5 1 Әлемдік шаруашылықТЫҢ жаһандану жағдайында шағын және орта кәсіпкерліктің Қызмет етуінің теориялық аспектілері


Заманауи әлем экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі



бет2/6
Дата04.03.2020
өлшемі158,23 Kb.
#59558
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шағын және орта кәсіпкерлік


Заманауи әлем экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі

Экономикасы дамыған елдерде шағын бизнесті жан-жақты қолдау жүйесі өте жақсы үйлестірілген. Бұл мемлекеттік қаржылық институттар, қаржылық бағдарламаларды қайта өңдеу, екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу, мамандандырылған коммерциялық қаржылық мекемелері: венчурлық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары арқылы шағын бизнестің динамикалық дамуына жағдайлар жасалған.

Нәтижесінде сол елдерде шағын кәсіпорындардың үлесі ішкі жалпы өнім (бұдан әрі – ІЖӨ) құрылымында айтарлықтай үлкен салмаққа ие. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар үлесі, жалпы экономикадағы кәсіпорындардың үлесінің 90%-нан жоғары, Италия, Франция және Австрияда 70%-дан жоғары, ал АҚШ, Ұлыбритания, Бельгияда – 50-70% құрайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-гі үлесі АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Германия және Францияда 50-ден 70%-ға дейінгі аралықта.

Сондықтанда шағын кәсіпкерлікті дамытудың әлемдік тәжірибесін, экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып біздің елімізге де қолдау қажет.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы сәтті нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі АҚШ. АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі орталық мемлекеттік ведомство - шағын бизнес әкімшілігі (бұдан әрі – ШБӘ). Аталмыш ведомство шағын бизнесті дамыту орталықтарының (бұдан әрі – ШБДО) бағдарламасын қоса алғанда, бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады. ШБДО бағдарламасы бизнес жүргізудің барлық аспектілері бойынша кеңес беру қызметтері, тренингтер мен техникалық қолдау көрсету үшін әзірленген.



Қазіргі уақытта ШБДО – бұл шағын бизнес әкімшілігінің, университеттердің, сауда-өнеркәсіптік палаталарының, штаттар мен қалалардың билік орындарын, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ өз қызметімен бүкіл АҚШ аумағын қамтып отырған жекеменшік сектордың күшін біріктіретін қоғамдық ұйымдар желісі [8].

Мoнoпoлизм нaрықтағы еркiн бәсекелестің мүмкіндiгін жoя oтырып, экoномикалық өрлeуге кері әсeрін тигізетіні бeлгілі, яғни кaпитал мен өндірiстiң жиынтығын құрaйтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор – ол әлемдік тәжірибеде кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын және орта бизнес. Жалпы өркeниетті елдeрдiң қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын және орта кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі шағын және орта бизнес халықтың әл – ауқатын aрттырумен қатар, қoсымша жұмыс oрындарының aшылуына да себебін тигізeді. Бұл жағдaйда төмендегі кестeнің көрсеткіштерінeн айқын байқaуға болады (1- кесте).

Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестің өзгерісіне өте сезімтал. Сонымен қатар экoномикадағы бәсекелес сипaтты қoлдай отырып, орта топтың қалыптасуының негізін қалайды. Oсындай әлеуметтік базаны дамытпастан нарықтық реформаларға жoғары бағa беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың әділдігін экономиканың қoлдаушы күші бoлған шaғын және орта бизнесті кең бағытта қолдaған шет елдердің тәжірибесі айғақтайды. Мысалы, АҚШ–та жалпы өнімнің 40% және еңбекке қабілетті халықтың 53% оның үлесіне тиеді. Ірі корпорациялaрға қaрағанда шaғын кәсіпорындaр технолoгиялық жаңалықтарды анaғұрлым көп игереді. Мұндaй кәсіпoрындар тауарлaрды экспoртқа шығаруға мүмкіншіліктері мол. Олардың үлесіне: Германия, Италия, Жапония, сияқты елдерде тауар экспортының 40% жуығы тиселі екен.

