435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет53/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

 «ауыз әдебиеті үлгілері»
деп аталатын сала 
«тіл әлеміндегі»
ең бір 
ауқымды да информативті байлыққа жатады.
Этнолингвистикалық этюдтер. 
«Этнолингвистикалық этюдтер» деп отырғанымыз – этнос болмысын та-
нып-білу мақсаты мен «тіл әлемін» түбегейлі зерттеудің нәтижесінде әрбір негізгі 
мағыналық бірлікті және оған қатысты этнолингвистикалық арналарға деректерді 
жоғарыда айтылған сатылы қатыстық тәртібімен (
негізгі 

 туынды 

 қатысты 
атаулар
: баламалар

тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұм-
бақтар, ауыз әдебиеті үлгілері) берілетін түсініктемелер, анықтамалар, мағлұмат-
тар топшылаулар... Олар этнолингвистикалық жұмыстың түрі мен мақсатына 
(монография, сөздік мақала т.б.), әр түрлі бұлақтардан жиналған информацияның 
мазмұнына қарай қысқа да, көлемді де болуы мүмкін.
Енді жеке мақала ретінде берілген этнолингвистикалық этюдтің үлгі-жобасы 
ретінде 1-2 мысал келтіріп өтейік.
Мысалы: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде 
«Итсигек
» сөзіне: «буын тәрізді 
бұтақтары бар, биіктігі 30-100 см. жапырақсыз жартылай бұта» (ҚТТС, 4, 481) 
деген анықтама беріліп, этнограф Х.Арғынбаев еңбегінен «халық қыршаңқы 
болған жылқыны 
итсигек
, қарандыз сияқты улы өсімдіктердің қайнатындысымен 
бірнеше рет жуады» деген дерек келтірілген. Демек, лингвистикалық және 
этнографиялық деректердің «
итсигек
» туралы беретін мағлұматы осымен 
шектеледі. Алайда, 
«итсигек
» шөбінің дәрілік қасиетін, жинап алу, қолдану 
тәсілін, пайдаланатын ауру түрлерін т.б. ерекшеліктерін танып-білу үшін 
бұл деректер жеткіліксіз, әрі тым жұпыны сияқты. Шөп табиғатына қатысты 
бұлақтарды қараcтырғанымызда этнолингвист ғалым А.Сейдімбековтың 
«
итсигек
» шөбі туралы арнайы жазған этнолингвистикалық этюдін кездестірдік. 
Оны өз сөзімізбен баяндағанда былай болады: Итсигектің уын жинау, әдетте, 
ел жайлауға көшіп қонған, төлдің піскен кезінде басталады. Бұл кезде ол басқа 
шөптердей емес, көпке дейін күннің шыжыған ыстығы мен жаңбырдың суынан 
өзгермей, қан-сөлсіз қуарып, сарғыш тартып, бунақ-бунақ болып, жер бетінде 
ербиіп, қабық-жапырақсыз қу бұта қалпында тұрып алатын көрінеді. Осылай 
мамыр, маусым өтіп, шілде айы туғанда оған жан бітіп, бұтақтарында көк түйіндер 
пайда болып, олар бара-бара жапырақсыз көк бұтақшаларға айналады. Шілде 
ортадан ауғанда бұл бұтақтар қауызын ашып, түсі жуған шүберектей бес тілді 
гүл жарады. Міне, осы кезде ауыл жастары бойы аласа, гүлін көп салған 
итсигек
бұталарын таңдап жүріп, үстіне шойын қазандарды төңкеріп жауып, ернеуін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет