Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын таныстыру. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін айқындау.
Электр тогы дегеніміз не?
Қ андай жағдайларда (шарттарда) ток пайда болады?
Электр тогы қандай орталарда өте алады?
Жаңа тақырып
Токты өткізуіне байланысты денелерді 3-ке бөлуге болады:
Өткізгіштер деп – еркін заряд тасымалдаушылары, яғни дененің барлық көлемінде қозғала алатын зарядталған бөлшектері бар заттарды немесе ортаны айтамыз. Бұндай денелер токты жақсы өткізеді. (Металлдар, адамдар мен жануарлардың денелері, ылғалды жер, тұздар мен қышқылдардың судағы ерітіндісі, газдар, вакуум және т.б.)
Диэлектриктер еркін заряд тасымалдаушылары, яғни дененің барлық көлемінде қозғала алатын зарядталған бөлшектері жоқ заттарды айтамыз. Сондықтан диэлектриктер токты өткізбейді. (Фарфор, шыны, янтарь, резеңке, пластмасса, газдар, ағаш, капрон және т.б)
|