Тәжірибе №1
Қыздыру шамының вольт-амперлік сипаттамасын алу Тәжірибенің мақсаты: қыздыру шамының вольт-амперлік сипаттамасын ала отырып, Ом заңына тәуелділігін зерттеп қорытынды жасау.
Құрал жабдықтар: екі мультиметр (бірі амперметр үшін 200 мА келтірілген, екіншісі вольтметр үшін 20 В келтірілген), 12 В ток көзі, қыздыру шамы, кілт.
Жұмыс барысы: 1.Суретте көрсетілген тізбекті жинақта.
2. Тізбекті жинап болғаннан кейін мұғалімге немесе лаборантқа тексерт.
3. Компьютерден excel бағдарламасын ашып ток күші мен кернеудің алынған нәтижесін жазатын ұяшықтарыңды анықта.
4. Кернеуді 0-ден 12 В аралығында (кем дегенде алты мән өсу ретімен алынуы қажет) өзгерте отырып кернеудің және сол кернеуге сәйкес ток күшінің мәнін excel бағдарламасында даярлап алған ұяшыққа енгіз.
5. Алынған мәліметтер бойынша I(U) тәуелділік графигін тұрғыз.
6. Қорытынды жаз. Және топта талдап ең негізгі түйінді 2-3 сөйлеммен сыныпқа жеткіз.