435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет19/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

ежеғабыл

барымта, әмеңгер-
лік, ерулік
сөздері мен 
бес аспап, бес қонақ, жеті қазына, тоғыз төлеу
тірке-
стерін алайық. Бұлар, әрине, таза этнографизмдер мен этнофразеологизмдер. 
Өйткені олар жай лексикалық мағынадан гөрі күрделі этнографиялық ұғымды, 
одан туындайтын көптеген түсініктерді білдіруге бейімді. Сондықтан да оларды 
басқа сөзбен анықтағанда, немесе екінші тілге аударғанда сөздікшелер көбіне-
се ұзақ та шұбалаңқы түсінік берумен шектеледі. Өйткені бұларды бір сөзбен 
түсіндіре де, аудара да алмайсың. Мәселен, 
ежеғабыл
сөзін «Қазақ тілінің түсін-
дірме сөздігінде (3-том, 270-6.) «Әлі тумаған нәрестелерді атастыру, құда түсу 
салты» деп түсіндіреді де, М.Әуезовтың «Әйелдері жүкті екенін біліскен соң, 
бала тумастан бұрын іштегі балаға ежеқабыл ретімен бел құда болысады» деген 
сөзін келтіреді. Бұлардың бәрі сөздің мағынасын емес, этнографиялық мәнісін 
түсіндіру болады. Орыс тіліне ежеғабыл «ежеғабыл» деп беріліп, жақша ішінде 
«обычай сватовства еще не родившихся детей» түрінде түсіндірілу мүмкін. Өй-
ткені орыс тілінде бұған сәйкес сөз және ұғым жоқ. М. Әуезов «Қозы-Көрпеш 
– Баян-сұлу» поэмасына байланысты оны орысша «обы чай «еже-қабыл» – пред-
назначение роди телями своих еще не родившихся детей для брака или кровной 
дружбы» деп көрсетеді («Мысли разных лет», 1961, 114-6.). Алайда ежеғабыл 
салтының қазақ өміріндегі толып жатқан нақтылы көріністері, оған байланы-
сты неше түрлі ырым-сырым, әдет-ғұрыптар жоғарыдағы түсіндірмелерден, 
аудармалардан толық байқалып тұрған жоқ. Бел құда болу, әдетте, құрсақтағы 
балалардың бірі ұл, бірі қыз болғанда ғана. Ал екеуі де ұл, не қыз болса, олар 
бұл салт бойынша өмірлік дос болысады, олар бір елден қыз алысуға не бір елге 
түсуге, тойларын бір кезде жасауға серттеседі т. б. Оны «Қозы-Көрпеш – Ба-
ян-сұлу» дастанынан көруге болады. Бұдан басқа да ырымдар мен кәделер аз 
емес. Дәл осы жағдайлар жоғарыдағы барымта, әмеңгерлік, ерулік сияқты этно-
графизмдерге де тән.
Ал этнофразеологизмге айналған сөз тіркесі «жеті қазына»-ға келсек, оны 
халық арасында ер адамның жеке басына, өмір-тіршілігіне қажетті жеті түр-
лі асыл зат деп түсіндіреді. Олар: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен 
(кейде: қара, тура) мылтық, қандыауыз қақпан, майланғыш ау-жылым, өткір 
кездік. Бірақ «Жеті қазына» ұғымы осымен шектелмейді. Халық: ер жігіттің 
атта – қаны, қыранда – қуаты, тазыда – берік сенімі, мылтықта – оты, қақпанда 
– серті, ау-жылымда – әдіс-айласы, кездікте – сұсы болады деп тарқатады. Бүгін-
де мақалға айналған «Ит – жеті қазынаның бірі» деген сөз осы этнографиялық 
этюдтің бір фраг менті іспеттес. Айта берсе, мұндай этюдтер қазақ тілінде өте 
көп. Тек осы жеті санына байланысты ғана: 
жеті қарақшы, жеті ата, жеті 


469
түн, жеті қабат жердің асты, жеті басты жалмауыз, жұт жеті ағайынды, 
жеті жақсы, жеті бүзірік әулие, жеті шәріп, жеті жарғы, жеті асыл тас, 
жер құлағы жетеу
т.б. тіркестер бар.
2. Тіліміздегі сөздер мен сөз тіркестерінің (оның ішінде фразеологизмдердің) 
бәрі бірдей, әрине, этнографиялық мәнде қолданылмайды. Бірақ күнделікті қа-
рым-қатынаста қолданылып жүрген көптеген қарапайым сөздеріміз бен сөз тір-
кестеріміздің қалыптасқан, дағдылы лексикалық, номинативтік мағынасының 
сыртында этнографиялық түсінікке байланысты бір, не бірнеше ұғым тұруы 
ықтимал. Мысалы, елдің бәріне түсінікті, қазақтың байырғы сөзі нар деген-
ді алайық. Бұл сөзге барлық лексикографиялық еңбектерде (ең толық дегенде) 
«жалғыз өркешті, асыл тұқымды ірі түйе» («Түсіндірме сөздік, 7-том, 320-6.) 
деген түсінік беріледі. Ал бүкіл өмірін мал бағумен өткізіп келе жатқан халқы-
мыздың нар жөніндегі түсінігі, өмір тәжірибесі осы ғана ма? Ғылыми анықта-
маларда «нар – дромадер (общее видовое название чистопородного одногорбо-
го верблюда)». Түйе атауларын көп жылдар түйешілер арасында жүріп арнайы 
зерттеген ғалым Ә. Жақыпов: «нар – одногорбый гибрид – самец первого поко-
ления полученный от самца үлек – двухгорбой верблюдицы інген, а также от 
самца бу ра – верблюдицы аруана» (Түйе атауларына байланысты кандидаттық 
диссертацияның 186-беті). Басқаша айтқанда, қазақ даласындағы 
нарлар
үлек 
пен інгеннен, сондай-ақ бура мен аруанадан бірінші рет туған еркек будан екен. 
Бұл кәсіптік этнографияның бір сыры болса, екінші сыры – қазақтардың нардың 
көп түрлерін білуі: 
бекбатша нар, қолбатша нар, жампоз нар, жөнек нар, қал-
бағай нар,қылағай нар, оқбақ нар, ләйлік нар, әле нар, ләкір нар, бір туар нар, 
үлек нар, қызыл нар, кез нар, күрт нар, жардай нар
т.б. (Ш.Жанәбілев. Қазақша 
мал атаулары, 1982, 49–64 б.). Түйе тұқымын будандастыру арқылы нар түйенің 
осыншама түрлерін дүниеге келтірген дала «академиктері» – о бастағы «таза 
тұқым» (чистопородный) деген ұғымға «түзету» енгізген сияқты. Нар туралы 
кәсіптік-этнографиялық мәліметіміз мұнымен де шектелмейді. Қазақ эпосында 
нар – жойқын күш пен ерліктің символы; о бастағы 
«Нар жолында жүк қалмас, 
«Ауырды нар көтерер»
деген нақтылы тәжірибеден алынған түсінік бара-бара 
нар түйедей үлкен де мықты жігіттің образына телінген. 
Нар, тәуекел, нар қа-
мыс, нар қобыз, нар жігіт
дегендердің бәрі халық түсінігіндегі нар бейнесінен 
туындаған этнографиялық ұғымдар.
Тіліміздегі қарапайым сөздерге байланыс ты туындаған этнографиялық 
ұғымдардың өздері кейде қат-қабат бірнеше ярустан тұруы да мүмкін. Олар 
әдетте белгілі заттың, құбылыстың тікелей атауына емес, оның табиғатына де-
ген мифологиялық діни, астрологиялық сенім-нанымға, киелі мақұлық (тотем) 
ретінде табынуға, салттық-тұрмыстық әдет-ғұрыпқа, әртүрлі ырым-сырым, 
дәстүр, кәделерге сәйкес пайда болып, қалыптасқан ұғымдар. Мәселен, жы-
лан сөзінің лексикалық мағынасынан тыс жатқан этнографиялық ұғымдарына 


470
тоқталайық. Халықтың ескі сенімі бойынша: 1. Жылан – жан алғыш Әзірейілдің 
жасағы: оның да жаналғышқа ұқсас қасиеті, Әзірейілдің түгіндей түгі бар, сон-
дықтан да ол ажалдың өзіндей сұсты, түсі суық (М.Сықақбаев. «ҚӘ», 21.07.85); 
2. Үйге кірген жыланды қазақтар, әдетте өлтірмей, басына, не ыдысқа ақ құйып 
«сыйлап» шығарып салатын болған. Бұл әдеттің ар жағында: «жылан болса да 
ол қонақ, ал қонақты құрауыз шығаруға болмайды» де ген сенім бар сияқты. 3. 
«Ордалы жыланды өлтіруге болмайды» дейтін қазақ «олар үрім-бұтағымен үй-
іңді торып, жолыңды кеседі, өзіңе, не бала-шағаңа зиян келтіреді» деп сеніп кел-
ген. 4. Жыланның тірі жан, тісті бақаның бәрін де арбайтын, адаммен де арбаса-
тын Сиқырлы күші бар-мыс. Осыған сенген қазақтар ертеректе адамды шаққан 
жыланды ұстап алып, молдаларға арбатып, уытын қайтаруға болады деп сенген. 
Жас балаларға «жыланға ұзақ қадалып қарама – арбалап қаласың», «Сыртта 
жүргенде өз есімдеріңді атамай, бүркеншік атпен сөйлесіңдер – шын аттарыңды 
білсе, жыландар арбалып жібермей қояды; бақа-шаян, құстарды жылан арбап 
тұрып, жұтып жібереді деген т.б. сенімдер өте көп.
Дәл осы сияқты этнографиялық ұғымдарды айға, күнге, жұлдыздарға, 
өсімдіктерге, төрт түлік малға, жабайы аңдарға, тұрмыстық заттарға, кәсіптік 
құрал-жабдықтарға, аңшы-саятшының аспаптарына, табиғат құбылыстары-
на, адамның дене мүшелеріне т. б. байланысты да көптеп кездестіруге бо лады. 
Бірнеше мысал келтірейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет