435 имплицитно: ат басындай алтын


Қазақ және орыс тілдерінің қарым-қатынасы жайында



Pdf көрінісі
бет7/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Қазақ және орыс тілдерінің қарым-қатынасы жайында
Бұл саладағы ізденістердің гылыми объективті болуы үшін мәселені 
жалпы түркі-славян тіларалық қарым-қатынастың тарихымен тығыз 
байланысты қараған жөн болады. Демек, бұл қарым-қатынастың тамыры 


447
тым алыстан басталуы керек деген сөз. Екіншіден, кез келген тіларалық қарым-
қатынас міндетті түрде екі жаққа да, яғни өзара контактыда болған тілдердің 
екеуіне де белгілі әсерін қалдырады. Үшіншіден, тарихи қарым-қатынаста 
болған жеке тілдердің өздеріне ғана тән ерекшеліктері болуы мүмкін.
Түркі тілдері мен орыс тілінің (кеңірек алғанда – славян тілдерінің) 
арасындағы қарым-қатынастарды ғалымдар бес кезеңге бөліп қарайды
10

Бірінші кезеңде (I–VIII ғғ.) орыс тілі мен бұлғар-хазар тілдері
11
, екінші кезеңде 
(IX–XII ғғ.) печенег, половец тілдері, үшінші кезеңде (XIII–XV ғғ.) Алтын Орда 
хандығының ресми тілі болып саналған қыпшақ тайпаларының тілі тығыз 
байланыста болды; ғалымдардың пікірі бойынша, осы кезеңде көптеген араб, 
парсы, монғол, тибет т. б. шығыс тілдерінің элементтері де орыс тіліне қыпшақ 
тілдері арқылы енген; төртінші кезеңде (XVI–XIX ғғ.) патшалық Россияның 
Қазан, Астрахан, Сібір, Қырым хандықтары мен Орта Азия, Қазақстан, Кавказ 
халықтарын қол астына алып, бағынышты етуіне байланысты орыс тілі осы 
халықтардың тілімен қарым-қатынасқа енеді; бесінші кезеңге Ұлы Қазан 
революциясынан кейінгі дәуір жатады.
Осы кезеңдердің ерекшеліктеріне байланысты орыс тілі түркі тілдерінің 
дамуына игілікті ықпал жасаса, керісінше, түркі тілдерінің де орыс тіліне 
тигізген әсері аз болған жоқ. Орыс тілінің сөздік қорына еніп, қалыптасқан 10 
мыңнан астам түркі сөздері – түркизмдер, міне, осының айқын айғағы болса 
керек.
Ал енді орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы қарым-қатынасқа келсек, 
ол дәуірленуі жағынан жалпы түркі-славян тіларалық қатынастарының 
кезеңдерімен бірдей емес. Қазақ пен орыс тілдерінің тарихи қарым-қатынасын 
кейбір қазақ ғалымдары
12
төрт кезеңге бөліп қарайды.
Бірінші кезең XVII ғасырдың басына дейінгі дәуірді, яғни қазақтар мен 
орыстардың әлі араласа қоймаған, экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланысы 
аз, Қазақстан жеріне олардың көшіп келмеген уақытын қамтиды; екінші кезең 
(XVII ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейін) Қазақстанның өз 
еркімен Россияға қосылуы және осыған орай қазақтар мен орыстардың арасында 
жіті қарым-қатынастың басталуымен ерекшеленеді; орыс сөздерінің қазақ тіліне 
ене бастауы да осы кезеңде байқалады; зерттеушілер осы кезеңнің ауыс-түйісіне, 
мәселен,
майор, солдат, поштабай, сот, атпекет, соқа, хутор, пристап
сияқты сөздерді жатқызады; үшінші кезең (XIX ғасырдың екінші жартысынан 
Ұлы Қазан революциясына дейін) орыс тілі элементтерінің қазақ тіліне сөйлеу 
10 
Баскаков Н. А., Абаев В. И.
и др. Развитие и обогащение русского языка за счет 
заимствований из языков народов СССР // Взаимодействие и взаимообогащение языков народов 
СССР. М., 1969, с. 52–53.
11 
Добродомов И. Г.
Некоторые соображения о булгарском вкладе в славянских языках // 
Проблемы русского языкознания. М., 1970, с. 41–53.
12 
Мусабаев Г. Г.
Современный казахский язык. Алма-Ата. 1959, ч. 1, с. 47–48.


448
тілі арқылы да, жазба түрінде де көптеп ене бастаған дәуірге сәйкес келеді; 
олардың қатарына ғалымдар:
 порым
(форма),
 аршын, интер нат, шар, самаурын, 
кереует, божы
(вожжи),
 сөлкебай 
(целковый),
 жандарал
(генерал-губернатор),
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет