Біздің жетістіктеріміз бен қиындықтарымыз. (Қорытынды сабақ)
1
Барлығы
11
4-ші сынып оқушыларының пән мұғалімдерімен кездесу кеші Сабақтың мақсаты: 4-ші сынып оқушыларын 5-ші сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен таныстыру
Барысы: Салеметсіңдер ме балалар! Бүгін бізге бізге қонаққа пән мұғалімдері келіп отыр. Біз келесі оқу жылында бастауыштан орта буынға,яғни 5-ші сыныпқа көшеміз. Сол сыныпта бізге осы пән мұғалімдері сабақ береді. Сол себепті сендер таныссын деп бүгін барлық пән мұғалімдерін қонаққа шақырып отырмын. Ол кісілер сендерге өте қызықты мәлімет дайындап келген екен. Қане бәріміз танысу үшін мына столдарымызға отырайық. (Оқушылар мен пән мұғалімдері шеңбер болып бір-біріне қарама-қарсы отырады.) Тағы бір көңіл бөлетін мәселе бір ғана пән мұғалімін емес, сол пәнге қатысты мұғалімдердің бәрін шақырамыз. Шаттық шеңберін құрып болсақ, бір-біріміздің атымызды айтып және атымызға байланысты бір қасиетімізді айтамыз, ал пән мұғалімдері өздері қандай пәннен беретіні туралы және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту үшін жағдай туғызады (Уақыт 2 минуттан). Пән мұғалімдері мен оқушылар танысып болған соң,оқушыларды топ-топқа бөліп отырғызып, әр топтың атын айтқызамыз. Мысалы, спортшылар, әншілер, бишілер, күйшілер, өнерқолдар, суретшілер, т.б. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салады. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып болғаннан кейін сабағымыздың соңында жүректен жүрекке айдарын қолданамыз. Себебі, оқушылар мен пән мұғалімдері бір-бірлерін есте сақтау мақсатында және бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында қолданамыз. Мысалы, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Марпуға апай. Мен сізге денсаулық тілеймін. Ал пән мұғалімі оқушының аты-жөнін әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін есте сақтап, келесі оқу жылында жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында жүргізіледі.
Келесі оқу жылында кездескенше, сау болыңдар!