48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет77/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   295
Байланысты:
3-книга

Түйін сөздер: ақпараттық технология, ұтқыр құрылғылар, үлкен деректер, деректерді өңдеу 
орталығы, ақпараттық технология-сауаттылығы, IaaS - Инфрақұрылым сервис ретінде, SaaS – 
программалық жасақтама сервис ретінде, PaaS – платформа сервис ретінде 
 
Ақпараттық технология (АТ) саласының динамикалық дамуы барлық оқу мекемелері үшін жаңа 
мәселелер мен жұмыс істеу принциптерін: болашақ мамандардың шағын аясында білім берудің 
сапалылығын ғана емес, сондай-ақ мамандарды жұмыс істеу ортасында өз міндеттерін барынша тез 
және тиімді орындауға мүмкіндік беретін іскерлік тәжірибе мен дағдылардың тұтас спектріне оқытуды 
ұсынады. Ақпараттарды пайдалануды жаңа деңгейге әкелетін технологиялар пайда болды, оны 
ұйымдастыру мен бәсекелес күресті дамытудың негізгі алға бастырушы механизмдерінің бірі етеді. 
Бұл жаңа технологиялар басқару, ендіру, пайдалану және оқыту тұрғысынан қарағанда жаңа тәсілдерді 
талап етеді. Оларға, бәрінен бұрын, бұлттық технологияларды, ұтқырлылықты және үлкен деректерді 
жатқызуға болады. 
SAP SE (
ағылш.
«Systems, Applications and Products in Data Processing Societas Europaea» sap.com) 
программалық жасақтаманы дайындаумен айналысатын неміс компанияларының деректері бойынша, 
АТ-ға 2016 жылға 75 пайыздан астам жаңа шығындар бұлттық сервистермен және CIO (Chief 
Information Officer) 70 пайыздан астамы негізгі стратегиялық мәселелердің бұлттық шешімдерге көшуі 
болып есептеледі [1].
Бұл деректер аналитиктер, кеңес берушілер, менеджерлер мен АТ нарығымен байланысты барша 
мамандар бұлт (деректердің бұлттық қойма ұғымы ағылшынның cloud storage сөйлемінен) бола ма, 
жоқ па және қаншалықты кеңінен пайдаланылатыны туралы дауласқанша cloud тек қана еніп қойған 
жоқ, ол АТ әлеміне ұшып кірді десе де болады. 
Бүгінгі таңда оларды таңдау, ендіру, пайдалану және жүзеге асыру құралдарын максималды 
жылдамдықпен іске асыру қажет. Егер халықаралық ұйымдар бұлтты қолданудың стандарттары мен 
заңды нормативтерін 10 жылға жуық дайындаса, Қазақстан бұл дамудың ең бастапқы кезеңінде. 
Ақпараттық коммуникациялық технологияны (АКТ) дамытудың «Ақпараттық Казахстан – 2020» 
Мемлекеттік бағдарламасында деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) құрылысының отандық 
экономиканың приоритетті бағыты ретінде мақұлданғаны бекер емес. Осыған байланысты 
республикада бұлттық технологияны дамытуда белсенділік танытады [2].
Кейбір фактілерді қарастырайық. 2012 жылы қыркүйек айында еуропалық комиссия «Еуропада 
бұлттық есептеулердің потенциалын ашу» стратегиясын дайындады. Оны құрушылардың 
тұжырымдауы бойынша құжатты құру мақсаты бұлтты инновацияны экономикалық алға бастырушы 
ету болды. Ал бұл нормативті және заңды фундаментсіз мүмкін емес.
Еуропалық комиссия әрі қарай нақтыландыратын өнеркәсіптің жеке салалары үшін, дербес 
жағдайда медицина, әлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қойылатын талаптардың 
жалпы қабылданған анықтамаларынан бастауды ұсынады. Осындай талаптарды құру бұлттық 
сервистерді таңдау мен пайдалануға жұмсалатын шығындарды қысқартуға және олардың 
интероперабельділігін (
ағылш
. interoperability – «өзара әрекеттесуге қабілеттілік») арттыруға 
мүмкіндік береді. 
Стратегия үш түйін бөлімдерден тұрады: 
1.
Келісімнің қауіпсіз және ақиқат шарттары. Стратегияның бұл бөлімінде келесі сұрақтар 
талқыланады: 

деректерді келісім біткеннен кейін қорғау; 

деректерді ашу және тұтастығы; 

деректердің орналасуы мен жіберуі; 

деректерге жекеменшітік құқығы; 

бұлттық провайдерлер мен қосалқы мердігерлердің сервистің өзгеруіне тікелей және тікелей 
емес жауапкершіліктері. 
2.
Қажетті 
техникалық 
стандарттарды 
айқындау. 
Стратегияның 
бұл 
бөлімі 
пайдаланушылардың интероперабельділіктің қажетті деңгейіне, реверсивтілігіне жетуге мүмкіндік 


89
беретін бұлттық сервистердің техникалық стандарттарын анықтауға арналған. Бұл бөлімде комиссия 
мүшелері сертификациялық сұлбаларды құруға жұмыс істейді.
3.
Еуропалық ұлттық серістестікті құру. Стратегия авторларының пікірлері бойынша мұндай 
серіктестікті құру өнеркәсіптің әр түрлі салаларын, соның ішінде бұлттық сервистер үшін ашық және 
айқын тәсілмен жалпы сатып алатын талаптарды құру бойынша экономиканың көпшілік секторында 
біріктіруге күш салады. Бұл жұмыста көпшілік секторы ойыншы ретінде сервистік бұлттар нарығында 
маңызды рөл атқаратынын басшылар мойындайды. Әйтсе де, экономиканың бұл секторы көрнектелген 
және аз әсер ететіні ескертіледі, сондықтан да серіктестікте экономиканың басқа саласының да өкілін 
қосу қажет болады [3]. 
Стратегияны құруға АТ мен телекоммуникацияның жоғары білікті сарапшылары, сондай-ақ, 
мемлекеттік мекемелердің АТ мамандары жұмылдырылды. Сонымен қатар, еуропалық комиссия бір 
сервистік провайдерден басқасына өтуді ықшамдауға арналған әдістерді құруға жұмыс істеді. Егер 
бұлттардың қауіпсіздігі туралы айтатын болсақ, онда аудиттің «Бұлттық ортасының қауіпсіздік 
жағдайын бағалау сауалнамасы» (
ағылш
. Cloud Security Alliance, https://cloudsecurityalliance.org/) осы 
ұйымның Ресейлік бөлімшесінің сайтында орналасқан (http://www.risspa.ru/csa/caiq) орыс тіліне 
аударылған стандарты ертеректен бар және бұлттық провайдерлерді талдауға қазірдің өзінде 
пайдалануға болады.
Бұлттық технология нарығының көптеген бөлігі IaaS-ты (
ағылш
. Infrastructure as a Service – 
Инфрақұрылым сервис ретінде) құрайды немесе қысқаша айтқанда ДӨО Жалдау.
Бірақ, SaaS (
ағылш
. software as a service – программалық жасақтама сервис ретінде) белсенді түрде 
алға жылжуда және аналитиктердің бағалауы бойынша жақын уақытта IaaS-ты озып кетеді.
PaaS (
ағылш.
Platform as a Service
– 
платформа сервис ретінде) нарығы Еуропа елдері мен АҚШ-на 
қарағанда Ресей мен Қазақстанда нарықтың аз ғана бөлігін алады. Бұл жерде басты мәселе 
пайдаланылатын платформаның әр түрлілігінде және осы сегменттегі аталған нарықтардың 
кедейлілігінде болуы мүмкін.
Егер SaaS шешімінің функционалына көңіл аударатын болсақ, онда бұлттардың ширек нарығы ERP-
жүйе (
ағылш
. enterprise resourse planning – өндіріс ресурстарын жоспарлау) нарығына келеді. 
Компаниялар бұлттық шешімдерді пайдалануға дайын. Пайдаланудың бұлттық моделі, бәрінен бұрын 
SaaS заманауи АТ-дың көптеген проблемаларын шешуге мүмкіндік береді: 
- ақпараттық жүйелерді (АЖ) ендіретін жобалар құнының жоғарылығы, мерзімнің ұзақтығы және 
үлкен тәуекелдер
- жекеменшік АЖ иемденген кезде иілгіштіктің жетіспеушілігі; 
- иемденудің біріккен құнының жоғарылығы; 
- қондырылған программалық жасақтаманың көптігі, бірақ аз немесе мүлдем пайдаланылмауы; 
- АТ-нарығына қатысы жоқ компаниялардың қажеттілігі, жоғары білікті АТ-мамандарының 
штаттарын жалдау, қамту және ұстау.
Осының бәрі жеке немесе будан бұлттарды пайдаланғанды жөн санайтын ірі компаниялар үшін 
негізгі болмауы мүмкін. Бірақ бұл проблемалар орта және кіші бизнес компанияларына заманауи АТ-
сервистерін алуға кедергі келтіреді және олар қолдау жағдайындағы сервистерге қанағаттануы мүмкін. 
Бұлттар жас компаниялардың көпшілігіне бұлттан АТ-сервистеріне қажеттісін ала отырып, осы 
сервистерді икемді түрде ауыстырып оларды пайдалану қуаттылығы мен сапасын жеңіл арттырып 
негізгі қызметтеріне шоғырлануына мүмкіндік береді. 
Ұтқыр құрылғылар да нарықты белсенді түрде жаулап алуда. Атап айтқанда, еуропа 
комиссиясының баяндамасына сай ұтқыр қосымшалар Еуроодақта 2013 жылға қарағанда 2018 жылдың 
басына үш есе – 18,7 млрд.евроға дейін өсті. Dimensional Research зерттеулерінің нәтижелері бойынша 
компаниялардың жартысынан артығы өздерінің қызметкерлеріне жеке ұтқырлық құрылғыларын 
корпоративтік желілерге қосуға рұқсат береді. Және бұл технологиялар ұзақ уақыт бойына 
пайдалануға тұра ма жоқ па деген шешімді қабылдау мақсатында нарықтың бақылауында болды. 
Кәсіби қызметте ұтқыр құрылғыны неге қолдануға болмайтыны туралы дәлел бірінші кезекте 
қауіпсіздік мәселелері мен қызметкерлердің үнемі жұмыс үрдісінде болғысы келмейтіні 
қарастырылды. Әйтсе де, кейбір жеке компаниялардың тәжірибесі ұтқырлықты пайдалану ұйым 
қызметінің тиімділігін арттыру үшін зор мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Шынында да, өз уақытында қабылданған шешім компанияға маңызды әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, 
өзінің жұмыс ерекшелігіне (мысалы, сақтандыру агенттері, жүргізушілер, және т.б.) байланысты 
стационар жұмыс орнымен жабдықтала алмауы мүмкін қызметкерлердің бизнес-үрдісіне немесе 
техгологиялық үрдісіне қосылуы компанияға осы үрдістерді жаңа түрде ұйымдастыруға мүмкіндік 
береді. Осы салада стандарттау мәселелері де белсенді түрде зерттелуде.


90
Ұтқыр құрылғының заңды негізделуі бәрінен бұрын жеке мәліметтер туралы заңмен байланысты. 
Қызметкердің үшінші тұлға арқылы оған тиесілі құрылғыларға корпоративті сервистермен қатынауға 
байланысты жауапкершілікті анықтайтын заңдар және осы құрылғылармен жұмыс істеу ережелері 
пайда болуы керек шығар. 
Ұтқырлық бұлттармен тығыз байланысты. Ұтқыр құрылғыларды пайдаланған кезде, яғни 
корпоративті АТ-сервистерге Интернет арқылы қатынаған кезде программалық жасақтаманың 
орналасқан жері маңызды болмай қалады.
Үлкен деректер (
ағылш
. Big Data) – бұл қарастырылып отырған технологиялардың ішіндегі оны 
болашақта кеңінен пайдалану тұрғысынан алғанда анықталмағаны болып табылады. Осындай 
қатынастар бәрінен бұрын «үлкен деректер» терминін дұрыс емес талқылаумен байланысты. Үлкен 
деректер ұғымы ретінде деректердің үлкен көлемін ғана түсініп қоймайды. Әйтсе де, McKinsey-дің 
классикалық анықтамасы «үлкен деректер» терминін өлшемі деректер қорын басқару бойынша типтік 
программалық жасақтама мүмкіндігінен асып кететін деректер жиынына қатысты екенін анықтайды 
[4].
Үлкен деректердің тағы бір аспектісі бар, ол – үйреншікті құрал-жабдықтармен өңдеуге мүмкін 
болмайтын әр түрлі форматтағы деректер жиынымен жұмыс істей алады. Әлемдік АТ-нарығын 
зерттеумен айналысатын халықаралық IDC зерттеу компаниясының 2020 жылы біздің ғаламшардың 
әрбір тұрғынына жинақталған деректер 5200 гигабайтқа жететіні туралы пікірін ескерсек, пайдалы 
ақпаратты алу мүмкіндігі мен оны компанияның игілігі мен оның бизнесіне пайдалану мүмкіндігі 
шексіз болады. 
Практикада көптеген компаниялар өздері үшін үлкен деректерді түсінді. 2014 жылы күзде 
жүргізілген Accenture зерттеуі компаниялардың 60 пайызы үлкен деректермен байланысты кем дегенде 
бір жобаны сәтті аяқтады. Және осы компаниялардың өкілдерінің 92 пайызы нәтижеге қанағаттанды, 
ал 89 пайызы олардың бизнестерінің түрленуінің маңызды бөлігі болғанын айтып өтті [5]. 
Үлкен деректер үшін басқа қарастырылған технологиялармен салыстырғанда аз емес түрде 
ақпараттық қауіпсіздік маңызды болып табылады. Арнайы немесе байқаусызда зақымдалған деректер 
ескірілген ақпаратты пайдасыз ғана емес, ал компания үшін зиянды шешімдерге әкелуі мүмкін.
Жаңа технологиялардың технологиялық және басқару құраушылары. Жоғарыда қарастырылған 
жаңалықтар техникалық тұрғыдан алғанда таныс модельдердің дамуы болып табылады: бұлт – 
виртуализациялау, ұтқырлықты дербес компьютерлер мен ноутбуктер, үлкен деректер – бизнес-
аналитиканың дамуы ретінде қарастыруға болады. Дегенмен азаматтардың кең салада АТ-ның жаңа 
модельдері ретінде қарастыруға болатыны маңызды. 
Бұлттар АТ-қызметтерін жаппай және иілгіш көрсетуге көшуіне кімге пайдалы болуы мүмкін 
барлық тұлғаларға: мемлекет азаматтарына, ұйым қызметкерлеріне, клиенттер мен серіктестерге, 
компания өлшемінен тәуелсіг бақылаушы органдарға мүмкіндік береді. Қандай да бір сервисті алу 
жоғары шығынды және ұзақ мерзім орындалатын АТ-жобаларымен бұдан әрі байланысты болмауы 
мүмкін. Жеткізушілер де, тұтынушылар да жұмысты дұрыс ұйымдастыру АТ-сервистерін қарапайым 
және жылдам қосылуы және сұраныс берушілерге қажетті барлық сапамен иемденуі тиіс.
Ұтқырлық өнеркәсіптің қызметін түбегейлі қайта құруға, оның иілгіштігі мен автоматтандыру 
деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. 
Үлкен деректер өнеркәсіпке қажетті ақпаратты алуға, оны көрнекті түрде беруге және оперативті 
және стратегиялық басқару үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Қарастырылған технологияларға қызмет көрсету мен оларды жүзеге асыру жаңа тәсілдер мен 
стандарттарды талап етеді. Олардың инциденттер мен проблемаларға сенімділігі мен реакция 
жылдамдығына қойылатын жаңа талаптарды ескеру қажет. АТ-сервистері қызмет көрсету 
пайдаланушы істен шығып қалғанын анықтағаннан кейін оларды жөндеу емес, істен шығып қалатын 
жағдайды ескерту керек. Қайтадан қалыпқа келтіру мен краудсорсинг (
ағылш
. crowdsourcing, crowd – 
«жиын, топ», sourcing – «ресурстарды пайдалану») құралдарын белсенді пайдалану керек. Әлсіздерге 
максималды түрде көмектесетіндей, ал мықтыларға мүмкіндігінше еркіндік беретіндей нәзік 
классификацияны да қарастыру қажет.
АТ-сауаттылық. 
Қарастырылған 
технологиялар 
оларды 
құрал-жабдықтар 
ретінде 
қарастыратындарға жаңа талаптар қояды. ДК-мен жұмыс істей алатындарға компьютерлік 
сауаттылықтан ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын талап ететін АТ-сауаттылықты 
жаппай меңгеруге көшкенін ұсынады. Әйтпесе әрбір қызметкерге оған технологиялармен жұмыс істеу 
үшін бір, тіптен бірнеше АТ-мамандықтарды қосып беруге тура келеді. Ақпараттық технологиялар 
әрбір қызметкер осы құрылғыларды толық меңгерген кезде тек қана жеке тәсіл жағдайында ғана 


91
қолдана алады және өзінің жұмысында қажет болуына қарай пайдалана алады. Бұл АТ-мамандарын да, 
сол сияқты барлық қызметкерлерді де оқу әдістемесін толығынан қайта қарастыруды талап етеді 
АТ құзырлылығы – мамандар. Бұған дәлел – АТ өзінің дамуының жаңа жолына шығатынын АТ 
саласында жаңа мамандықтардың жаппай пайда болуынан көруге болады. Бұл қазіргі таңда көптеген 
шетел компаниялары айқындаған ақпарат бойынша менеджер, және америкалық университеттері 
дайындау үрдісінде. Бұл бір жағынан техникалық жазушы болып келеді, кәсіби стандарты жақында 
Ресейде бекітілді.
Бұлттар мен ұтқырлықтың дамуы дәстүрлі «эникейщиктердің» (ағылш. any key) сценадан кетуі, ал 
мамандардың қолдау бойынша күйзеліске түсетіні айқын. Пайдаланушылардың АТ-сауаттылық 
мәселесін дамыту саланың қажеттілігі болады және білім беру бағдарламаларын жедел түрде өзгертуін 
талап етеді.
 
АТ саласының динамикалылығы мен инновациялылығы АТ-пәндері бойынша мазмұнын үнемі 
өзгертуді талап етеді. Сондықтан да білікті АТ-кадрларын дайындау кәсіби білім беру мен АТ-
индустриясының тиімді өзара әрекеттесу жағдайында ғана шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет