Жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын алу Тәжірибенің мақсаты: жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын ала отырып, Ом заңына тәуелділігін зерттеп қорытынды жасау.
Құрал жабдықтар: екі мультиметр (бірі амперметр үшін 200 мА келтірілген, екіншісі вольтметр үшін 20 В келтірілген), 12 В ток көзі, жартылайөткізгішті диод, кілт.
Жұмыс барысы: 1.Суретте көрсетілген тізбекті жинақта.
2. Тізбекті жинап болғаннан кейін мұғалімге немесе лаборантқа тексерт.
3. Компьютерден excel бағдарламасын ашып ток күші мен кернеудің алынған нәтижесін жазатын ұяшықтарыңды анықта.
4. Кернеуді 0-ден 0,8 В аралығында (кем дегенде алты мән өсу ретімен алынуы қажет) өзгерте отырып кернеудің және сол кернеуге сәйкес ток күшінің мәнін excel бағдарламасында даярлап алған ұяшыққа енгіз.
5. Алынған мәліметтер бойынша I(U) тәуелділік графигін тұрғыз.
6. Қорытынды жаз. Және топта талдап ең негізгі түйінді 2-3 сөйлеммен сыныпқа жеткіз.
Оқушылар өздері Резистордың вольт-амперлік сипаттамасын алужолын өздері ұсынып отырып, жазады және қорытындылайды.
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды
Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді
Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді
2-балл
Дескриптор
1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашады; 3. Өмірден мысалдар келтіреді. 5 балл