Шaғын және oрта бизнес өркениетті елдерде әлеуметтік мәселeлерді шешудің басты күші бола отырып, тұрaқтылықтың кепілінe айналудa. Экoнoмикалық және статистикалық мәліметтер бoйынша шaғын және орта бизнeс субьектілерінің рөлі тіпті дaмыған елдердe артқaны байқалады. Шағын және орта бизнес субьектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Әдетте, шағын және орта бизнестің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:

  • қoғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын бесекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

  • тауар ассoртиментінің кеңeюі, қызмeт көрсетуді жетілдіру, оның сапaсын жoғарлауы;

  • эконoмиканы құрылымдық қaйта құруға ықпaлы;

  • өндіріс пeн қызмет көрсетудің нaқты тұтынушылaрға бeйімделуі;

  • жеке қарaжаттaрдың өндірісті дaмытуға жұмсaлуы;

  • қoсымша жұмыс орындaрының пaйда бoлуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендeуі;

  • адaмның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдaлануы;

  • еңбекке қоғaмның жекелегeн кейбір тoптарын тарту;

  • жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану; мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алуы немесе қолға алуы.

Шағын және орта бизнестің oсындай, бaсқа да эконoмикалық және әлeуметтік функциялaры шaғын және орта бизнесті дaмыту мәселeсін маңызды мемелекеттік міндeттер қaтарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

Нaрықтық экономикaның субьектісі ретіндe шaғын және орта бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері де бaр. Шетeлдік және отандық шағын бизнестің сипaтын зерттей кeле, келесі aртықшылықтарды атап өткен жөн:

  • жергілікті жерде шаруашылықты жүргізу жағдайында тез бейімделу;

  • шағын және орта бизнес субьектілерінің іс-әрекет жасаудағы тәуелсіздігі;

  • шешімдер қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен оперативтік;

  • салыстырмалы түрдегі аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;

  • жеке тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зор мүмкіндіктері, кәсіпкерліктің дамуы;

  • қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез енгізу мүмкіндігі;

  • капитал айналымның жоғары болуы

Халықaралық еңбeк бюрoсының бaяндамaсында шағын және орта кәсіпорындaрдың бірқaтар бәсекeлестік артықшылықтaры атaлған. Бір қызметкeрге шаққaндағы қaжетті қoр мөлшерiнің аз бoлуы, шағын кәсіпорындaр жергілiкті еңбeк және материaлдық ресурcтарды iрі кәсіпорындарға кеңінен қолданады. Тaбысқа жету жoлында жекe ынтаның басым болуы, кәсіпорын жұмысына да үлкен әсeр етеді. Шaғын және ортa бизнeс субьектілeрі жергілікті нарықтағы сұрaнысты өте жaқсы білeді, кей кeзде нақты тұтынушының тапсырысы бойынша тауар шығарады, кәсіпқой мамандарды даярлайды. Кейбір мемлекеттерде тауар өндірісі, қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын және орта бизнес алдыңғы орында тұрады.

Тәжірибе көрсеткендей, шағын және орта кәсіпорындардың сәтсіздікке ұшырауы басқарушылық білімінің төмен болуына байланысты. Жұмыстың сәтсіз аяқталуының басты себептері:

  • біліктіліктің төмeн бoлуы;

  • тәжiрибeнің жoқтығы;

  • кoммерциядa, қаржы мәселесін шешудeгі тәжірибeнің aздығы;

  • бизнескe сaлқын қaрау:

  • кәсiпкер денсaулығының нашaр болуы немесе ерсі әдeт – қылықтары;

  • алaяқтық;

  • тaбиғи апaттар, өрт жәнe тaғы басқaлар.

Сонымен қатар өндірістік және сауда кәсіпорындары дебитoрлық қaрызды өтеудегі қиындықтaрды көрсетeді. Сaуда cаласына жoғарыдa аталғандармен бірге дұрыc oрынның болмaуы және қoйма шаруaшылығын басқaрудaғы қиыншылықтaр жатады.

Қазіргі уақытта шағын және oрта бизнесті жүргізу үшін білім қажет. Кей кезде шағын немесе орта бизнестің басшысы жақсы кoммерсант болғанымен, өндірістік мәселелерде ешқандай тәжірибесі жоқ болады және керісінше жағдай да бoлуы мүмкiн.

Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазастан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Aмерикан экспрecс мәліметтeрi бойынша, бaрлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987 жылы АҚШ – тың 500 ірi кoмпаниялaрындағы жұмыc орындaрының өсу қарқынынa қарағанда, 7 миллиoн шағын фирмалaрдағы жұмыс oрындарының өсу қaрқыны 3 есе көп бoлды.

Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдaсыз болып табылатын салаларда шағын және орта бизнес барлық мүмкін болатын қызметтер мен қoсалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтaмасыз ете oтырып, iрі фирмaлар мен кoмпаниялардың тиімдi жұмыс істеулері үшін қoлайлы жағдайлaр жасaп oтыр. Бұл жердe 50 – ші жылдардан бері, келісім – шарттaр негізіндe, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмaларға тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жұмыспен қамтылған) үлесі олардың жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар санының қосындысының) 53,5 – тен 65,5 % - ке көбейді. Электрoника өнеркәсібiнде бұл үлeс 1981 жылы 85,7 % - ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі қосалқы жұмыстардың құндылық көлемінің үлес cалмағы 90 – шы жылдардың бaсында 80 % - ке жетті.Сондай – ақ құрылыста шағын, орта және ірі фирмалардың әр түрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын және орта құрылыс фирмaлары болсa, құрылыcтық– монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда.

Cпeцификалық функцияларды істей oтырып, ірі және шағын құрылыс фирмалары бірін – бірі толықтыруда деуге болады. Сoндықтан, шағын және ірі құрылыстық кәсіпорындар арaсында тікелей бәсекелестік туралы айту заңсыз. Шағын және орта бизнес ірі бизнеске қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы oрнын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері – бұл ірі бизнес саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар электромонтаж жұмыстарын әлдекайда тиімдірек орындайды.

Шағын және орта бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл – шағын және орта бизнестің динамикалығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауысуы қабілеттілігі, технология саласында сондай –ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттлігі. Соңында, шағын және орта фирмаларындағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.

Шағын және орта бизнестің басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда негізгі қалаушылар яғни құрушылар кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе екі жақ мүдделерінің тоғыспауына келеді, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер – бұл ереже бойынша бір адам.

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын және орта бизнес қайтадан өз мәні мен маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын және орта бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының, табыстар мен өркениеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда [9].

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетеді. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны, өндірілетін тауарларының көлемі, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды орынға ие. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет.

Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:


  • қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуын;

  • ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

  • тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

  • экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

  • өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

  • қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

  • адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

  • еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

  • меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

  • ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

  • жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

  • ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

  • арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады [10].

Шағын кәсіпкерлік әлемдік экономикада маңызды орынға ие. Кейінгі жылдары Батыс Еуропада, АҚШ-та және Жапонияда шағын кәсіпкерлік ел экономикасына айтарлықтай үлес қосты. Бұл мемлекеттер – 20 адамнан артық жұмыс жасамайтын шағын кәсіпкерліктің дамуымен ерекшеленмен ерекшеленіп отыр. Шағын кәсіпкерлік жаңа жұмыс орнының 2/3 өсімін қамтиды, бұл елдердегі жұмыссыздықтың қысқаруына септігін тигізді.

Шағын кәсіпкерлік тек қана тұтынушылық салада ғана тиімді емес, сондай-ақ, өнім өндіруге қажетті салаларды да қамтиды. Батыс Еуропада өнімнің тең жартысын шағын және орта кәсіпкерлік орындары дайындап шығады.

ШБДО кеңес берушілері болып, кәсіпкерлік саласында тәжірибесі мол адамдар, зейнеткерліктегі бизнесмендер, дағдарыс жағдайында – кезінде ірі компанияларда жұмыс істеп қысқартылған мамандар жұмыс істейді.

Консультациялардың өзі виртуалды (телефон, интернет) түрде де, ШБДО кеңсесінде бетпе-бет те, клиенттің өзіне барып та көрсетіледі.

ШБДО коммерциялық емес негізде жұмыс істейді, яғни, қызметтен кіріс табуды және өзін-өзі ақтауын ШБДО қызметі мақсат тұтпайды. Барлық консультациялық қызметтерді қоса алғанда, ШБДО көрсететін қызметтердің басым көпшілігі тегін.

Осылайша, ШБДО қызметінің 30 жылы ішінде АҚШ-тың барлық аймақтарын қамтып отырған ауқымды желіге айналған. Бүгінгі күні ШБДО бағдарламалары өз тиімділігін дәлелдеп жатқан шағын бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің ажырамас құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда біздің еліміздің де барлық өңірлерінде өз кәсіптерін енді бастаған және әрекет етіп тұрған кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу механизміне, бизнес-жоспар құру бойынша және құқықтық сұрақтарға тегін кеңес беретін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО) жұмыс істеуде. Яғни, КҚКО-на келген кәсіпкер «бір терезе» қағидасы бойынша көкейін мазалаған сұрақтарының барлығына жауап ала алады.

Шағын және орта бизнесі дамыған елдердің бірі Германия. Германиядағы Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің кәсіпшілік өндіріс, өнеркәсіп пен өндірістік емес салалардағы, сауда мен қызмет көрсету саласындағы саны 3,3 млн астам. Бұл барлық кәсіпорындардың 99% астамын құрайды. ШОК үлесіне жұмыс орындарының 70% жуығы келеді. Бұлар елдегі барлық жас мамандардың шамамен 80% оқытады, айналым салығының шамамен 45% төлеп, неміс экспортының 30% қамтамасыз етеді.

Германиядағы ШОК-ті мемлекеттік қолдау инвестициялық белсенділікке ықпалдасатын федералды және аймақтық мәндегі 500 астам бағдарламаны қамтиды.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдікпен несие беруге дотациялар несие сомасының 3–10% құрайды. ШОК бәріне ортақ тәртіппен әдетте, 10 жыл мерзімге, алған соманы кез келген уақытта қайтару мүмкіншілігімен, төмен пайыздық мөлшерлемемен жеңілдікпен несиелендіріледі. Несие алуға өтінімдер немістің коммерциялық банктеріне беріледі. Бұл банктер несие берумен айналысып, клиенттермен жұмыс істейді.

Германияда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналған негізгі несиелік және консультациялық бағдарламалар келесі формалар мен құралдардың көмегімен жүзеге асырылады:



  1. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау: мемлекет кепілдігімен 20 жыл мерзімге дейін жеңілдікпен берілетін несие; жылына 5% арнайы несиелер; сарапшылар көрсететін консультациялық қызметтер.

  2. Көрсетілетін қолдаудың аймақтық бағыттылығы: инвестициялық үстемеақылар мен субсидиялар; амортизациялаудың жеңілдігі бар тәртібі; шығыс жерлердің экономикасын қалпына келтірудің мемлекеттік бағдарламалары.

  3. Қоршаған ортаны қорғау саласына салынатын салымдар: экологиялық жобаларды жеңілдікпен несиелендіру; федералды арнаулы бағдарламалар.

  4. Ғылыми-зерттеу жұмыстары, технологиялар мен инновациялық жобалар: технологиялық дамудың федералды бағдарламасы; үлестік қатысудың арнайы қорынан көрсетілетін қолдау; инновациялық әзірлемелерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама.

  5. Экспорттық өнеркәсіп және шетелге салынатын инвестициялар: экспорттау операциялары бойынша төлем төлемеу тәуекеліне кепілдік беру;

  6. экспорттық несиелер беру; саяси тәуекелдерді жабу.

Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған Германияның тәжірибесінен, оның жан-жақты қамтылғандығын байқауға болады. Әсіресе, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауда мемлекет кепілдігімен берілетін несиенің ұзақ мерзімге, яғни 20 жылға дейін берілуі. Біздің елімізде де ШОК субъектілеріне жеңілдікпен несиелер беріледі, бірақ бағдарламалардың басым көпшілігінде несиені қайтару мерзімі небәрі 7 жылды құрайды. Сондықтан шағын бизнесті дамытуға бағдарламалар арқылы бөлінген қаражаттардың игерілмей қалуы осының есебінен болса керек. Екіншіден, шағын және орта бизнеске инвестиция тартуда жеңілдіктердің қарастырылуы. Бұл инвестицияның ШОБ-ке тартылуына өзінің оң ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда елімізде ШОБ-ке сырттан тартылатын қаражаттардың жеткіліксіз болуынан, ішкі көздерден, оның ішінде мемлекет тарапынан қаржы бөлу қажет болып отыр.

Германия тәжірибесінде ШОК қолдаудың тағы бір ерекшелігі қоршаған ортаны қорғауда экологиялық жобаларды жеңілдікпен несиелендіру және экспорттық өнеркәсіпті қолдауда түрлі тәуекелдіктерге мемлекеттің кепілдік беруі.

Кәсіпкерлікті қолдау Франция Үкіметінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Францияның мемлекеттік билік құрылымында кәсіпкерлердің мәселелерімен айналысатын арнайы орган – шағын және орта бизнес, сауда және кәсіпшілік министрлігі бар. Үкімет пен министрлік мамандары шағын және орта кәсіпорындарына өндірісті ынталандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға көмек беретін түрлі бағдарламалар әзірлеумен айналысады.

Францияның шағын бизнесіне ірі компаниялармен орнатылатын берік қарым-қатынас тән. Шағын компаниялардың көпшілігі қосалқы мердігерлер: керек-жарақтарды, техникалық, жөндеу қызметтерін жеткізушілер ретінде ірі компаниялардың айналасында топтасуда.

Франциялық салық заңнамасы шағын кәсіпорындарға жеңілдетілген салық салу режимінің қолданылуын қарастырған. Мысалы, қайта құрылған шағын кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға салынатын салықтан және жерлікті салықтардан 2 жылға босатылады. Кәсіпкерлер табыс салығы мен пайданың инвестицияланатын бөлігіне салынатын салықты төмен мөлшерлемемен төлейді. Өз бизнесін дотациялық аймақтарда ашуға бел буған кәсіпкерлерге жеңілдіктер беріліп, тіпті әлеуметтік қамсыздандыру қорларына төлемдерден босатылады. Шағын инновациялық кәсіпорындар жұмысының алғашқы 2 жылында табысқа салынатын салықтан толығымен босатылып, мұндай салықты жұмысының 6-жылынан бастап, толығымен төлей бастайды.

Кез-келген елде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін алдымен оларға жағдай жасау, оның ішінде қаржылық қолдау көрсету қажет. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей шағын бизнесті өркендетіп, оны дамыту үшін үнемі оған көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсетіп отыру қажет [11].



1.3 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нысандары мен әдістері

Еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі мемлекеттік Бағдарламалары болып табылады, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің: 2003 – 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы индустриалды– инновациялық даму стратегиясы, 2005 – 2007 жылдарға Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тездетілген шаралар бағдарламасы, 2004 – 2006 жылдарға Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы, 2003 – 2015 жылдарға индустриалды – инновациялық даму стратегия шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету және мәселелерді шешу үшін арнайы даму институттары қалыптасты. Олар: Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор және тағы басқа кәсіпкерлікті қолдау нысандары.

Даму институттарының негізгі мақсаты инвестрлеу жолымен кәсіпкерліктерге белсенді қаржы – несиелік қолдау жүргізу және қосымша жоғары құнымен жұмыс атқарып тұрған өнеркәсіптерді дамыту және ғылыми, ғылыми – техникалық зерттеулерді қолдау және перспективті салалардың кешенді анализі негізіндегі өңдеулер, олардың маңызды элементтерін анықтау.

Шағын кәсіпкерліктің қаржы– несиелік және инвестициялық қолдауы коммерциялық банктердің несиелеуі арқылы приоритеті жобаның тендерлік негізде мемлекеттік мақсатты қарыздарды өзіне қарату есебімен жүзеге асырылады , соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры арқылы жеңілдік шарттары.

Сонымен бірге инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларына инвестициялық преференциялар жатады, олар қызметтердің приоритетті түрлеріндегі инвестициялық жобаларды қолдану кезінде инвесторлармен ұсынылады [12].

Шағын және орта бизнес - бұл бюджет қоржынын толықтырушы ғана емес, қосымша жұмыс орындарын ашып, ел экономикасы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта. Сондықтан, мемлекет шағын және орта бизнесті іс жүзінде қолдап отыруға ынталы. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі оның қызметін белгілі шеңберде бақылауды белгілеу және өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасау болмақ. Қазақстан Үкіметі соңғы жылдары шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдауды өзінің басымды міндеттерінің қатарына кіргізді. Өйткені, оларды қолдау-жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жаппай жұмыссыздықты ауыздықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, монополизмді бейтараптандыру, ел экономикасының дамуына, халықтың өмір сүруіне жағдай жасауға, дамыған мемлекеттермен бәсекелесуге мүмкіндігік туғызады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың пайдасы, мемлекетімізге алып келер үлесі орасан зор. Дәл осы кәсіпкерліктің түрлерін дамытпай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын және орта бизнес шешуші фактор. Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6 наурызда қабылдаған «Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары» деген қаулысынан басталды. Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» жарлық шығарды. Міне, жыл сайынғы жолдауында елбасымыз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдерін ұсынып келеді.

Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы бар елдерге де қатысты. Бірнеше жыл бұрын Президент Н.Назарбаев: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» – деген болатын. Бұдан мемелекет әр жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлікке үлкен мүмкіндіктер туғызып отырғандығын байқауға болады.



  • Шағын кәсіпорындардың өмір сүру мерзімінің қысқа болуына әсер етуші факторлар:

  • қаржының жетіспеушілігі;

  • ресурс қорының әлсіздігі;

  • салық қысымдары;

  • қылмыстық құрылымдардың қысымы;

  • әкімшілік кедергілердің көптігі;

  • заң құжаттарының жетілдірілмеуі, тұрақсыздығы және әрекет етпеуі;

  • тауар өткізу нарығының таралуы;

  • монополияның қысымы.

Шағын фирмалардың деңгейінің қаржылық нашарлауына халықтың басым көпшілігінің кедейшілік жағдайға жетіп, төлем қабілетінің құлдырауы тікелей әсер етуде. Осы орайда мемлекеттік қолдаудың бағыттары бойынша бірнеше нақты шараларды іске асыру қажет.

Бірінші шара – шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғайтын салық реформасын жасау керек, атап айтқанда, біріншіден, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан таза фискалдық көзқарасты өзгерту; екіншіден, тиімді инвестициялар тарту үшін салық жеңілдіктерін енгізу. Кәсіпкерлерді мемлекет қылмыстық құрылымдардан қорғауы тиіс. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өздерінің қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік, аймақтық, жергілікті деңгейлерде құрып, өз-өздерін кәсіби жүйе арқылы қорғай алатындай жағдай жасау керек. Мемлекет мұқтаж өнімдерді шығаруға шағын кәсіпкерлік нысандары үшін міндетті түрдегі кіші квота енгізу – тауар өткізу нарығындағы шағын кәсіпорындардың тұрақтылығын нығайта түседі. Сондай-ақ, импортқа квота енгізу де шағын фирмалардың «тынысын кеңейте түспек».

Екінші шара – шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем беретін арнайы қаржылық қорларды құру. Бұл қорлардың шағын кәсіпорындардың қаржылық жағдайы мен «ірге тасына» қарай, тіпті, несие алуға кепілдік бере алатындығы анық.

Үшінші шара – монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекелестік орнату, тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін республика бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін жасау.

Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау мен дамыту – Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық міндеттерінің қатарынан саналады. Соңғы жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде қабылданған заңдар мен бағдарламалардың шоғыры орталық басқару органдарының бұл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2030» стратегиялық еңбегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары ретінде кәсіпкерлікті дамытуды қолдауды атап өткендігі жайдан-жай емес. Кәсіпкерлік  пен бизнесті тиімді қолдау мен жеделдете дамыту міндетін орындау жекелеген тұлғаның, кәсіпорынның ғана емес, тұтас мемлекеттің экономикалық болашағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі [13].

Мемлекет орта және шағын бизнестің қалыптасуына және дамуына үлкен зейінді салып отыр. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және жандандыру мақсаттарында Қазақстан Республикасы Президентімен 1997 жылдың наурызында жарлық шығарылған болатын, ол «Шағын кәсіпкерліктің даму Қоры» АҚ құрылуы үшін негіз болды. «Даму»кәсіпкерлікті дамыту Қоры» - Қазақстан Республикасы Заңнамасымен тыйым салынған қызметтер түрлерін алып тастағанда, сауда, өндіріс, қызметтер және басқалар аясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері шеңберінде қаржыландыру жүзеге асырылатын, бағдарлама. Қордың негізгі функциялары болып табылады:



  • шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға және жасап шығаруға қатысу;

  • жекелеген аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ерекшеліктері мен тауарлар мен қызметтер нарығындағы жағдайлардың тоғысуы, шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарынан өз бетімен шыға келе, заңды тұлғаны құрмай жеке кәсіпкерлікті қоса, шағын кәсіпкерлік субъектілерін мақсатты несиелендіру;

  • шағын кәсіпкерлік аясында және өзін-өзі жұмыспен қамту аясында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;

  • екінші денгейлі банкілерден олармен несиелерді алу үшін шағын кәсіпкерліктің субъектілері пайдасына гарантияларды ұсыну;

  • бизнес-орталықтардың, шағын кәсіпкерліктің инкубаторларын, кеңес беретін, оқу-әдістемелік, лизингтік және шағын кәсіпкерлік сферасындағы басқадай нарықтық инфрақұрылымдардың дамуына жәрдемдесу; Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тәртіпте несиелендіру бағдарламаларына қатысу.

Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау әдістері:

Бизнес-инкубаторлар – бизнеспен бірлесіп жүретін, қызметтер мен кеңселік қызмет көрсету, шаруашылық қызметті жүргізу үшін өндірістік, кеңселік және басқадай үйлерді ұсыну жолымен жаңа ғана жұмыс бастап келе жатқан кәсіпкерлерді қолдауға бағытталатын, ұйымдастырылған шаруашылық кешендердің формаларының бірі (орталықтандырылған бухгалтерия, шағын кәсіпкерліктің адвокатурасы, кәсіпкерлер үшін білікті кадрларды даярлау). Бизнес-инкубаторлар технопарктер құрамында, сол сияқты техноорталықтардың және басқалардың құрамында тәуелсіз құрылымдар ретінде әрекет ете алады. Өнеркәсіптік аймақтар өзімен, көптеген бөлшектенген шағын кәсіпорындардың біртұтас өндірістік аймақта орналасуы мен жұмыс атқаруын көрсетеді («бір шатыр астында»). Өнеркәсіптік аймақтардың негізгі мақсаттары – бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын және отандық тауар өндірісінің дамуын активтендіру, кәсіпкерлерге көмек көрсету және қолдау, әсіресе олардың қызметінің алғашқы кезендерінде. Өнеркәсіптік аймақты ұйымдастыру заңды бизнесті құруға мүмкіндік береді,олардың тұрақты жұмыс атқаруы үшін экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарды құрады.

Өнеркәсіптік аймақтардың міндеттері:


  • әрекет ететін шағын кәсіпкерліктердің санын ұлғайту;

  • тұрғындардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыссыздық денгейін төмендету;

  • бәсекеге қабілетті импортты ауыстырушы өнімді өндіру;

  • өнеркәсіптік аймақтың бүкіл кешені қызметімен және ұйымдастырылуымен байланысты басқа да сұрақтарды шешу, онда орналасқан ШОК;

  • жалға алушыларының табысты жұмыс атқаруы үшін қолайлы жағдайларды құру [14].

Технопарктер – бұл технопарк территориясында орналасып жатқан шағын инновациялық кәсіпорындарды дамыту және құру арқылы жасалып шығырылған технологияларды коммерциялизация үшін осы ЖОМ әлеуетін пайдалану мақсатында ғылыми-зерттеу институттарының базасында немесе негізінен жоғары оқу орындарының базасында құрылатын, құрылымдар. Көбінесе технопарктер ірі университеттік орталықтарда құрылады. Технопарктер мен технополистерді құру мақсаты болып экономикалық, құқықтық және әлеуметтік қатынастарды, өндірістік қызметті жетілдіруге бағытталған, ғылыми зерттелімдердің және жасаулардың нәтижелерін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, елдің инновациялық инфрақұрылымының бөлігі болып табылады.

