Бағалау критерийлері
|
Оқу жетістіктерінің деңгейлері
|
төмен
|
орта
|
жоғары
|
Жай бөлшектерді қысқартуда және жаңа бөлімге келтіруде бөлшектің негізгі қасиетін қолданады
|
Бөлшектерді қысқарту және жаңа бөлімге келтіру барысында, бөлшектің негізгі қасиетін қолдануда қиналады
|
Бөлшектің негізгі қасиетін қолдана отырып, бөлшектерді қысқартады және жаңа бөлімге келтіреді, бірақ есептеу барысында қателеседі
|
Бөлшектің негізгі қасиетін қолдана отырып, бөлшектерді дұрыс қысқартады және жаңа бөлімге келтіреді
|
Дұрыс және бұрыс бөлшектерді анықтайды
|
Дұрыс және бұрыс бөлшектерді анықтауда қиналады
|
Дұрыс бөлшекті және бұрыс бөлшекті анықтауда қателер жібереді
|
Дұрыс және бұрыс бөлшектерді дұрыс анықтайды
|
Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады
|
Бұрыс бөлшектерді аралас сандарға және аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдыру барысында қиналады
|
Есептің шарты бойынша қатынасты дұрыс жазады, бұрыс бөлшектерді аралас сандарға айналдыру және аралас сандарды бұрыс бөлшектерге айналдыру барысында қателеседі
|
Есептің шарты бойынша қатынасты дұрыс жазады, бұрыс бөлшектерді аралас сандарға және аралас сандарды бұрыс бөлшектерге айналдырады
|
Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндейді
|
Бірлік кесіндіні анықтауда және бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндегенде қиналады
|
Бірлік кесіндіні анықтайды, дұрыс бөлшектерді немесе аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеуде қателер жібереді
|
Бірлік кесіндіні анықтайды және жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндейді
|