157
Бәрімізге белгілі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2010 жылдан бастап эксперименттік оқу
бағдарламасына сәйкес маман даярлауға көшкен болатын. Мұндағы мәселе, аталған оқу
бағдарламасында маман даярлау ісінің ғылыми-зерттеу компонентінің басты элементтерінің бірі
курстық жұмыс қарастырылмаған. Маман даярлау ісінде курстық жұмыстың алатын орны аса
маңызды. Қазіргі таңда мамандықтардың негізгі оқу жоспарларында курстық жұмыс арнайы
қарастырылмаған, сәйкесінше оған кредит берілмеген. Бірақ оның айқын нәтижесі бітіруші курс
студенттерінің диплом жұмыстарын жазу барысында көрініп жүргені жасырын емес. Негізгі оқу
жоспарында курстық жұмыстың орнына енгізілген Scientific writing пәні дәстүрлі классикалық курстық
жұмысты алмастыра алмайды. Сонымен қатар, ол жеке пән ретінде қарастырылғандықтан бір оқу
жылында тек бірнеше оқытушының ғана жылдық жүктемесіне енеді. Ал, егер топта 20-25 студент
болса, онда олардың әр түрлі тақырыпта жазылатын диплом жұмыстарына бағыт-бағдар беру, оларға
ғылыми жұмыстың қыр-сырын үйрету 1 кредиттік пәннің аясында бір оқытушыға оңай түспесі анық.
Сондай-ақ, бүгінде бұл пән тек бір семестрге есептелген (көп мамандықтарда 7-семестрде), біздің
ойымызша бұл жеткіліксіз. Сол себепті, негізгі оқу жоспарына тиісті өзгерту енгізіп, базалық міндетті
және/немесе кәсіби даярлық пәндерінің аясында дәстүрлі курстық жұмысты қайта қалпына келтіру
қажет немесе Scientific writing пәнін 2-7 семестр аралығында әр семестрде жүргізу керек. Бұл тәжірибе
студенттердің ғылыми ойлау дағдысын дамытып, ғылыми еңбек жазу қабілетін шыңдап қана қоймай,
диплом жұмысының ғылыми құндылығын да арттырады және әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық
университетінің әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айналу стратегиясына сәйкес осы
үдеріске жаңа серпін береді деген қорытынды жасауға толық негіз бар.
Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіндегі емтихан сессияларын
ұйымдастыру мен өткізудегі тағы бір мәселе «Универ» жүйесіне қатысты. Атап айтқанда, емтихан
билеттеріндегі сұрақтардың қайталануы және сәйкесінше, кейбір емтихан сұрақтарының мүлдем
қолданылмауы. Әсіресе, бұл жағдай емтихан жұмыстарын тексеруде едәуір қиындықтар мен
түсінбеушілік туындатуда. Бұл мәселені ҚР-да қабылданған «Ақпараттық Қазақстан»
бағдарламасының [2] аясында «Универ» жүйесін жетілдіру және университеттің сандық
технологиясын дамыту контекстінде шешуге болады. Аталған мәселені оңды шешу оқу пәнінің
мазмұнын одан әрі байытуда шешуші рөл атқарады деген сенім бар.
Университеттегі сандық технологияны жетілдіру ісіне қатысты келесі мәселе апелляциялық өтініш
беру уақытына байланысты. Қолданыстағы академиялық саясатқа сәйкес студент емтихан бағасы
«Универ» жүйесіне қойылғаннан кейін 24 сағат ішінде апелляциялық өтініш беру мүмкіндігіне ие [1].
Алайда, емтихан жұмыстарын тексерген комиссия төрағасының емтихан бағасын енгізген уақыт
«Универ» жүйесінде көрінбейді. Демек, студент кезекті емтихан бағасын «Универ» жүйесінен өзі
көрген сәттен бастап 24 сағат ішінде апелляциялық өтініш беретін жағдайлар орын алуы мүмкін.
Сондықтан, университеттегі ІТ мамандардың көмегімен емтихан бағасының «Универ» жүйесіне
қойылған уақытын «күн-ай-жыл-сағат-минут-секунд» режимінде дәл көрсететін механизм енгізу
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: