48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет140/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   295
Байланысты:
3-книга

 
 
«4.0 
Университет» 
моделіне 
сәйкестігін 
қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелігі ретінде оның құрамындағы жаңа «Актуарлық математика» 
мамандандырылуының жасалуы. Бұл үлкен жетістік!
«4.0 Университет» моделіндегі ресурс деп біз ең алдымен адамды, яғни өндіріс орындарында 
іске асырылмайтын жобаларды іске асыратын – зерттеуші-ғалымды түсінеміз. Білім беру 
бағдарламасын әзірлеу барысында ең алдымен математик ғалымдардың ойына жүгіндік. Ғылымның 
соңғы жетістіктеріне негізделген арнайы курстарды дайындайтын және студентке түсіндіре алатын да 
сол математик-ғалым. «4.0 Университет» моделіне сәйкес зерттеуші ғалым PhD докторантты 
дайындайтын да сол математик-ғалым. Басқаша айтсақ, негізгі түп-қазық – маман, яғни, барды 
жоғалтпай сақтап, маман сабақтастығын іске асыру.
Іске асыру үшін білім беру бағдарламасында қалыптасқан жеке білім беру траекториясынан бас 
тартуға тура келді және бұл осы бағдарламаның өзіндік ерекшелігі: – студентті болашақ зерттеулері 
үшін қажетті пәндерді тыңдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету; 
– ғалым-математиктерге өз арнайы курстарын оқуда топтағы студенттер санына шектеу қоймау. 
Университет өндіріс орындарында іске асырылмайтын жобаларды іске асыруға құзіретті, яғни 
«4.0 Университет» моделіне сәйкес болу үшін, айтылған ерекшеліктердің орындалуы шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет