435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет17/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

«Хайуанат тар 
дүниесінің» «Құстар»
деп аталатын тарауына жатады. Бірақ қыран құстар 
жайында этнографиялық мәліметтер
 «Кәсіпшілік»
де ген тармақтың
 «Аңшылық-
саяткерлік»
бөлімшесінде берілуге тиісті. 
«Қоғам»
саласына жататын
 
«Кәсіпшілік»
тармағы барлық кәсіптің 
(«Зергерлік», «Кілемшілік», «Егіншілік», 
«Мақташылық», «Балықшылық»,
т. б.), не кәсіп ретінде дамыған өнердің 
түрлерін түгел қамтуға тиіс. Мәселен,
домбыра
жайындагы мәліметтерді 
іздейтін болсақ, онда біз бұл системаның «Өнер» бөлімінен қарастыруымыз 
керек. Домбырашыға, домбыраның өзіне, бөлшектеріне, оны жасаушыға 
байланысты ұғымдардың бәрін біз сол «Өнер» саласына жата тын «Музыка» 
тармағынан табуымызға болады. Мәселен,
 «жетім перне»
деген ұғым домбыра 
пернесінің біреуі ретінде домбыраға қатысты берілсе,
 жетім
деген атаудың өзі 
«Адам» деген салада 
жетім бала, жетім қалу, жетімсіреу, аталы жетім, 
аналы жетім, арсыз жетім, ерке жетім
сияқты көптеген адамға байланысты 
ұғым ретінде келтіріледі де, дәл осы арада
 жетім перне, жетім көже, жетім 
кереге
сияқты тіркестерден тұратын классификация тармақ-тарауларына сілтеме 
беріледі.
Біздің бұл айтып отырғанымыз өз тарапымыздан қолға алынып, ұзақ 
жылдардан бері материал жиналып, сұрыпталып, үлкен идеографиялық 
классификация негізінде жасалып жатқан қазақ тілінің этнолингвистикалық 
сөздігінің кейбір жобалары.
Бұл еңбекте ана тілімізде сақталып келе жатқан (сөз, сөз тіркесі және 
этнофразеологизмдер, мақал-мәтелдер арқылы берілетін) этнографиялық
байлығымызды жүйелі түрде қамтып, әдеттегі түсіндірме, диалектологиялық, 
екі тілдік, фразеологиялық, паремиологиялық, энциклопедиялық сөздіктерден 
мүлдем басқаша, өзіндік тәсіл-әдіспен анықтап, халықтың өз мұрасын 
өзіне ұсынуға болады деп сенеміз. Егер аталмыш сөздіктерде бұл тәрізді 
сөздер мен сөз тіркестерінің көбінше номинативтік және ауыс мағыналары 
ғана түсіндірілетін болса, айтып отырған этнолингвистикалық сөздікте бұл 
мағыналардың сыртында жатқан қат-қабат этнографиялық түсінік-ұғымдар, 
әлі күнге дейін бір ізге түспей, тұтас бір жерге жиналмай, назардан тыс қалып, 
тіпті ұмытыла бастаған, бірақ халық үшін ең бір қымбат та қадірлі, етене жақын 
дүниелер, тілдік фактілермен өрілген өмір көріністері, рухани, материалдық 
мәдениетіміздің өткен дәуірлерінен елес беретін терең сыры, алуан түрлі 
ұғымдар сөз болуға тиісті. Мәселен, тіліміздегі
 ежеғабыл, барымта, әмеңгерлік, 


461
ерулік, қарулық, салбырауын
т. б. осы сияқты сөздер мен
 бес аспап, бес қонақ, 
жеті қазына, тоғыз төлеу
сияқты жүздеген этнофразеологизмдердің тиісті 
сөздіктерде берілетін мағынасы мен шын мәнісіндегі этнографиялық мазмұны 
арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұлардың әрқайсысы ең аз 
дегенде қысқаша этнографиялық этюд көлемінде анықталуға тиісті ұғымдар. 
Ал тәжірибеде: 
ежеғабыл
орысша
 «ежегабыл»
деп аударылып, оған ұлттық-
этнографиялық реалий ретінде «обычай сватовства еще не родившихся де тей» 
деген түсіндірме беріледі
21.7
Алайда ежелден келе жатқан 
ежеғабыл
салтының 
қазақ өмірінде қаншама нақтылы көріністері, оған байланысты толып жатқан 
ырым-сырым, әдет-ғұрыптар болған. «Қозы Корпеш – Баян сұлу» дастанының 
лейтмотиві де осы дәстүрге байланысты екені баршамызға мәлім.
Кез келген этнографизм мен этнофразеологизмге номинативтік 
мағынасымен қатар шағын-шағын этнографиялық этюдтердің қажет екенін 
жоғарыда айттық. Олай болса, этнолингвистика проблемасы қазақ тілі үшін 
жаңадан ғана қолға алына бастаған, бірақ қажырлы да ұлан-ғайыр еңбекті 
талап ететін, тілші, этнограф, фольклорист ғалымдар мен білікті де білгір 
қазақ зиялыларының атсалыса шешуін талап ететін аса маңызды міндеттердің 
бірі болып саналады. Бұл жұмыстың алғашкы қадамы тілімізде, жалпы халық 
жадында сақталған этнографиялық материалдарды түгел жинап алып, жүйеге 
салудан басталуы керек. Бірақ ескеретін бір жағдай: бұл материал дарды біз таза 
этнографиялық дерек ретінде емес, тілдік тәсілдермен көмкеріліп, ұрпақтан 
ұрпаққа мұра болып ауысып келе жатқан этнолингвистикалық фактор ретінде 
жинап, зерттегеніміз жөн. Бұл проблемаға байланысты маманданған тарихи 
лексикографтардың қосар үлесі мен атқарар міндеті де аз болмаса керек.
Тарихи лексикология қарастыратын тілдік объектілерге тікелей қатысты 
этимология, мимиография, семасиология, диалектология, этнолингвистика, 
тарихи-салыстырма фонетика, кәсіби лексика, оно масиология, паремиология, 
этнофразеология сияқты салалардың
22
қатарына базистік сөздік қор мен сөз 
түбірін зерттейтін бағытты да жатқызуға болады. Бұл жөнінде өз тәжірибемізге
23
сүйене отырып, бірлі-жарымды пікір айтқымыз келеді. 
Қазақ тілі сияқты агглютинативті (жалғамалы) тілдер үшін түбір сөз 
проблемасын зерттеудің де ерекше маңызы бар. Өйткені алтай, көне 
түркі дәуірлерінен әлдеқайда бұрын басталып, бүгінгі түркі тілдерінің 
структуралық жағынан қалыптасуына негіз болған агглютинация процесі 
түркі түбірлеріне үлкен әсер етіп, оның тұлғалық, мағыналық жағынан 
21 Мысли разных лет. Алма-Ата, 1961, с. 114.
22 Бұл салалардан біз мақаламызда тек этимология мен этнолингвистика проблемаларына 
ғана тоқталдық. Ал бұлардың әрқайсысы проблема ретінде арнайы қарастыруды талап етеді.
23 
Кайдаров А. Т.
Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алма-Ата, 
1986.


462
эволюциялық дамуына үлкен ықпалын тигізді. Соның салдарынан түбір 
сөздердің бірқатары өзінің көне тұлғасын сақтап, бүгінге дейін жеке-
дара қолданылатын және сөз жасау процесінe қатысып, әр түрлі туынды 
тұлғалардың пайда болуына негіз болатын қызметін атқарып келе жатса, енді 
бірқатары өзіне жалғанған форманттармен жымдасып, біріге келе бір тұтас 
лексемаға айналып үлгірді.
Бұл тарихи процестің нәтижесін терең түсінбегендіктен байырғы 
түркі түбірлерінің өзін айырып алудың орнына, сол түбірлердің бүгінгі 
ыңғайына қарай ығысып, түбір деген ұғымды
 «сөздің бөлінбейтін бөлшегі»
деген
«классикалық»
анықтамамен белгілейтін болдық. Ал агглютинация 
процесінің түркі сөздерінің структурасына тигізген эволюциялық ықпал-
әсерін, соның салдарынан ерте замандағы дербес және көпшілігі бір буынды 
моносиллабтардың грамматикалық тұлғалармен бірігіп, этимологиялық 
бөлшектерге бөлінбейтін күрделі «түбірлерге» айналғандығын ескере 
бермейміз.
Түркі тілдері түбірінің о бастағы қалпы мен статусын анықтау үшін 
тарихи лексикологияның барлық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жан-
жақты зерттеу жүргізу керек екендігіне біз қазақ тілінің бір буынды түбір 
сөздерін қарастыруға байланысты көзіміз жетіп отыр. Бұл проблема аясында 
қамтылатын мәселелер көп-ақ. Оларға мәселен, а) түбір мен туынды түбірдің 
(«основа» – «негіз» мағынасында) айырмашылығын анықтау; ә) түбірдің о 
баста бір буынды не екі-үш буынды болғандығын анықтау; б) бір буынды 
түбірлердің дер бес болу/болмауы; в) бір буынды түбірлердің бөлшектерге 
жіктелуі/жіктелмеуі; г) бір буынды түбірлердің тұлға жағынан тұрақты болуы 
мен өзгеріп отыруы; ғ) бір буынды түбірлердің мағына жағынан тұрақты/
тұрақсыз болуы; д) бір буынды түбірлердің структуралық типтері мен түрлері 
(олар 6 түрлі: Г, СГ, ГС, ГСС, СГС, СГСС); е) бір буынды түбірлердегі өзгерістер 
мен варианттылық, синкретизм
24
тағы басқа мәселелері енеді. Түбір сөзді 
анықтауға байланысты неше түрлі дәстүрлі сөз жасау модельдерін қарастыру 
да тарихи лексикологияның міндетіне жатады. Сондай-ақ түбір тұлғалы 
лексиканы талдаудың әдіс-тәсілдерін белгілеп, оны іс жүзінде қолдана білу 
де зерттеуші лексиколог үшін үлкен кәсіби өнер болып саналады.
Қорыта келгенде, осылардың бәрі де тіл тарихына тікелей қатысты, 
тарихи лексикологияның тіл төркініне байланысты зерттейтін объектілері 
мен міндеттері болып саналады.
Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелері, 
Алматы, 1988.
24 
Кажибеков Е. 3.
Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках 
(явление синкретизма). Алма-Ата, 1986.


463


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет