435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет11/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Морфологиялық принцип.
Этимологиялық зерттеудің бұл принципі 
сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарды қарастырады. 
Осыған орай морфологиялық құрылымы мен тұлғасы бүгінде айқын емес сөздер 
ең алдымен өз тілімізде, ал онда болмаса, басқа туысқан түркі тілдеріндегі сөз 
жасау, сөз өзгерту модельдерімен салыстырыла зерттелуі керек. Этимологтың 
алдына қойған мақсатына байланысты морфологиялық талдау перспективті 
және ретроспективті бағытта болуы мүмкін. Кейінгісі агглютинациялық 
даму процесінде о бастағы ілкі де көне түбірге қат-қабат жалғанып, онымен 
бірігіп, кірігіп кеткен жалғау-жұрнақтарды морфемалық жіктеу тәсілімен 
(«поморфемный анализ» мағынасында) сөз жасау модельдері бойынша біртіндеп 
бөліп алып, одан ары морфемалық бөлшектерге жіктелмейтін монолитті ілкі 
түбірді айқындауға мүмкіндік береді. Әрине, ол түбір бүгінгі тілімізде жеке-дара 
қолданылатын дербес болуы
да қолданылмайтын «өлі» түбір болуы да ықтимал.
Осыған орай морфологиялық принципті ұстанудың бір ерекшелігі: ол 
кез келген байырғы түркі сөзінің түбір тұлғасын, негіздің құрамын анықтауға 
мүмкіндік береді екен. Ол үшін этимологиялық табиғатын анықтауға қажетті 


453
туынды түбірді сөз жасау моделінің жүйесіне салып, тұлғалас бір топ сөздің 
қатарында қарастыруымыз керек. Мәселен, казак тіліндегі
-на-/-не-
моделі 
арқылы жасалған 
ауна-, буна-, қайна-, тырна-
сияқты сөздерді алып, жоғарыдағы 
тәсіл бойынша түбірлік морфемалардан жалғаулық морфемаларды бөліп алып 
қарағанда, алдыңғы екеуінің түбірі
 
(
ау-, бу-
) айқын да, кейінгі екеуінің
 (*қай-, 
*тыр-)
түбірі біздер үшін ұмыт болған «өлі» түбірлер екендігін көреміз.
Осылайша морфологиялық принципке сүйене отырып, ілкі түбір, туынды 
түбір тұлғаларын анықтауды біз этимологиялық зерттеулердің сенімді де жемісті 
тәсілдерінің бірі деп есептейміз. Алайда бұл тәсілді түркі тілдерін зерттеуші 
этимолог ғалымдар толық меңгеріп, өз зерттеулерінде кең түрде пайдалана 
алмай жүр.
Морфологиялық принципке байланысты этимологиялық талдауда тағы 
бір ескеретін жайт: жалпы грамматикалық форманттар, соның ішінде сөз 
тудырушы қосымшалар әдетте кез келген түбірге жалғана бермейді және олар 
белгілі тәртіппен ғана жалғанады, сондай-ақ аффикстерді ғылымда есім түбірге 
және етістік түбірге жалғанатын аффикстер деп
екі топқа бөліп қарау дәстүрі 
де бар. Сөздердің морфологиялық тұлғасын диахронды деңгейде зерттейтін 
морфология лық этимология бұл қағиданы аксиома деп қарауға болмайтынын 
дәлелдейді. Өйткені синкретикалық түбірге жалғанатын аффикстер 
синкретикалық сипат алады, одан басқа аффикстердің ішінде екі функционалды, 
көп функционалды, индиферентті түрлері тағы бар. Сөз тұлғасындағы 
агглютинативті қат-қабаттарда әрбір дәуірдің ізі мен морфологиялық дамудың 
күрделі өзгерістерін де осы принцип негізінде анықтауға болатын сияқты. 
Осы орайда базистік лексиканың негізі болып саналатын көбінесе бір буынды 
түбірлердің «өлісі» мен «тірісін» анықтау, түбіріменен қосылып біржолата 
бірігіп, бүгінде бөліп қарауға келмейтін көне жұрнақтарды айыру (мәс. 
аңқ

*аң + қа, маңқа < *маң + қа; сақау < *са + қау, мылқау < *мыл + қау, *жалқау 
< *жал + қау
сияқты т. б. ) – осының бәрі сөз тұлғасын зерттеуге байланысты 
этимологиялық объектіге жататын тарихи процестер болып саналады. Түбір 
менен морфологиялық тұлғаның мағыналы қатыстығы да аффикстер төркінін 
жеке сөзден таратудағы жорамалдар мен морфологиялық этимология арқылы 
шешілетін мәселелер.
Қысқасы, морфологиялық принцип (критерий) түркі тілдерінің сөз жасау 
стихиясында кездесетін жүздеген, тіпті мыңдаған алуан түрлі грамматикалық 
тұлғалардың ішінен этимологиялық объект бо лып отырған сөздің табиғатын тап 
басып, дәл табуға, оның басқалармен туыстық қатыстығын, орнын анықтауға 
жәрдем беретін этимологтың қолындағы сенімді құралдың бірі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет