122
байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралынa айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқaрады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарлaмалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына іpектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық кaналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.