5 -9 сыныптарына арналған Информатика пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасына талдау
Сабақтың құрылымы — бұл оқу үрдісінде пайда болып, оның нысаналы әрекетін қамтамасыз ететін, сабақ элементтері арасындағы қарым-қатынастың түрлі нұсқаларының жиынтығы.
5 -9 сыныптар үшін оқушылардың логикалық, танымдық және алгоритимдік ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында ақпарат, компьютер, алгоритм және ақпараттық технологиялар дамытушы компьютерлік ойындар мен алгоритм атқарушылары ортасында қарастырылады;
1. Оқушылар алдында оқу мақсатын қою
2. Жаңа білімді баяндау немесе оны игеруге бағытталған оқушылардың өзіндік жұмысы
3. Білімді, біліктілікті және дағдыны тәжірибе жүзінде бекіту
4. Білімді, біліктілікті және дағдыны тәжірибе жүзінде қолдану
5. Оның меңгерілгенін тексеру
Сабақтың негізгі кезеңдері:
1. Ұйымдастырушылық кезең. Оқушылардың сабаққа сырттай
және іштей (психологиялық) дайындығын білдіреді. Әдетте ұйымдастырушылық
кезеңге сәлемдесу, оқушылардың, жабдықтардың, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспағандарды белгілеу, сабақ жоспары мен мақсаттарын хабарлау кіреді.
2. Үй жұмысын тексеру. Қойылған мақсатқа байланысты
әртүрлі әдістермен орындалады.
3. Жаңа материалды оқыту. Мұғалімнің хабарлауы негізінде немесе оқушылардың өздігінен орындауы арқылы өтеді.
4. Жаңа материалды бекіту. Үлгі бойынша жаттығуларды қолдану және ақпаратты жаңғырту тәсілдері арқылы материалдың игерілуін ұйымдастыру. Білімді іздеу және шығармашылықта пайдалану, бұрын алған білімдері мен ептіліктері бойынша құралған проблемалы тапсырмаларды орындау арқылы тәсілдерді меңгеру.
5. Мұғалім және оқушылар жүзеге асырған – оқу әрекетінің нәтижелерін бақылау – білімді тексеру;
6. Үйге тапсырма. Сабақтың осы бөліміне тапсырманың орындалуын, қажет болса, орындау әдістерін түсіндіру.
7. Сабақ қорытындысын шығару. Сабақ аталған элементтердің барлығынан (аралас сабақ) немесе тек кейбіреуінен тұруы мүмкін (белгілі бір дидактикалық тапсырманы орындауға бағытталған арнаулы сабақ).
Достарыңызбен бөлісу: |