46 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Боханова Орынкүлдің 2013-2014 оқу жлындағы дарынды оқушылармен жүргізген жұмысының талдауы



бет4/6
Дата05.02.2022
өлшемі108,47 Kb.
#20454
1   2   3   4   5   6
Наурыз айында
Шығармашылық іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында түрлі шараларға қатыстырдым. Сауалнама және қысқа жауап алу арқылы оқушылардан кеңес алдым. Оқушыларды зерттедім. Істелініп жатқан жұмыстардың тиімділігіне көз жеткіздім. Оқушы мүмкіндігіне байланысты тапсырманы күрделендірдім.
Сәуір айында
Оқушының өздігінен ізденуін қадағалап, әр оқушымен жеке жұмыс жүргіздім. Мектепішілік кіші олимпиадаға, қалалық, облыстық олимпиадаларға, облыстық "Достық " олимпиадасына дайындадым.
Мамыр айында
Оқушы шығармашылығына бақылау жасадым. Дарынды балалармен жылдық жұмыс жоспарын қорытындыладым. Жаңа оқу жылында жүргізілетін жұмыс жоспарын құрдым.

Қорытынды: осы оқу жылында төмендегі оқушылармен жұмыс жасадым.

1.Абжалиева Гүлнұр - 11 класс оқушысы-қалалық пәндік олимпиадасының І орын иегері


2.Қияс Үмітжан - 10 класс оқушысы-облыстық "Қайырлы таң Ақтөбе"бағдарламасы байқауына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
3.Жұбатқан Наргиз - 9 класс оқушысы- шығармашылық жұмысы Кіш ғылым академиясының ғылыми - тәжірибелік конференциясының тезистер жинағына енгізіліп, алғыс хатпен марапатталды
4.Анишева Гүлсезім - 9 класс оқушысы. Мектепішілік олимпиадада І орын иеленіп, қалалық кезеңіне жолдама алды.
5.Намазбаев Әлібек - 9 класс оқушысы - мектепішілік жарыстарда топ жарып, жүргізушілік қыры ашылды. Түрлі қалалық сайыстарға қатыстырылды.
Кемшіліктер: Мектепішілік олимпиадада І орын алған оқушым Анишева Г қалалық олимпиадада орын ала алмады. Мұның себебін оқушының дайындығында кеткен қателіктерден деп білемін.
Мұқағали, Абай оқуларына оқушылар қатыстырылмады.
Ұсыныс
Алдағы оқу жылында қалайда облыстық олимпиадаға оқушы қатыстырып, жүлделі орын алу үшін дайындық жұмыстарын күшейтемін. Жұмыс түрлерін оқушы қызығушылығын тудыратындай етіп жоспарламақпын.
Өзге сабақтардан үлгерімі нашар болса да,әдебиет сабағына деген ынталы оқушылармен жұмыс жасамақпын.Сөйтіп,олардың шығармашылық жағынан шыңдалуына әсер етпекпін.
Мұқағали оқуларына оқушылар қатыстыруды қолға алмақпын.

46 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Боханова Орынкүлдің 2015-2016 оқу жылындағы дарынды оқушылармен жүргізген жұмысының талдауы


Қыркүйек айында
Дарынды оқушыларды анықтадым.Жұмыс жоспарын бекіттім.Әр оқушыға тиімді,өзіне лайықты тапсырмалар әзірледім.Мектепішілік тілдер мерекесіне орай шығармашыл балаларға өлең жазуға,қойылымдар әзірлеуге үсыныс жасадым.
Қазан айында
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тестпен, өзіндік жұмыстармен жұмыс жасаттым. Ізденушілігін арттыру мақсатында өзіндік тапсырмалар орындаттым. Өткен тақырыптарға қайталаулар жасаттым. Қалалық, пәндік олимпиадаға материал жинақтап, оқушыларды дайындадым.
Қараша айында
Халықаралық, Республикалық шығармалар сайысына оқушылар қатыстырдым. Оқушылардың ойлау,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында көркем шығармаларға деген қызығушылығы арттыру үшін арнайы тапсырмалар бердім. Жоғары сынып оқушыларына қазақ классиктерінің туындыларын оқытып, талдаулар жасаттым. Бесінші класс оқушыларына қысқа әңгімелер жазғыздым. Мектепшілік пәндік олимпиадаға оқушыларды қатыстырдым. Қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға оқушылар дайындадым. Қалалық пәндік олимпиадаға оқушыларды дайындадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет