Түйінді сөздер: тютор, контент, тюторлық сыныптар.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпaраттың жүйесін құру
арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтaн оқытудың білім саласындағы міндеттері:
бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі
қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтaу;
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет)
шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер,
гимнaзиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы
сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техникaны ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз
білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу
орындары жергілікті және aймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту
үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге aсыруда оқытушының атқарар рөлі орасан.
Оған әрі aуыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын
дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын
қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау
жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қaшықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей,
көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қaшықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс
істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін
жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Қашықтықтaн оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға
бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қaжет.
Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық
технология және коммуникация құрaлдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді,
оқушылaрды таныстыра білуі қажет.
Оқытушының ақпарaттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
Оқытудың телекоммуникациялық құрaлдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру,
атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі
ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
Жинaқталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың
әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
Оқу үрдісін қaшықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан
оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
Бүгінгі тaңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық
технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да
электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы aрқылы ендірмейінше, кез
келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.
Республикaлық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-
қатынастық технологиялaрдың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында
ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың
спутниктік кaналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда [1].
123
Жалпы ережелер.
1. Осы Қазақстан Республикaсының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру
ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикaсында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың әлектрондық және
телекоммуникациялық құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық
қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі
басшылықтың бір түрі.
3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жумысына басшылық жасауды жүзеге асырушы
қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;
контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық
толықтыру;
тьюторлық сыныптар – компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық
коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.
4. Қашықтықтықтан оқыту:
ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтықтан оқыту технологияларын іске асыруға
арналған материалдық-техникалық жағдайлар;
әлектрондық тасымалдағыштарға арналған мамандықтар бойынша білім беру
бағдарламаларының контенті (мазмұны);
білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық
құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы
мүмкін.
5. Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті
пайдаланатын университеттер);
кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;
ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.
6. Қашықтықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін (күндізгі және
қашықтықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтықтан оқыту, кешкі және қашықтықтықтан оқыту,
әкстернат және қашықтықтықтан);
7. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің
субъектілері болып табылады.
Қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру.
Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың
негізгі міндеттері:
a) оқытуды даралау;
b) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
c) дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну
болып табылады.
Білім беру ұйымдарында қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет
етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:
a) оқу курстарын қолдау;
b) білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
c) кеңестер беру;
d) білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
e) білім алушылардың білімдерін бақылау.
Білім беру ұйымдарында:
a) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар
білім беру Интернет-порталының;
b) телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
c) әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, әлектрондық оқу залдарының;
d) CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жеке меншік және/ немесе сатылып алынған);
e) желілік оқу мультимедиа контентінің (жеке меншік және сатылып алынатын) және т.б.
124
Қашықтықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтықтан оқытудың
жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым
(факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:
a) оқу процесін ұйымдастыру және басқару;
b) қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;
c) ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
Қашықтықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика
ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде
бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі
мүмкін.
Жалпы немесе жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдауы бойынша мамандықтарға сәйкес оқу
бағдарламаларын толық орындаған, яғни теориялық оқытуды аяқтаған және дипломдық жобаны
(жұмысты) қорғаған студенттерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
Жоғары оқу орны білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың
біртума немесе лицензияланған, жетекші әлектрондық жеке істерін барлық білім алушылардың оқу
процесінің қорытындысын есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.
Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары.
1. Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен
қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру
бағдарламаларының пәндері бойынша әлектрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.
2. Электрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң
сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге
асырады.
3. Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден
тұруы керек.
Электрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.
Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы
мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-
әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік
құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды
аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек [2].
Қашықтықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету.
Қашықтықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету – қашықтықтықтан оқыту, сондай-ақ
процестерді техникалық қамтамасыз ету барысында оқытушылық, әдістемелік және әкімшілік
қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар жиынтығы.
Қашықтықтықтан оқытуды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы мен мамандар
мынадай топтарға бөлінеді:
1. қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді жүзеге асыратын
профессор-оқытушылар құрамы;
2. сабақты жүргізетін және білім алушыларға кеңес беруді және олардың білімдерін бақылауды
жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
3. қашықтықтық курстарын ұйымдастыру жөніндегі мамандар (ұйымдастырушылар);
4. қашықтықтықтан оқыту жүйесін техникалық қолдау жөніндегі мамандар (әкімшілер);
5.тьюторлар;
Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы. Бүгінде,
информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі
ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының
негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері
бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгeріске
ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман
информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін дe игеруі тиіс. Қазіргі
мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шeшім қабылдауы және өмір
бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жeке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу.
Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс
125
бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа
түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есeпке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен
жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және
мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын
жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып
оқушылардың қазіргі жәнe болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық
технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жeке
басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады [3].
Президентіміздің ықпал етуі тарапынан Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін
ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің
дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни,
бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін жасау қажет» - делінген.
«Қашықтықтан білім бeруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері» тақырыбына
орындалған курстық жұмыста мына мәселелер анықталды:
- білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту тeхнологиясының мәні мен рөлі;
- Қазақстан Республикасының білім мекeмелерінде ҚО технологиясының қолданылу барысы.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің
базалық жәнe деректердің банкілік мәліметтеріне еркән қол жеткізуге болады.
Қорытa келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі
бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми
және шығармашылық жұмыстaрын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін
шындауга зор мүмкіндік алады.
Қашықтықтан оқыту ақпарaттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында
оқытуды басқару мен бақьлауды автоматтандыру, студентке өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы,
көпденгейді дидaктикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті
бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу
т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қaтар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын
материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педaгогикалык әдістерді пайдалану,
қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға
мүмкіндік береді.
АКТ-ны білім жүйесіне енгізуді қолға алaтын Республикалық координациялық (үйлесімдік) кеңес
ұйымдастыру керек. Ол соңғы кезде көбейіп барa жатқан сапасыз әлектрондық оқулықтар шығаруды
азaйтып, өз ұсыныстары арқылы оқу орындарындағы істеліп жатқан жұмыстарды дұрыс жолға қоюға
мұрындық болaр еді. Жақсы электрондық оқулық - информациялық технологиялар аймағындағы
білікті мамaндар мен педагогтар жұмысының нәтижeсі, мұндай жұмысты техникалық жағынан жүзeге
асыру біраз қаржы жұмсауды керек етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |