435 имплицитно: ат басындай алтын


Тарихи лексикология және этнолингвистика



Pdf көрінісі
бет15/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Тарихи лексикология және этнолингвистика.
Тіл менен сол тілде 
сөйлеуші этностың (халықтың) қатыстығын, яғни бір-біріне әсер етіп отыратын 
лингвистикалық және этносқа қатысты факторларды өзара байланыстыра 
зерттеуші саланы тіл білімінде
2026
этно лингвистика деп атайды. Оның да 
өзіне тән зерттеу объектісі бар. Этнос және оның тілін біртұтас, өзара тығыз 
байланысты құбылыс деп қарасақ, тіл қоғамда тек сол этностың қарым-қатынас 
құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар оның (этностың) бүкіл рухани, мәдени 
байлығының куәгері іспетті барлық болмысы мен өмір-тіршілігін, дүниетанымы 
мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасы, асыл қазына ретінде ұрпақтан 
ұрпаққа жеткізіп отыратын қызметі тағы бар.
Тілдердің дәл осындай, өткен өмірдің тәжірибесі мен өнегесін сөзбен 
өріп, жадында сақтау қасиеті болмаса, ешбір халықта дәстүр жалғастығы мен 
мұрагерлік болмаған да болар еді. Осылардың бәрі ұлан-ғайыр сөз байлығымыз 
арқылы халықтың жадында сақталып бізге жеткен болса, оны тәптіштеп 
жинап, толық меңгеріп, өзіндік нақыш-бояуымен келесі ұрпаққа табыс ету 
этнолингвистикамен шұғылданушы ғалымдардың абыройлы міндеті деп 
білеміз.
Міне, осыған орай этнолингвистика мен тарихи лексикологияның атқаратын 
міндеттері мен көтеретін ортақ жүгі айқындала түспекші. Ол міндеттер 
тіл менен сол тілде сөйлеуші этностың (қазіргі халықтың, ұлттың) тарихи 
тұтастығына, өзара қатыстығына байланыс ты болса керек. Этностың басып 
өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге тас мүсіндер мен 
жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әр түрлі 
ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да 
бір елесі ғана. Оның шын мәнісіндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде 
ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-
жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-
ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-томалаққа байланысты ұғымдардың 
аты-жөні, сыр-сипаты т. б. тек тіл фактілері ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен 
сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер арқылы ғана бізге жетуі 
мүмкін. Әсіресе, жазу-сызу болмаған халықтарда осыншама мол дүниені тіл мен 
ауыз әдебиетінен басқа жадында
сақтайтын тәсіл жоқ. Сондықтан да тіл фактісі 
ретінде кездеспейтін заттар мен құбылыстарды, ұғымдар мен түсініктерді этнос 
өмірінде мүлдем болмаған, ал болған ретте ол бүгінде халық жадынан шығып, 
19 Осы бағытта біз қазақ тіліндегі «өлі» және «тірі» моносиллабтардың тізімін жарияладық 
(Қараңыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет