435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет51/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Мақал-мәтелдер.
Бұлар да этнолингвистикалық арнаның ең құнарлы 
бұлақтарына жатады. Егер тіліміздегі 40 мыңнан астам мақал-мәтелді, фразе-
ологизмдер сияқты жинап, жүйелеп, белгілі бір «тірек» объектілеріне қаты-
стығын айқындап, мазмұнын ашып, этнолингвистика тұрғысынан түсіндіретін 
болсақ, этностың «тіл әлемі» 40 мың мағыналық бірлікпен толығып, байи 
түскен болар еді. Әрбір мақал мен мәтелдің бойына этнос болмысына, оның 
рухани заттық (материалдық) мәдениетіне, дүние-танымына, салт-дәстүр, әдет-
ғұрып, наным-сеніміне т.б. қатысты бай информация жинақталғанын ескерсек, 
олардың этнос болмысын танып-білуге қосар үлесі зор. Фразеологизмдер си-
яқты мұнда да күрделі мәселе – мақал-мәтелдердің тілде пайда болу фактор-
лары мен, дами келе, 
Адамға 
(оның сын-сипатына, мінез-құлқына, іс-әрекеті-
не, қалып-күйіне т.б. қасиеттеріне) ауысу мотивтерін (уәждерін) тап басып
дәл айқындау, мән-жайын таратып, түсіндіру. Бір-ақ мысал:
 «Ұяда нені көрсең, 
ұшқанда соны ілерсің
» деген мақал «от басында қандай тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге 
көрсең, өсіп-жеткенде де соны істейсің» деген ауыс мағынада бүгінгі педаго-
гикалық тұжырымдаманың (концепцияның) негізіне айналып отыр. Этнолинг-
вистика болса, міне, осындай құбылыстың мән-жайын түсіндіруге тырысады. 
Мәселен, осы мақалдың өзін алсақ, ол – о баста қыран құстар өмірін байқаудан 
туып, саяткерлер лексиконында қолданылған жай тіркес болған. Шынында да, 
бүркіт өз балапандарын құз-қиядағы ұясында түлеп, қара қанат болып ұшқанға 


499
(өз тамағын өзі тапқанға) дейін сол төңіректегі барлық аң-құстардың, мал 
төлінің етімен (кейде өлексесімен) қоректендіруге тырысқан. Бұл жәйт мақалада 
«отбасындағы көрген тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі
» мағынасына баланып отыр. Ал 
бала бүркіттің өсіп, қыран болғанда «иісін алып, дәмін татып, құштарлана жеген 
аң-құстарды көбірек ілетіні» ауыс мағынасында «баланың өскенде де отбасында 
(семьяда) көрген үлгі-өнегесін істейтін әдетіне» айналып отыр.
Міне, осы тәрізді мағыналық өзгерістерді біз кез келген мақал-мәтел та-
биғатынан байқаймыз. Осы сияқты өзгерістердің тілдік тетіктері мен мотивтерін 
айқындап, оларды «
тірек
» сөздер арқылы тақырыптық топтар жүйесіне енгізу, 
түсіндіру тағы да сол этнолингвистиканың ең бір күрделі міндетіне жатады.
5) 
Жұмбақтар
. Жұмбақ табиғаты жұртқа мәлім. Ол – жастардың ой-өрісін 
кеңейтіп, астарлы сөздің сырын түсінуге, тапқырлыққа баулитын, тұспалдап
жұмбақтап, бейнелеп, бір затты екінші бір затқа балап айту арқылы ой потен-
циясын кеңейте түсетін танымдық мәні зор құбылыс. Бұл жағынан жұмбақтар 
эвфемизмдер мен перифраздарға өте ұқсас. Мәселен: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет