459
із-тозсыз жоғалған, ұмыт болған деп қарауға болады. Этнос пен оның тілі бірге
туып, біте қайнасқан біртұтас дүние екендігін біз осыдан көреміз. Белгілі бір
жағдайларға байланысты өз тілінен айрылған этнос өзінше өмір сүруі де, тіпті
жан-жақты дамуы да
мүмкін. Бірақ ана тілін ұмытқан этнос өзінің шығу тегі
мен азаматтық тарихын да ұмытады, басып өткен өмірін, бүкіл рухани, мәдени
байлығынан мақрұм болады. Ал ондай өз тарихын, өз тілін ұмытқан ел, өзінің
ғасырлар
бойы қалыптасқан моральдік, этикалық дәстүрін, әдет-ғұрпын,
елдігін жоғалтқан этностың мүшесі де, мәңгүрт те бірдей. Кез- келген этностың
тарихын
өз тілінде емес, егер ол қағазға түссе, басқа тіл арқылы да білуге
болады. Бірақ оны өз тілінде білгенге не жетсін. Өйткені бұл ерекшеліктер жүре
үйренуге болатын білім емес, ананың ақ сүтімен бойға даритын, балаң жүрекпен
сезіну арқылы ғана етене қабылданатын, белгілі ортада ғана қалыптасатын адам
бойындағы ең абзал қасиет бол саналады.
Этнолингвистика жалпы тіл байлығын толық қамти отырып, қызығушыны
этностың болмысына
байланысты тілінде қалыптасып, оның қат-қабат
қойнауларында сақталып келе жатқан көненің көзіндей сыры мол дүниеге
тереңірек үңілуге бағдарлайды. «Тіл – тұла бойы тұнып тұрған тарих» деген
сөздің мәнісін сонда ғана түсінеміз.
Осы орайда келіп, этнолингвистика мен
тарихи лексикологияны әлі де бөлінбеген еншісі
бар тіл білімінің тетелес
салаларына жатқызуға болады.
Этнолингвистиканың негізгі зерттеу объектісі – этнолексика,
кеңірек
айтсақ, тұтас тіл әлемі. Бұл лексиканың құрамында өткен өмірді бейнелейтін
сөздер мен сөз тіркестері көптеп кездеседі. Бірақ олардың көбі күнделікті
қарым-қатынаста айтылса да, бәрі бірдей бүгінгі ұрпаққа айқын бола да бермеуі
мүмкін. Олардың арасында қолданыс аясы тарылып, о бастағы мағынасының
күңгірттеніп, не мүлдем ұмыт болғандары да аз емес. Бұлардың этнографиялық
мазмұнын, дәстүрлік қолданысын зерттеу этнолингвистиканың үлесіне тисе,
тілдік табиғаты мен даму заңдылықтарын этнолингвистика деректеріне сүйене
отырып тарихи лексикология анықтайды. Бұлардың өзара байланысы, міне, осы
арадан басталады.
Этнолингвистика тіліміздегі этнографиялық лексиканың ұшан-теңіз
байлығын қалай болса солай, кез келген фактіге байланысты емес, белгілі бір
жүйе бойынша, мағыналық-тематикалық топтарға бөліп, өзара жіктеп, саралап
барып зерттеуге тиіс. Олай болмаған жағдайда әр қилы ұғымға байланысты
өмірдің әр түрлі саласында қайталанып әр қырынан көрінетін сөз бен сөз
тіркесінің тілдегі орны мен қолданыс аясы, мағына-мәні толық ашылмаған
болар еді. Сон дықтан да этнолингвистикалық
зерттеулер тіл байлығын
макросистемалар мен микросистемаларға бөліп алып,
оларды табиғи
жүйе бойынша жіктеп, топтастыра, өзара байланысты сала-салаға бөліп
қарастырады. Мәселен, бүкіл болмысты
«Табиғат», «Адам»
және
«Қоғам»
460
деп үлкен үш салаға бөліп қарасақ, ғылымдағы идеографикалық классификация
бойынша анықталатын микросистемалық ұғымдардың бәрі осы үш саланың
аясына толық сыяды екен. Егер әңгіме төрт түлік мал, оны өсіру, пайдалану,
емдеу т. б. жайында болды десек, онда олар бірінші саланың
«Хайуанаттар
дүниесі»
деп
аталатын тармағына, дәлірек айтқанда,
«Үй хайуандары»
деген
тарауына жатқызылған болар еді. Мәселен,
қыран құстар
Достарыңызбен бөлісу: