48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет81/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   295
Байланысты:
3-книга

 
 
 
 
 
 


94
Демеев А.Д., Бисенова Л.Е., Есенов Ш. 
«4.0 УНИВЕРСИТЕТ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК МИССИЯСЫНДА
ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ
 
Аңдатпа. Мақалада «4.0 Университет» рухани-адамгершілік миссиясы: адамзат болашағы үшін 
жауап бере алатын өз заманының шынайы азаматтарын қалыптастыруда география ғылымының 
орнына мән берілген. 
Түйін сөздер: «4.0 Университет», рухани-адамгершілік тәрбие, география, рухани-адамгершілік 
құндылық, Маңғыстау. 
 
«Жаңа технологиялар», «пәнаралық байланыс», «жаңа құзыреттілік», «жобалық көзқарас», «сандық 
экономика», «4.0 Университет» ... Бұл сөздер соңғы кездері жоғары оқу орындарын заманауи 
жағдайларда трансформациялау бағытындағы отырыстарда жиі айтылып келеді.
Ғалымдар мен мамандар, сарапшылар мен ойшылдар алдағы мерзімде әлемнің қалай өзгеретіні 
және жуырда басталатын сандық кезеңге органикалық біріге алатын жоғары білім берудің қалай 
болатыны жөнінде түрлі пікірлер мен ұсыныстар беруде. Алайда, тақырыптың аса күрделі болуына 
байланысты бұл бағыттағы нақты бағдар толық берілмей отыр деуге болады. Қазіргі уақытта, дамыған 
елдерде, соның ішінде Қазақстанда да білім берудің түрлі деңгейлері біріктіріліп келеді: 
университеттер мектептермен бірге жұмыс істей бастады, мектептер қосымша білім беру 
орталықтарымен бірігіп ірекет етуде.
Ал сандық технологиялардың көмегінсіз бірде-бір университеттің өзін озық және дамыған деп 
қарастыруының қисыны келмейді. Соңғы кездері ғылыми танымда және педагогикалық процесте 
пәнаралық байланыс идеясы өте маңызды және білім беруді табысты дамытудың негізгі шарттарының 
бірі болып отыр. Өйткені, оның мақсаты мамандарды қандай да бір бағытта дайындау емес. Осыған 
орай, бүгінгі күні бізге пәнаралық байланыс көзқарасы өте қажет. Қазіргі ЖОО-ры нарыққа кадр 
дайындаумен қатар, нарықты дамытудың нағыз драйвері болуы шарт.
Сонымен болашақ университеттер миссиясы қандай болуы керек? Осы орайда «4.0 
Университетінің» орны қалай болмақ?
Бірінші үлгі («1.0 Университет») – білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын қарапайым 
университет. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет