435 имплицитно: ат басындай алтын


«Этнолингвистикалық этюдтер»



Pdf көрінісі
бет22/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

«Этнолингвистикалық этюдтер»
деген айдар ашып 
отыр. Оны академик Әбдуәли Қайдаров жүргізеді. Газет бұдан былайғы жерде 
халқымыздың этностық болмысы, дүниетанымы, әдет-ғұрпы, рухани, мәде-
ни, т.б. құбылыстарға қатысты, әсіресе, жұрттың жадынан шығып, ұмыт бола 
бастаған, сирек кездесетін тіліміздегі этнолингвистикалық деректерді, байырғы 
ұғым-түсініктерді, заттар мен құбылыстардың табиғатын ашатын атаулар мен 
тұрақты сөз тіркесін ел арасынан жинап, саралап, сұрыптап, басы артық сөзсіз 
мөлтек хабар – этюд түрінде жариялап отырмақшы. Айтылатын фактісі нақтылы 
да дәл, әрі қысқа, әрі нұсқа материалдар сөздіктің талабына сай болып, кәдесіне 
жарап жатса, оны жазған немесе хабарлаған жанашыр адамдардың есімдері сол 
еңбекте ақпаратшы – информатор ретінде аталуға тиісті.
Сөйтіп, құрметті оқырмандар, Сіздерді осынау бір игілікті іске – тіл құдіреті-
нен халқымызға рухани ескерткіш орнатуға атсалысады деп сенеміз.
Этностық болмыс ұғымдары
ТАБИҒАТ
§ 1. Аспан денелері
Босаға жұлдыз
(аспан әлеміндегі екі-екіден тұрған төрт жұлдыз; бұл жұл-
дыздарды түнгі күзеттегі жылқышылар сағатқа есептейді, өйт- кені ол батпай, 
таң атпайды; бұл жағдай қыстың ұзақ, жаздың қысқа түнінде де өзгермейді. 
Босаға жұлдызы
төмендеп батуға тақалса, таң да жақын болғаны; сондықтан 
да бақташылар таң атуын соған қарап білетін болған, бұл көне заманнан келе 
жатқан халық тәжірибесі; оны Сарыарқа қазақтары көбірек пайдаланған)... 
Қамбардың тоғысы
(ескі астрологиялық, діни түсінік бойынша) Қамбар 
жұлдызы айында бір рет Үркермен тоғысып, бүкіл әлемге ғаламат ұшқынын ша-
шады; ол ұшқын күнәһар пендесінің басына түсіп, оны опат қылады-мыс; бұл 
құбылысты діндарлар «тек құдайдың құдіретінен болатын іс», «оған ұшыраған 
адам – шейіт» деп түсіндірген 
(О.Дастанов, 11,
 
42).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет