тілдерінің (атап айтқанда, қырғыз өзбек, башқұрт, түрікмен, татар,
ноғай, ұйғыр, алтай т. б.) арасындағы әр түрлі тарихи, географиялық, туыстық
(генеологиялық) т.б. қарым-қатынастар болса керек. Бұл тілдердің өзара әсері,
лексика саласындағы ауыс-түйістері қай дәуірде, қандай жағдайда және қай
дәрежеде болмасын, сайып келгенде, тарихи процеске жатады. Сондықтан да
біз сөз етіп отырған тарихи лексикологияның төл ісіне бұл тілдердің лексика
саласындағы туыстығы, сөз жасау модельдері мен номинация, мотивация
принциптеріндегі ұқсастықтарды, паремиология, фразеология саласындағы
дүниетаным және бейнелеу ортақтығы т. б. зерттеуді де қосқан болар едік.
Тілара тарихи контактыға байланысты зерттей түсуді қажет ететін
проблемалардан біз қазақ тілінің монғол және орыс тілдерімен болған қарым-
қатынастарына толығырақ тоқталып өтеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |