44. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі,қызметі және мемлекеттілігінің қазақстандық қазіргі моделін құрудағы рөлі


Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» Мақаласының мәні, 21қараша 2018ж



бет32/38
Дата07.02.2022
өлшемі83,94 Kb.
#84293
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Байланысты:
шпор

68. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» Мақаласының мәні, 21қараша 2018ж.
1. Атқа міну мәдениеті
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.
3. Аң стилі
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.
4. Алтын адам
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».
Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.
5. Түркі әлемінің бесігі
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.
6. Ұлы Жібек жолы
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.
69. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру».
2018 жылғы 10 қаңтардағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы туралы пікірБүгінде әлем «Төртінші өнеркәсіптік революция» дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып,жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескере отырып Елбасы нақты он міндетті атап көрсетті.Елбасы жолдауының жетінші міндетінде «Адами капитал – жаңғыру негізінде» білім берудің жаңа сапасына тоқталды.Ол барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделтету қажет екенін айтты. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады. Жолдауда айтылғандай тарихи құжатта адами капиталдың сапасын жақсарту бағытында білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиістігін,сонымен қатар ұлттық тіліміздің басымдылығын сақтауда аянбай еңбек етеміз.Ағылшын тілін меңгермей еліміздің жалпы ұлттық прогреске жете алмайтынын , үкіметке үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар тапсырды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән мағынасына орай өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген,озық әрі жаһандық көзқарасы бар Қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналатын білім алушыларды даярлауды міндеттеп отыр."Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы ең алдымен біздің мемлекеттің қарыштап дамуының бағдарын айқындаса, екіншіден, межеленген міндеттерді саралауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет