93
мамандығына қатысты лексиканы игереді. Сондай-ақ сол алған ақпараттар арқылы сұхбат жүргізуді,
сырқатнама жазуды үйренеді. Қазақ тілінде көненің көзіндей болып, көптен келе жатқан бір алуан
сөздер анатомиялық атаулардың қазақша айтылуын білу, оны қолданысқа енгізу әрбір ағза атаулардың
сырына үңілуге жетелейді.
Медицина жоғары оқу орындарында қазақ тілін медицинамен байланыстыра оқыту өмір талабынан
туған нәрсе. Өйткені мамандығына қатысты арнайы мәтіндерді оқып кәсіби лексиканы меңгеру
арқылы өз ойын жазбаша және ауызша дұрыс жеткізуге дағдыланады. Пәндер арасындағы
сабақтастықты іске асыруда өтілетін тақырыптарға байланысты бірімен екіншісі ұштастырыла
өткізілсе, сабақ қызықты әрі түсінікті болады
.
Сондай-ақ қазақ тілі пәнінің психологиямен байланысын сабақ барысында айқын байқауға болады.
Психология студенттің психологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын болғандықтан, ол оқытудың әдісі
мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға қатысты
материалдарды дұрыс түсініп, тәжірибе жүзінде шешуге мүмкіндік береді. Оқытушы осы орайда өзінің
әрбір студентін, оның психикасын, материалды қабылдау және есте сақтау дағдыларының дәрежесін
білуге жағдай жасайды, студенттерді жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Студенттердің
психологиясын, жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму үрдісін білмей тұрып, қазақ тілі
пәнін оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес.
Сонымен қазақ тілін оқытып-үйретуде пәнаралық байланыстың негізінде халқымыздың рухани
мәдениеті мен тыныс-тіршілігінен қажетті мәліметтер бере отырып, қазақтың этнопедагогикасының
танымдық, тәрбиелік және дамытушылық қызметтерінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланған жөн.
Доцент А.Жанәбілова «Пәнаралық байланысқа негізделген проблемалық оқыту технологиясы»
атты мақаласында проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы
дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі дей келіп, өз ойын былай білдіреді: «Пәнаралық
байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың тіл дамытудағы тиімділігі- оқушылар бұл
оқыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерттеушілікпен айналысады. Ойлаумен бірге тілдері де дамиды
[4,80].
Сабақ оқу – тәрбие үрдісінің ең басты, маңызды мәселесі. Жалпы алғанда бір сабақ барысында
оқыту, тәрбиелеу, дамыту үрдістері қатар жүріп жатады. Бұл пәнаралық байланыс негізінде болатын
құбылыс. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, мәселенің шешімін өз бетінше табуға
ұмтылушылыққа тәрбиелеу – оқытушының басты міндеті. Ол талданылатын тақырыпқа сәйкес, соны
ұғынудың алғашқы баспалдағы болатын немесе оның мәнін ашатын материалдарды таңдай отырып,
сабақты жан- жақты мазмұнда түсіндіреді.
Сабақ барысында пәнаралық байланыстарды дамыта отырып, студенттердің ғылыми ой-өрісін
жетілдіруге, мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық жұмыс істеуіне септігін тигізеді;
студенттердің бойында өз біліміне сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезіну сияқты
қасиеттер қалыптасады;
өз бетінше қорытынды жасауды, сөйлеу мәдениетін, ғылыми ақпараттарды білуге үйренеді.
Қорыта айтқанда, пәндерді байланыстыра оқыту студенттердің ғылыми көзқарасының
қалыптасуына, білімді жүйелі түрде алуына, танымдық дәрежесінің нығайып, молаюына көмегін
тигізеді және олардың әрбір қоғамдық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауына көмектеседі.
ХХ ғасыр басында педагог-ғалым Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік
емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» деген ұлағатты сөзі ұлт болашағын ойлайтын әрбір педагогқа
үлкен міндет жүктейді.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Біләлова. А. Шешендік өнер. //Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010, №1.
2.
Байтұрсынов. А. Қай әдіс жақсы // Жаңа мектеп. – 1928, №4.
3.
Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. – Орынбор: Қазмембас, 1924.
4.
Жанәбілова А. Пәнаралық байланысқа негізделген проблемалық оқыту технологиясы.//Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2009,
№ 4.
Достарыңызбен бөлісу: