Түйін сөздер: Жаңа технология, цифрлық дәуір, цифрлық Қазақстан-2020, жаһандану, цифрлы
журналистика, медиаконтекст, медиакеңістік, мультимедиа, электронды журналистика, интернет
журналистика, интерактивті графика.
Елбасымыз Н. Назарбаев “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері” атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: “Бүгінде әлем
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік
салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай
іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
2018 жылы «Цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші
бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек” деген нақты басымдықтарды ұсынды.
Сонымен қатар елімізде «Цифрлық Қазақстан-2020» кешенді бағдарламасы бойынша жұмыстар
басталып та кетті. Жалпы сандық тарату әдісі дегеніміз – хабарларды тарату жөніндегі «Sony»
компаниясы ойлап тапқан сандық жүйе [1]
болып табылады. Бұл бүгінде әлем бойынша хабар
таратудың ең тиімді әдісі есебінде саналады. Ол спутниктік қабылдау аппаратурасының жылдамдық
пен жинақылыққа қол жеткізуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ мұндай әдістің ең тиімді тұсы –
ақпаратты қабылдаудың арзанға түсетіндігі. Жаңа технология түрлі қалаларда орналасқан студиялық
жабдықтарды қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Ол талшықты-оптикалық жүйенің бөлінбес бөлігі ретінде бір мезгілде екі бірдей сандық арнаны
қабылдауға және таратуға мүмкіндік береді [2].
XXI ғасыр – ғылыми техникалық революцияның шарықтау шегіне жетіп, адамзат өркениетінің
жаңа-цифрлы деңгейге көтерілген кезеңі. Өткен ғасырдың соңында басталған жаһандану үрдісі әлем
елдерінің біртұтас жаһандық-ақпараттық нарықты қалыптастырып, мәліметтік қамалды, яғни
кедергілерді біртіндеп жоюға әсерін тигізді. Заманауи технологиялардың адам өмірінің барлық
салаларында қолданылуы қоғам дамуының заңдылықтарын айқындап, әлеуметтік-саяси мәселелер
жайлы мағлұмат беретін бұқаралық ақпарат құралдарына да жаңа жанрлар мен тенденциялар әкелді.
134
Біздің ойымызша, ғаламтордың индивидуализациялануы дәстүрлі жаңалық тарату жолдарының
эволюциясы-мультимедиялық журналистиканың қатыптасуына ықпал етті.
Цифрлы журналистика ғаламтордың дамып, өркендеуінің нәтижесінде пайда болған
медиасфераның жас жанры. Заманауи журналистикаға жылдамдық, инфоцентрлік және
интерактивтілік тән. Сондықтан, бұл формадағы журналистиканың дамуының басты трендтері ретінде
виртуалды шындықты, коллективті пікір алмасу мен салааралық байланысты қамтамасыз ететін
мамандық түрі сынды қасиеттерін алуға болады. Журналистиканың жаңа медиаконтексті қоғам
өмірінде жаңа медиакеңістіктің негізін қалады. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірнеше он жылдықтар
бұрын тілшілер өз бағдарламаларын теледидар арқылы көрсету үшін телемұнараға арнайы жазылған
кассетаны жеткізіп үлгерулері қажет еді, ал баспа ісімен айналысатын журналистер мақаласын
жариялау үшін және газет беттерін құрастыру үшін көп тер төгетін. Цифрлы журналистика аталған
мәселелерді шешіп, оқиғаны дәлме-дәл уақытта жариялап, халыққа сенімді хабар жеткізуге мүмкіндік
туғызды. Сондықтан журналистика Арнольд Мэтью атап өткендей, жол-жөнекей жазылатын әдебиетке
айналды. Сонымен қатар, ұялы телефондар мен планшеттерге арналған арнайы қосымшалар
жаңалықтың жылдам, мобильді түрде таралуының кепілі болып табылады. Мысалы, күнделікті газет-
журнал алуға уақыты жоқ, бірақ, әлем жаңалықтарынан хабардар болғысы келетін адамдар Nur. kz,
Tengrinews сынды ақпараттық агенттіктердің қосымшаларын жүктей алады. Сондықтан, интернет
журналистика самсаған сары қолдың жаңалыққа деген қол жетімділігін арттырады.
Ғаламтор – қолданушылардың ақпарат және пікір алмасуына арналған жүйе, сол себепті
мультимедиялық журналистикада да оқырмандарға өз ойларын еркін жеткізуге жағдай жасалған.
Жаңалықтар сайтындағы арнайы функциялардың көмегімен оқырман белгілі бір оқиғаға қатысты
өзінің сын-пікірін коментарий ретінде білдіре алады. Сондай-ақ, интернет журналистикасы арқылы
мамандар түрлі әлеуметтік сауалнамалар мен зерттеу жұмыстарын кең аудиторияны қамту арқылы іске
асу мүмкіндігіне ие. The Economist Intelligence Unit атты британдық орталықтың статистикалық
мәліметтеріне сүйенетін болсақ, 167 елдің тек 25-інде ғана толық демократия қалыптасқан, демек
салыстырмалы түрде демократиялық көрсеткіш жоғары елдердегі журналистика өзіне жүктелген
міндеттерді толығымен орындай алады, ал өзге 143 мемлекеттерде аталған сала белгілі бір дәрежеде
қысым көріп, жаңалық жаршылары тарапынан жұршылыққа объективті ақпарат жеткізілмейді.
Европадағы халық билігінің жоғары болуы дамыған елдердегі электронды журналистиканың
қоғамдық санада және социумда өз орнын тауып, билік өкілдерімен берік байланыс орната білуінде
деп білеміз, сондықтан төртінші билік өкілдері ғаламтор желісінің арқасында халықты жан-жақты
шынайы ақпаратпен қамтамасыз етудің қайнар көзіне айналды. Электронды журналистика ақпараттық
технологиялардың дамуының қозғаушы күші болып табылады, өйткені көрермен назарын аудару үшін
журналистер түрлі компьтерлік қосымшалар мен бағдарламаларды меңгеруі тиіс. Мақалаларды өңдеп,
сюжеттерді бір-бірімен байланыстырып,тың интерфейс пен дизайнды қолдану арқылы цифрлы
журналистика ғасырлар тоғысында қалыптасқан, жетілдірілген және кіріктірілген әлеуметтік
ғылымның саласына айналады. Қарапайым мысал ретінде интернет желісіндегі көркемдік палитрасы
жоғары сайттардың танымалдылығы да жоғары болатынын келтіруге болады.
Демек, сандық журналистика болашақ мамандықтарымен байланысты және өзге салаларға да
белгілі бір дәрежеде өз ықпалын тигізеді. Адам өмірін жарқын жаңалықтармен толықтырып, халық пен
үкімет арасындағы дәнекерге айналған цифрлы журналистика тұрақты даму концепциясының
қалыптасуын және әлемдік мәдениет мүддесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Заман ағымы мен қоғам
талабы өзгерсе де, басты мақсаты мен принциптері-объективті әрі шынайы ақпарат жеткізіп, дүниежүзі
тарихын жазуға үлес қосатын журналистика саласы әрдайым жаңарып, өркендеп отырады. Сондықтан,
мультимедиялық журналистика ақпараттық технологиялар дәуірінің басты символы, гаджеттер
әлеміндегі өнертабыстардың үздігі [3].
Бүгінде көз алдымызда әлемдік тәжірибеге негізделген, оперативті, техникалық мүмкіндіктерді
жан-жақты пайдалана білетін және нарықтық экономиканың принциптерін ескерген әмбебап қазақ
журналистикасы жан-жақты әрі қарқынды дамып келеді. Соның ішінде технологиялық дамудың
негізінде пайда болған журналистикадағы бірегей үдеріс – сандық технология, бұқаралық ақпарат
құралдары мен байланыс нарығының қайта жаңғырып, халық талғамының өзгеруі – медиа кеңістіктегі
конвергенция үдерісінің пайда болуына, дамуына әкеліп отыр. Өзіміз көріп отырғандай, сандық хабар
тарату жүйесі бұқаралық ақпарат құралардарында контент ұсыну, оны сақтау және таратуға жаңа леп
әкелді. Контентті интернет порталда орналастырып, әлеуметтік желіде бөлісу арқылы оны қанша адам
көргенін немес оқығанан анықтау мүмкіндіктері пайда болды. Бұл өз кезегінде жаңалықтың
қаншалықты маңызды болғанының көрсеткіші. Турасын айтқанда, журналистика саласы және
ақпараттық мекемелер бүгінде сын сағатта тұр. Жаңа заман ұсынып отырған мүмкіндіктерді
135
журналистика әлі толыққанды пайдалана алмауда. Әлеуметтік желі мен мобильді телефонияның
мүмкіндіктері ақпарттық нарықты кеңейткені соншалық, журналистика сол нарықтың бір кішігірім
бөлігі болып қалғандай. Дегенмен, журналистиканың бітім-болмысы еш өзгермеді. Тек нарықтық
экономикаға бейімделу жолында масштабтау, жылдамдық және табыс табу көздерін іздеп дамуда.
Ал, сандық хабар тарату мәселесіне келсек, ол бұқаралық ақпарат құралдарында бір контентті
бірнеше салада (телевизия, мерзімді баспасөз немесе радио) бірдей пайдалануға мүмкіндік берді. Ал
біздегі отандық хабар тарату нарығы әлі толыққанды сандық ақпарат таратуға көшіп үлгермеді.
Мемлекеттің қолдауымен жартылай ғана ауысып тұр. «Қазтелерадио» АҚ жоспарына сәйкес
тұрғындарды эфирлік сандық телеарналармен қамту көлемі 2019 жылға қарай 95 процентті құрауы
тиіс. Мәселен, «OTAU TV» тікелей жерсеріктік хабар тарату жүйесі жазылушыларының санын биыл
800 000 абонентке жеткізуді көздеп отыр екен.
Мысалға алар болсақ, 2013 жылы «Әлем журналистикасындағы бес негізгі трендтер» анықталды:
қарапайым репортерлерге қарағанда «Халықтық тілшілердің» сенімге ие болды;
ақпараттық агенттіктердің 40%-ы контенттердің пайда табуы үшін мобильдік қосымшаларды
қолданады;
33% медиаагенттіктердің басылым беттеріне уақыт жұмсағанша, интернетте дереу жарық
көретін жаңалықтарын интернет сайттарда жариялауды қалайды;
журналистиканың болашағы – «интерактивті графикада» болып отыр;
51% журналистердің Twitterдегі секілді бастапқы көзі оларға таныс болса, микроблогтағы
ақпараттар негізінде сюжет жасай алады.
Егер, 2013 және 2017 жылдардағы үрдістерді салыстырар болсақ, онда олар көп жағдайда
ерекшелене түседі. Мәселен, салыстыруға “Opennemasтан Кеңесін” және “Nieman Lab” Гарвард
университетін алсақ, олар осы жылғы әлем журналистикасындағы мынандай үрдістерді атап көрсетеді:
сапалы контенттер тегін болмайды;
виртуальды байланыс сақталады;
жергілікті аудитория дамиды;
оқырмандар дауыс
береді;
мессенджерлерде және стикерлерде жаңалықтар жарияланады [4].
Қазіргі күні әлем журналистикасының дамуын айқындайтын негізгі 4 фактор ұсынылады. Атап
айтқанда:
жаһандану немесе глобализация (ықпалды қызмет атқарушысы: жаңа ақпараттық
технология, интернет журналистикасы, ақпараттық қатынастың жаңа құралдары мен
бағыттары);
бұқарасыздандыру
немесе
демассовизация
(дәстүрлі
БАҚ-тың
ақпарат
қабылдаушылары азайып, олардың түрлі топтарға бөлінуі, аудитория үшін таңдау жасау
мүмкіндіктері кеңейгендіктен ақпарат қабылдаушыларды мақсаттарына қарай анықтау мүмкін
болмауда);
орталықтандыру немесе конгломерация (БАҚ-тардың бір қолға шоғырлануы қарқын
алып, бір ақпарат бірнеше арна арқылы көпке тарайтын болды);
ұқсастырылу немесе конвергенция (БАҚ атаулының өзара жақындасуы, ұқсастық
табуы, тың технологияның нәтижесінде жаңасы мен дәстүрлі ақпарат құралдары арасындағы
айырмашылықтардың азаюы, екеуінің де қосарлана қолданылу үрдістері).
Бүгін қазақ медиа жүйесінде жоғарыда аталған бағыттар белгілі деңгейде көрініс тауып отыр. Кей
жағынан қарқынды өрістеу бағыты байқалып отырғанын анық аңғаруға болады.
Бүгінде бізде БАҚ тек сан жағынан ғана өсіп отырған жоқ. Ақпарат құралдарының жаңаша түрлері
де пайда болуда. Атап айтсақ, онлайн баспасөз, кабелдік телевизия, қысқа толқынды радио, смартфон
немесе ұялы байланыстар арқылы ақпарат тарату, мобайлдық ақпарат қабылдау мүмкіндік туып отыр.
Сонымен қатар медиа жүйесі өз ішінде интернет журналистика, із кесу журналистикасы, азаматтық
журналистика, БАҚ жарнамалық насихаты, экономикалық және, экологиялық журналистика, талдау
журналистикасы т.с.с. бағыттарға бөлінді.
Медиа қызметіне сандық технологияның енгізілуі арқылы интернет жүйесі кино мен телевизияның
қимыл-қозғалысын, іс әрекетін, радионың дыбыс-дауысын, фотожурналистиканың бейнелеу
тетіктерін, мерзімді баспасөздің мәтіндік барлық нұсқаларын, онлайн кітап, құралдарды және
пошталық байланыстың барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланатын болды. Барлық газет-журналдар
дерлік өздерінің интернеттік нұсқаларын жасап алды. Радио мен телеарналар да бағдарламаларын
интернет арқылы ақпарат қабылдаушыларға ұсына алатын жағдайға жетті. Мұның бәрі ақпараттық
136
кеңістік пен уақытқа тәуелділікті азайтып, оның жеделдігі мен баршаға ортақ болу мүмкіндігін
кеңейтті. Нәтижесінде, ақпараттық сыйымдылықтың көлемі едәуір артумен қатар БАҚ-тың интерактив
сипатын қарапайым көрініске айналдырды. Олар ақпарат қабылдаушылармен кері байланыс жасап,
пікірлесетін мүмкіндіктерге ие болу арқылы азаматтық журналистиканың дамуына кең жол ашты.
Оның жемісі ретінде мынандай мәселелерді ерекше атап көрсетуге болады:
журналистика жайындағы дәстүрлі ұғымның қамтитын аясы кеңейіп, мазмұны өзгерді;
журналистиканың дербес институт ретіндегі сипаты өзгеріп, бұқаралық ақпараттық қатынастан
гөрі «Маss communiication»-нің құрылымына айналды;
ақпарат - тауарға, бизнеске айналып, көптеген БАҚ оның өзін басты мақсат етіп алға шығара
бастады;
желілік ақпарат әлеуметтік қызметтің барлық саласына дендеп еніп, журналистика
функциясының белгілі бір бөлігін блогерлер атқаратын болды;
журналистиканың жаңа ағымдары (азаматтық, экологиялық, із кесу, экономикалық, саяси,
талдау, онлайн журналистика т.с.с.) пайда болып, оның өзі ақпарат қабылдаушылардың түрлі топтарға
бөлінуіне ықпал ете бастады;
тың жаңалықтар дайындау журналистің ғана емес, сайт, порталдардың да құзырындағы ортақ
іске айналды;
әрбір тың ақпаратты таратуға мүдделі тұлға оның көздерін сандық технологияның көмегімен
қалаған бағытына жібере алатын болды;
бұрын кімнің не жазатынын басқарушы ұйымдар, БАҚ басшылары шешіп келсе, енді ақпарат
қабылдаушылар іс жүзінде тапсырыс берушіге айналды. Айталық, ақпаратты тұтынатын ортаның
сұранысын зерттемей тұрып, баспасөз ісін жүргізу мүмкін болмай қалды;
интерактивтік сипат елеулі орынға шығып, ақпарат қабылдаушылар өздері ақпараттың
мазмұнын жасауға ықпал ететін жағдайға жетті;
журналистика мамандығы туралы дәстүрлі ұғым түбірімен өзгеріп, жаңа ақпараттық
технология оның мазмұнын тереңдетіп, арнасын кеңейтті, сапалық жаңа талаптарды қоя бастады;
БАҚ-ты басқарудан бастап, жаңалықтарды, хабарларды дайындау үрдісіне Батыс елдерінің
тәжірибелері, шығармашылық тәсілдері біртіндеп ене бастады;
азаматтардың сөз еркіндігі, ойларын ашық білдіру бостандығы аздап болса да шынайы
көрініске қарай бет алуда. БАҚ жариялылық пен пікіралуандықтың мінберіне айналуына мүмкіндіктер
ашылды.
Мәселені түйіндей келе мынандай қорытындыға келдік:
Достарыңызбен бөлісу: |