48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары


Сихов М.Б., Оразбекова Л.Н



Pdf көрінісі
бет139/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   295
Байланысты:
3-книга

Сихов М.Б., Оразбекова Л.Н. 
«5В060100–МАТЕМАТИКА» ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ «4.0 
УНИВЕРСИТЕТ» МОДЕЛІНЕ СӘЙКЕСТІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Аңдатпа.
«
5В060100–Математика» жаңа білім беру бағдарламасының «4.0 Университет» 
моделіне сәйкестігін қамтамасыз ету жолдары қарастырылады.
Түйін сөздер: «4.0 Университет» моделі, оқытудың сабақтастық жүйесі, мақсат, 
математикалық мазмұн,құзіреттілік, ресурс-маман. 
Алдымен білім беру бағдарламасына қатысты «4.0 университет» деп нені түсінеміз. Түрлі ақпарат 
көздерінен 1.0 университет деп ұсынылған дайын білім беру бағдарламасын іске асыратын 
университет, 2.0 университет деп білім беретін және зерттеу жұмыстарын іске асыратын университет, 
3.0 университет деп алдыңғы екі іске қосымша білімді коммерциализациялауды іске асыратын 
кәсіпкер-университет, ал 4.0 университет деп өндіріс орындарында іске асырылмайтын жобаларды іске 
асыруға құзіретті және оны іске асыруға сәйкес ресурстары бар университет екендігі мәлім болды [1, 
2].
Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне енгеннен кейінгі дамуындағы басты бағыттардың 
бірі Қазақста0нның білім беру жүйесін дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендіру болып табылады. 


167
Бұл сәйкестік бір жағынан еліміздегі жас тұлғаның дүниежүзіндегі өз құрбыларымен қатар артық 
кедергісіз білім алуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан көптеп келіп жатқан шет елдік студенттерге 
білім беру жүйесіне жатырқамай енуіне қолайлы жағдай жасайды. Осы тұрғыда Қазахстан 
Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2017 жылдың 16-қаңтарындағы №14 бұйрығы 
негізінде «5В060100–Математика» мамандығына ағылшын тілінде жаңа білім беру бағдарламасы 
жасалып әзірленді.
Білімнің берілуі қоғам мен ғылым дамуының талаптарына сай болуы үшін педагогикалық қызмет 
үнемі шығармашылық-зерттеулік деңгейде болуы керек. Яғни, түрлі деңгейдегі білім беру 
бағдарламалары халықаралық талаптарға сәйкес болуы, білім беру сатыларындағы пәндердің 
мазмұндық сабақтастығы, еңбек нарығына бейімделу тұрғысындағы бірқатар жұмыстар зерттеуші-
ғалымдардың, оқытушы-педагоктердің еншісінде. Жоғарыда айтылған білім беру бағдарламасын 
әзірлеу білім берудің сабақтастық жүйесінде [3], білікті отандық математик-оқытушы ғалымдардың 
шетелдік әріптестерімен тығыз шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде іске асырылды [4]. 
Қоғамдағы өзгерістер білім берудің мақсаты мен мазмұнын жаңартуға алып келеді. Қазіргі уақытта 
мазмұн білім және құзіреттілікпен анықталады. Негізгі үш – мақсатты-мазмұндық, әдістемелік, 
рефлексивті – компоненттен құрылған білім берудің сабақтастық жүйесінде 
білім нәтижесі
жүйежасаушы фактор болып табылады. Біздің ойымызша, білім нәтижесі білім берерудің жаңа 
парадигмасының негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаны жетілуге және өмір бойы оқуға дайын болуына 
алып келеді. Сонымен, әзірленген 
білім беру бағдарламасының
мақсаты
– студентті қоршаған 
ортаның сандық және сапалық қасиеттерін оқып-үйренуге керекті математикалық біліммен 
қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен құзыреттілікті қалыптастыру. Бағдарлама студенттерге 
математиканың негізгі салаларынан жүйелі білім беруге бағытталуымен қатар ғылымның соңғы 
жетістіктеріне негізделген кейінгі салаларынан да білім беруге бағытталған. 
Білім беру бағдарламасындағы жалпы-мәдениеттік және кәсіптік құзіреттіліктерді іріктеу 
төмендегідей зерттеулерге негізделді. Нақты бір саладағы білімді толық меңгерген немесе сол 
саладағы проблеманы талдап өзіндік жеке ойын айта алатындай деңгейдегі білімді меңгеру деп 
түсіндірілетін құзіреттілік дайын күйінде адамға берілмейді, ол жеке адамның өзіндік ерекшеліктеріне 
байланысты өмір сүру кезінде, оқу барысында қалыптасады. П.Вейлл құзіреттілікті жоспарланған 
соңғы нәтижеге жету тәсілі ретінде анықтайды. Құзіретті болу дегеніміз қашан және қалай әрекет 
жасауды білу. Ол көптеген мақсатты іс-әрекеттер нәтижесінде қалыптасады және қолданылады. 
Кәсіптік математикалық құзіреттілікті О.С.Тамер маманның кәсіптік қызметін атқару барысында пайда 
болатын мәселелерді шешуге қолданылатын, болашақ өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға 
қажетті фундаментальді математикалық білім мен білік деп есептейді. Қазақстандық педагог-ғалымдар 
бірқатар түйінді құзіреттерді анықтап, зерттеушілік құзіреттілікті енгізу қажет деп есептейді. Осы және 
басқа да көтеген зерттеулерден құзіреттілік тұлғаның жеке басына қатысты және оның мүмкіндігі мен 
қабілетіне байланысты топтасып, бір жағынан тұлғаның жетістігін көрсетсе, екінші жағынан сол 
жетістікке жету шарты ретінде көрініс табады.
Жоғары білімді маманның кәсіптік құзіреттілігі деп маманның кәсіптік қызметінде пайда болған 
түрлі мәселелерді, алған білімін, кәсіптік және өмірлік тәжірибесін, бейімділігін қолданып шеше алу 
қабілетін түсіну керек деп санаймыз [5, 6]. Осы зерттеулерге сүйеніп әзірленген білім беру 
бағдарламасында 10 жалпы-мәдениеттік және 23 кәсіптік құзіреттіліктер айқындалды. 
Бірқатар психолог ғалымдардың зерттеулері «жоғары оқу орны тұлғаның психикасына, оның тұлға 
болып қалыптасуы мен жетілуіне қатты әсер етеді» деген тұжырымға саяды. Өйткені, тұлғаның 
бейімделуі ортаға байланысты, демек тұлға сол ортаға бейім болуы үшін, өзінің құзіреттілік 
қабілеттерін жетілдіріп, өзін-өзі тәрбиелеуі қажет. Студенттің шығармашылық бастауы, ұйымдастыру 
түрлері тұлғаның өзіне байланысты болады, яғни, бір жағынан, студенттің іс-әрекетінің сыртқы сипаты 
болса (педагогикалық басқару, оқу тапсырмалар жүйесі, дидактикалық құрал және т.б.), екінші 
жағынан, өзіндік ізденіс барысындағы субъектінің ішкі (шығармашылық сипат, іс-әрекет тәсілі мен 
мазмұны, мотив, өзін-өзі басқару) сипатында болады. Осы айтылғандардан білім беру институтының 
қазіргі қоғам дамуына сай 
мақсаты
студенттің оқу-зерттеу іс-әрекеттерін қалыптастырып дамыту.
Ал оқу-зерттеу іс-әрекеті – бұл студенттердің танымның ғылыми әдістері мен тәсілдерін өз бетімен 
қолдануға басымдылық берілетін және нәтижесінде білімді белсенді түрде игеретіндей, сонымен бірге 
олардың зерттеу біліктері мен қабілеттерін дамытатындай заңдылықты, байланыстар мен 
қатынастарды, эксперименттік тұрғыда бақыланатын немесе теориялық тұрғыда талданатын 
фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді түсіндіру мен дәлеледеулерді іздестіруге бағытталған педагог 
ұйымдатыратын іс-әрекет. 


168
Оқу-зерттеу іс-әрекеті кезінде зерттеуші тұрғысындағы студент пен зерттеуші ғалым арасында 
өзіндік ұқсастықтар мен өзгешеліктер бар. Ұқсастықтарға мақсаттың бірлігі – екеуінде де жаңалық 
ашылады; мәселені қою, ақпарат жинау, талдау, болжам айту, оны тәжірибе арқылы тексеру, 
теориялық негізеу, қорытынды жасау; зерттеу тәсілдерінің ұқсастығы – бақылау, эксперимент
салыстыру, моделдеу, индукциялық және дедукциялық тәсілдер. Ал өзгешеліктерге – зерттеу 
нәтижесін алуға болады, ғалымда – объективті жаңа дүние болса, студентте – субъективті нәрсе; 
орындалу деңгейінде, ғалым өз бетімен зерттеу жүргізеді, ал студент оқытушы жетекшілігімен жұмыс 
жасайды.
Сонымен, қазіргі білім кеңістігіндегі өзгерістерге сәйкес білім берудің негізгі мақсаты адамды 
болашақ қоғамдағы іс-әрекетіне дайындау деп есептейміз. Осы реттегі білім берудің мазмұны 
студенттің оқу-зерттеу іс-әрекеттерінің әдістері мен түрлерін меңгеруі. Ал пәндік мазмұн, дербес 
жағдайда, математика мазмұны оқыту құралы ретінде қарастырылады. Білім беру бағдарламасында 
математика мамандығына қажетті мазмұнды анықтауда алдыңғы қатарлы университеттік 
математикалық мазмұн қарастырылды, шетелдік математик-мамандармен бірлесе талданды, отандық 
білім беру талаптары ескеріліп, соңында бағдарлама бірнеше жаңа пәндермен толықтырылды [4].
Мазмұнмен жұмыс жасағанда мынадай міндеттер шешіледі: 
1) Математиканы меңгеруге келген студенттің өз бетімен жұмыс жасауын, нақтылы жағдайда 
шешім қабылдай алуын, оқу үрдісіне талап қоя білуін қаматамасыз ететін субъективті көзкарасын 
қалыптастыру керек. Ол үшін мазмұн студенттің өз оқу бағытын, деңгейін, көлемін таңдауға, оны 
меңгеру уақытын мөлшерлеуге, нәтижеге жетуіне жауапты болуына мүмкіндік беретіндей етіп 
құрылуы керек; 
2) Студен алдына қойылған мақсатқа жетуі үшін мазмұнды, жекелеген модульдерге бөлінген оның 
әрбір бөлігін, әрбір жаңа ақпарды бұрынғы бар біліммен ұштастыра отырып жоспарлау; 
3) Студентті дамыту технологиясын іске асыру, яғни мазмұн студенттің ақпарды жинауына, 
саралауына, нақтылы жағдайға бейімдеуіне, кәсіптік мәселені шешуіне бағытталып құрылған болуы 
керек; 
4) Мазмұн кезекті деңгейді меңгергендігін тексеретін механизм ұсынумен қатар, студентті кәсіптік 
қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік беретіндей материалмен қамтамасыз етуі керек. 
Әзірленген білім беру бағдарламасының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет