Кирхгофтың 1-ережесі. Түйінде тоғысатын ток күштерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болады.
Б із тұрақты токты қарастырып отырғандықтан, түйінге қанша заряд ағып келсе, сонша заряд ағып кетуі керек. Түйінге кіретін токты оң, ал шығатын токтарды теріс деп есептесек, онда мынадай ережені айтуға болады.
Кирхгофтың 2-ережесі тармақталған тізбектің тұйықталған контуры үшін қолданылады. Бұл әдіспен есептеу кезінде алғашында тармақтардағы тоқтар, кейін барлық элементтердегі кернеулер аныкталады. Тоқтар Кирхгоф заңдарының көмегімен алынған теңдеулер арқылы табылады, себебі тізбектің әрбір тармағында өзіндік тоқ өтеді, онда теңдеулер саны тізбектің тармағының санына тең болуы керек. Тармақтардың санын n арқылы белгілеу қабылданған. Бұл теңдеулердің бір бөлігі Кирхгофтың бірінші заңы бойынша, ал қалған бөлігі - Кирхгофтың екінші заңы бойынша жазылады, барлық алынған теңдеулер тәуелсіз болуы керек. Яғни, теңдеулерде бар мүшелерді ауыстыру жолымен алынған немесе бастапқы тендеулердің арасындағы арифметикалық әрекет жолымен шешілген теңдеулер болмауы керек. Теңдеулерді құру кезінде тәуелді және тәуелсіз тармақтар мен контурлар түсінігі қолданылады.
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды