452
Фонетикалық принцип.
Бұл принцип әрбір тілдің немесе бір топ туыс
тілдің фонетикалық (сингармонизм, ассимиляция, дыбыс алмасуы мен дыбыс
сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы, пайда болуы, дыбыстың қосарлануы
(геминация) мен әлсізденуі (редукция), метате за, апокопа, элизия, парагогия,
флексия, фузия т. б.) заңдылықта рына негізделеді. Сөз табиғатына тән жаңару
және ескіру, өзгеру, даму сияқты эволюциялық процестер осы заңдылықтарды
ескере отырып, диахронды және синхронды бағытта зерттегенде ғана дұрыс
айқындалуы мүмкін. Бұл заңдылықтардан тыс ешбір өзгеріс тілде болмайды,
ал бола қалса ол аномальді құбылыс болып саналады. Ескеретін бір жағдай: бұл
заңдылықтардың бәрін бірдей этимология объектісі болып отырған сөздің не сөз
тіркесінің бойынан табу қажет деген ұғым тумаса керек. Мәселен, фонетикалық
заңдылықтардың көбісі негізгі түбір мен туынды түбір аралығында
(
көгілдір <
көк + ілдір, ұгым < ұқ + ым
), біріккен, кіріккен сөздер тұлғасында
(
бүгін <
б
ұл +
күн, биыл < бұл + жыл),
шеттен қабылданған сөздерде
(
кәде < қағида < қағида,
зәр < зәһәр, самаурын < самовар
т. б.), тіларалық дыбыс сәйкестігінде (қаз.
бас
//
ұйғ.
баш;
каз.
may
// ұйғ.
тағ
// қырғ.
moo
), ротацизм (қаз.
қыз ~
чув.
хер
),
ламбдаизм (қаз.
mac ~
өзб.
тош ~
чув.
чул;
қаз.
тол ~
ұйғ.
тол//тош-
), метатеза
(қаз.
қақпан ~
ұйғ.
қапқан,
қаз.
өкпе ~
ұйғ.
өпке)
т. б. құбылыстарда байқалады.
Ал түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін, классификациялық системадағы
орнын анықтауға келгенде фонетикалық критерий субститут құбылыстарына
ерекше мән береді. Этимологияның бұл принципі бойынша сөздің басы мен
соңы, түбірдің фоно-морфологиялық варианттылығы, дыбыстық өзгерістердің
мағыналық ауытқуларға себеп болуы т. б. толып жатқан құбылыстардың бәрі
толық ескерілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: