Желтоқсан айында
Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға сұраныс беріп,оқушыларымды қатыстырдым. Рухани байлықтарын арттыру үшін жұмыстар жасадым. Мектепішілік интеллектуалдық сайыстарға оқушыларды дайындап қатыстырдым. Қалалық пәндік олимпиадаға оқушылар қатыстырылды.
Қаңтар айында
Мұқағали оқуларына оқушы дайындадым. Мектеп бағдарламасынан тыс ақын-жазушылардың өлең - жырларын жаттаттым. Оқушылармен эссе, қысқа әңгіме құрастыру, кейіпкер бейнесін сомдау шеберлігі бойынша жұмыстар жүргіздім. Қатемен жұмыстар жүргіздім.
Ақпан айы
Оқушылармен тестік жұмыстар жасадым. Республикалық, халықаралық сайыстарға дайындадым.
Наурыз айында
Оқушылардың ән салу, түрлі бейнелерді сомдай білу, шығармашылық іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында түрлі шараларға қатыстырдым. Сауалнама және қысқа жауап алу арқылы оқушылардан кеңес алдым. Оқушыларды зерттедім. Істелініп жатқан жұмыстардың тиімділігіне көз жеткіздім. Оқушы мүмкіндігіне байланысты тапсырманы күрделендірдім.
Сәуір айында
Оқушының өздігінен ізденуін қадағалап, әр оқушымен жеке жұмыс жүргіздім. Мектепішілік кіші олимпиадаға, қалалық, облыстық олимпиадаларға, облыстық "Достық " олимпиадасына дайындадым.
Мамыр айында
Оқушы шығармашылығына бақылау жасадым. Дарынды балалармен жылдық жұмыс жоспарын қорытындыладым. Жаңа оқу жылында жүргізілетін жұмыс жоспарын құрдым.
Қорытынды: осы оқу жылында төмендегі оқушылармен жұмыс жасап, төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім.
1.Анишева Гүлсезім - 10 класс оқушысы. Қазақ тілі және әдебиет пәндерінен қашықтықтан өткізілетін Республикалық олимпиадасының екі дүркін І орын жүлдегері. Қалалық шығармалар байқауының жүлдегері.
2.Тоқтамыс Айбар - 5 класс оқушысы. Республикалық шығармалар сайысының жүлдегері.
3.Қуантқан Дильназ - 5 класс оқушысы. Халықаралық дамыту орталығының сертификат иегері
4.Бітімбаев Исламбек - 9 класс оқушысы. Қалалық шығармалар байқауының екі дүркін (І,ІІІ орын) жеңімпазы.
5.Қияс Үмітжан - 11 класс оқушысы. Республикалық интеллектуалды "Мәңгілік ел" байқауының жүлдегері.
6.Тоқабаева Дариға - 5 класс оқушысы.Қалалық Мұқағали оқуының Алғыс хат иегері.
7.Жангелді Нұргүл -9 класс оқушысы.Облыстық пәндік олимпиадасының ІІІ орын иегері.
Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадасының екі дүркін І орын иегері
Кемшіліктер: Мектепішілік олимпиадада І орын алған оқушым Анишева Г қалалық олимпиадада орын ала алмады. Мұның себебін оқушының дайындығында кеткен қателіктерден деп білемін.
Ұсыныс
Алдағы оқу жылында олимпиадаға қатысатын оқушылар санын көбейтемін. Жұмыс түрлерін оқушы қызығушылығын тудыратындай етіп жоспарламақпын.
Өзге сабақтардан үлгерімі нашар болса да,әдебиет сабағына деген ынталы оқушылармен жұмыс жасамақпын.Сөйтіп,олардың шығармашылық жағынан шыңдалуына әсер етпекпін.
Баспасөз беттерінде оқушылар шығармаларын жариялаймын7
Бекітемін Келісемін: Ә/Б отырысында қаралды
Мектеп директоры : Оқу ісінің меңгерушісі: Хаттама №
Сакауова А.З. Сейілханова Ш.
Достарыңызбен бөлісу: |