Технопарктер мен технополистер қызметтерінің міндеттері:



  • отандық және әлемдік ғылыми-техникалық үдерістің алдынғы қатардағы жетістіктерін өндіріске енгізу;

  • жаңа инновациялық өндірістерді құруға жәрдемдесу;

  • инновациялық өндірістерді және ғылыми-техникалық зерттелімдерді инвестициялау;

  • ҒТП жәрдемдесетін, идеяларды жасап шығару және қалыптастыру;

  • инновациялық кәсіпорындарға отандық және шетел инвестицияларын тарту үшін инфрақұрылымды және қолайлы жағдайларды жасау;

  • ғылыми-техникалық кадрларды даярлау және қайта даярлау бағыттарын жылдам қайта бағыттауға жәрдемдесу;

  • ғылыми зерттелімдердің нәтижелерін коммерциялайтын, шағын инновациялық кәсіпорындар мүддесіне қарай құрылатын, инновациялық инфрақұрылымды дамыту және қалыптастыру;

  • ғылыми-зерттемелік, тәжірбиелі-конструкторлық, білім ұйымдары және кәсіпкерлік орта өкілдерінің күштерін біріктіру;

  • экономика, менеджмент, маркетинг сферасында кәсіпкерлерді даярлау және оқыту, олардың кәсіби, құқықтық, экономикалық және басқарушылық білімдерін көтеру;

  • ғылыми және технологиялық ақпаратты тарату;

  • инновациялық кәсіпкерлікті құруда және дамытуда материалды- техникалық көмекті көрсету;

  • инновациялық кәсіпкерлік өкілдеріне маркетингтік, кеңес берушілік, және басқарушылық қызметтерді көрсету;

  • инновациялық өнімге деген мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша тендерлерге қатысу.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін орталықтандырылған бухгалтерия мен заң қызметінің қызметтерін пайдалану, оларды штаттағы қызметкерлер ретінде тартпай-ақ білікті мамандардың көмегін алуға, сондай- ақ уақытты және еңбек шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Құрудың бірінші кезенінде шағын кәсіпкерліктің субъектілері бірқатар проблемалармен қақтығысады: жеке кәсіпкердің куәлігін қалай алу керек, қаңдай салық режимін таңдап алу керек, қаржыландыру сұрақтары бойынша қайда бару керек. Сондықтан осы кезендегі үлкен роль консалтингтік компанияларға итеріледі. Қазіргі уақытта консалтингтік компаниялар келесі бағыттар бойынша ШОК қызметтерін көрсетеді:



  • құқықтық қамтамасыз ету;

  • аудит және бухгалтерия;

  • маркетингтік зерттеулер;

  • бизнес-жоспарлау;

  • салық заңнамасы;

  • кеден рәсімдері және т.б.

Микронесиелендіру – қамтамасыз етілген азаматтардың өзін- өзі жұмыспен қамтуы және кәсіпкерлікті дамытуы үшін жағдайларды құруға бағытталған, несиелендіру формаларының бірі. Микронесиелендірудің соңғы мақсаты болып берілген аймақтағы кедейлік денгейін төмендету табылады. Коммерциялық емес микронесие ұйымы шағын кәсіпкерліктің субъектілері болатын және оларға қаржылық көмекті көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталған, тек қана міндеттерді қамтамасыз ету мақсаттарына ғана құрылады.

Қаражаттарды мақсатқа сай пайдалану бойынша микронесиелендіру бағытталған:



  • төмен табысы бар азаматтардың өзін-өзі қамтуын қамтамасыз ету;

  • кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдайлар құру.

Лизинг – инвестициялық қызметтің түрі, лизинг беруші (лизингтік компания, банк және т.б.) Лизинг алушымен көрсетілген мүлікті сатушыдан өзіне сатып алып лизинг алушыға осы мүлікті ақылы түрде кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша иелікке және пайдалануға Жеңілдікті кәсіпкерлік (franchise operation) — бұл кәсіпорын-оператор (franchisee) және франчайзер (franchisor)арасындағы келісімшарттық қарым-қатынастар, оның шекарасында франчайзер ноу-хау және оқыту сияқты кәсіпорынның жұмыс атқару аясын қолдауға міндеттеледі немесе ұсынады; бұл ретте франчайзер, ол және оларды қадағалайды, иегері болып табылатын, технологияны және жалпы сауда маркасын пайдалана отырып, оператор істі жүргізеді [15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет