Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.) Мақсаты Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету
Бағдарламаның мiндеттерi
a. елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту;
b. мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру;
c. көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту;
d. әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру;
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2007-2009 жж.)
Мақсаты Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және қалпына келтіру
Бағдарламаның мiндеттерi :Тарих және мәдениет ескерткіштерін, соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру. Археологиялық зерттеулер жүргізу. Қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды одан әрі жалғастыру. Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениеті бойынша басылым дестелерін шығаруды жалғастыру.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2009-2011 жж.)
Мақсаты рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу.
Бағдарламаның мiндеттерi :тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау; мемлекеттік және салалық бағдарламалар іс-шаралар жоспарын іске асырудың тиімді тетіктері мен құралдарын әзірлеу; Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау; мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру барысында жинақталған жаңа және жүйеленген білімді ғылыми айналымға енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; тарихи-мәдени мұраны туризмді дамыту үшін белсенді пайдалану, тарих және мәдениет ескерткіштерін туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру; тарихи-мәдени мұраны халыққа кеңінен тарату мақсатында қоғамдық білім және бұқаралық ақпарат салаларына аудару жолдарын іздестіру;