Жартылайөткізгіштер деп меншікті кедергісі өткізгіштерден аз, ал диэлектриктерден көп болатын заттарды айтамыз. (бор, көміртек, кремний, мышяк, германий, сурьма және т.б.)
Әртүрлі ортадағы электр тогы:
Металдардағы электр тогы;
Жартылайөткізгіштердегі электр тогы;
Сұйықтықтардағы электр тогы;
Газдардағы электр тогы;
Вакуумдегі электр тогы.
Әр орта үшін:
Токты тасымалдайтын бөлшектері;
Тасымалдаушылардың пайда болу әдісі;
Вольт-амперлік сипаттамасы;
Кедергінің температураға тәуелділігі;
Қолданылуы
Өткізгіштер деп – еркін заряд тасымалдаушылары, яғни дененің барлық көлемінде қозғала алатын зарядталған бөлшектері бар заттарды немесе ортаны айтамыз. Бұндай денелер токты жақсы өткізеді. (Металлдар, адамдар мен жануарлардың денелері, ылғалды жер, тұздар мен қышқылдардың судағы ерітіндісі, газдар, вакуум және т.б.)
Диэлектриктер еркін заряд тасымалдаушылары, яғни дененің барлық көлемінде қозғала алатын зарядталған бөлшектері жоқ заттарды айтамыз. Сондықтан диэлектриктер токты өткізбейді. (Фарфор, шыны, янтарь, резеңке, пластмасса, газдар, ағаш, капрон және т.б)
Достарыңызбен бөлісу: |