494
кемдігін жастайынан сезініп өскен тіл маманының ғана қолынан келетін
іс. Мұның тағы бір сыры: осыншама тіл байлығын «бір қазақтай-ақ» түсіне білу
бар да, сол түсінікті басқаларға айтып, жазып жеткізе білу тағы бар. Бұл екеуі
бір емес, ол үшін тіл маманы ғана емес, «тіл тамыршысы» да бола білу қажет
сияқты. Демек, этнолингвист-ғалымға қойылатын басты талап – жалпы тіл та-
биғатын білумен қатар оның әрбір сөзінің мағына астарында жатқан этнолинг-
вистикалық деректі тамыршыдай тап басып, тани білу және таныта білу. Ал, бұл
міндетті орындау кез келген адамның, тіпті тілдің структуралық (грамматика,
фонетика, лексика т.б.) проблемаларымен ғана шұғылданушы мамандардың да
қолынан келе бермейді десек, артық айтқандық емес. Өйткені, бұл салада лек-
сикалық байлықтың тек тіл факторы, сөздердің жиынтығы ретінде ғана емес,
этностың тілдегі болмысы, бейнесі, көрінісі, негізі ретінде қаралатындығы. Эт-
нолингвистикамен шұғылданам деуші талапкерлердің осы бір талапты білгені
абзал.
«Тіл тамыршысы»
бола білу деген сөз – тіл байлығын өз білгенімен ғана
өлшеп, шектемеу. Өйткені
«ана тілімді бір қазақтай-ақ білемін!»
дейтіндердің
де «білетіні – бір тоғыз, білмейтіні – тоқсан тоғыз». Бұл бір. Екіншіден, көпшілік
қауымның білетіні лексикалық бірліктердің бойына тән мағынаның толық ауқы-
мы емес, жарым-жартысы ғана, яғни көбінесе күнделікті өмірде өзара қарым-қа-
тынас жасауға қажетті «
үстіңгі қабаттағы
» лексикалық мағыналары ғана. Ал,
олардың екінші деңгейдегі «ауыс, туынды, келтірінді, идиомалық, фразеологи-
ялық» (т.б.) деп аталатын мағыналар тобына келсек, олар көбінесе тілдік ортада
қалыптасқан дәстүрлі «мағыналық символ» ретінде сөйлеу контекстіне қарай
қолданылғанымен түп-төркіні баршаға айқын емес. Мәселен,
көзіне шөп салу,
шөп басын сындыру, итарқасы қиянда, көзайым болу, шөпжелке, шүйке бас
си-
яқты тіркестерді ауыс, идиомалық мағыналары бізге түсінікті болғанымен олар-
дың тілде пайда болу мотивтерін бірден айтып беру оңай емес, өйткені олардың
астарында этнолингвистикалық факторлар жатыр. Міне, сондықтан да, әр алуан
лексикалық бірліктердің осы екінші деңгейдегі мағыналарын біз шартты түрде
Достарыңызбен бөлісу: